Өнер өрісіндегі өнеге немесе Қали Сәрсенбай шығармашылығы туралы



Дата24.05.2023
өлшемі24,23 Kb.
#96818
Байланысты:
Қали Сәрсенбай


Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
Филология факультеті

ҚАЛИ СӘРСЕНБАЙ
ПУБЛИЦИСТИКАСЫ

Серікқалиева Шуақ ФЖ-101


Өнер өрісіндегі өнеге немесе Қали Сәрсенбай шығармашылығы туралы



Қали Қошқарұлы Сәрсенбай - 1959 жылы 22-наурызда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында дүниеге келген. 1976 жылы орта мектептi бiтiрiп, осы жылы ҚазҰУ-дiң журналистика факультетiне оқуға түсiп, оны 1981 жылы журналист мамандығы бойынша бiтiрiп шықты.
Еңбек жолын «Лениншiл жас» газетiнде (қазiргi «Жас Алаш») корректор болып бастап, осы басылымда 1987 жылға дейiн тiлшi, аға тiлшi болып iстедi. 1987-1988 жылға дейiн «Өркен – Горизонт» газетiнде жауапты хатшы, 1988 жылдан «Жетiсу» газетiнде жауапты хатшының орынбасары болды. 1990-1995 жылдар аралығында «Егемен Қазақстанда» тiлшi, аға тiлшi, бөлiм бастығы қызметiн атқарды. 1995-1997 жылдары «Парасат» журналы Бас редакторының орынбасары. 1997-2005 жылға дейiн «Жас Алаш» газетi Бас редакторының бiрiншi орынбасары болып еңбек еттi.
2005 жылдың 23-ақпанынан бастап «Алматы ақшамы» газетiнiң Бас редакторы.
2021 жылдың 1-ақпанынан бастап “Ана тілі” газетінің бас редакторы.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президент сыйлығының лауреаты, Алматы қалалық Мәслихатының депутаты, «Құрмет» (2006ж., 8 желтоқсан), «Парасат» (2018ж., желтоқсан) ордендерiнiң иегерi, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясы XV және XVI съездерінің делегаты, «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVIІ съезінің қатысушысы, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты, Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
«Өнер-өмiр», «Сендердi сағынғанда», «Тұлға-тағдыр», «Шал мен шындық», «Абыз-аңыз», «Шер-шындық» атты кiтаптардың авторы. Екi ұл, екi қызы бар. Жұбайы Таңсұлу Мирманова халықаралық «Түркiстан» газетiнде қызмет iстейдi.
Қали Сәрсенбай шығармашылығына үңілгенде бірден көңіл аудартатын нәрсе, ол – махаббат, сүйіспеншілік, адамсүйгіштік. Яғни Қали жаны, ары таза, шынайы суреткер. Ол жақсыны бірден таниды, жақсыға жаны үйір. Жамандыққа жаны қас, одан өзін аулақ ұстайды. Қалекеңнің тағы бір өзгеге ұқсамайтын ерекше қасиеті, ол – «бейстандарттық», қазақы тілмен айтқанда, қалыптан айну, тура жолдан тайқу, асфальт жолдан шығып, қара жолмен тарту немесе жүрдек жолдан кедір-бұдыры көп жайдақ жолға ауысу. Бұл қалай сонда, донкихоттық па, жоқ әлде оның басқаша түсінігі бар ма? Біздіңше, оның сыры басқада. Қалыпты жағдайда, тура жолмен тарта берген адам межеге белгіленген уақытта жетуі мүмкін және өзінің адами-рухани құндылықтарын үнемді пайдалануы ықтимал. Бірақ қанша дегенмен, «тура жол» тура іске, қажетті нәтижеге бастау болса да, тосын дүниеге, жаңалыққа, қисынсыз дүниеге қол жеткізе алмайды. Себебі бұл үзіліссіз, бірқалыпты құбылыс. Ал ерекше талант иелерінің ісі – үзілісті, аумалы-төкпелі құбылыс, қисынға келе бермейді. Міне, осындай шығармашыл тұлғалардан өзгеше, жаңашыл дүние күтуге болады. Біз Қалиды осындай тұлғалар қатарына жатқызамыз.
Қали Сәрсенбайдың шығармашылық мінезінің ерекшеліктері туралы айтқан пікірлеріміздің дұрыстығын дәлелдеу үшін еңбектеріне жүгініп көрейік. Біріншісі, Президент сыйлығын алған «Өнер – өмір» атты кітабындағы «Сол ән» деген әңгімесінің мазмұнына үңіліп көрейік. Негізінен ол Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әніне арналған. Бұл ән «Сонау бір жылдары әр жерде аса қауіпті топ Қазақстанның солтүстігіне көз алартып, арам ниеттерін астыртын жүзеге асырғысы келіп аласұрып жатқанда туып еді» дейді автор. Одан әрі, «1986 жылдың желтоқсанындағы ызғардың бетін осы ән қайтарып еді, қайсыбір жылы «Ертөстік» балалар хоры шетелде болғанда, өңшең қарадомалақ сол әнді бозторғайдай шырылдап айтқанда, тіпті шетелдіктер жылап тұрды деседі». «Жырақта жүрген мыңдаған қазақ атажұртты аңсағанда, бір үйге жиналып алып, сол әнді айтады деседі». «Күні кеше Тәжікстаннан қайтқан сарбаздар туған елге сол әнді айтып қайтты». «Иранда өмірі өткен қазақтың бір етікші шалы жұмысын сол әнмен бастап, сол әнмен аяқтап, сақалынан жас сорғалайды деседі». Мінеки, көріп тұрсыздар, қаламгердің Шәмші Қалдаяқовтың бір әніне қатысты көзқарасы қандай екенін. Ән құдіретін, оны тудырған Шәмші құдіретін айғақтай отырып, ұлылыққа, өнер құдіретіне асқан сүйіспеншілікпен бас иеді. Жаны жайсаң жанның жүрегін жарып шыққан шырақты да сәулелі ой ұшқынынан туған оның парасатты да пайымды сөз мақамы шындық шыңына көтеріліп, айтулы әніміз тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің Әнұранына айналды. Бұл дегеніңіз көрегендік емес пе? Тағы бір «Сіз қандай ұрысыз» атты әңгімеге үңіліп көрейікші. Әр сала мамандары жиналған бір жиында облыс әкімі: – Вы все воры и жулики, – деп қатты кетеді. Сонда бір қария орнынан тұрып: – Қарағым, сен бізді біреумен шатастырып тұрған шығарсың, біз мұғалімдерміз, – депті. Сонда әлгі басшының тым асқақтап кеткені соншалықты, кім шақырылғанын да білмегені ғой. Иә, өзі ұры адамның өзге туралы да солай ойлауы заңдылық, әрине. Сол елде Жақып деген баукеспе ұры болған екен. Оны ел соншама жақсы көріпті. Себебі ел арып-ашып қиналған кезде ол елді асырапты. Мұндай жақсылық еш уақытта ұмытылмақ емес. Кейінгі жылдары мал ұрлығы көбейген тұста ел Жақыпқа жүгінетін болыпты. Ол ұрыны жазбай таниды. Ол жақындағаннан-ақ ұрылар «көке-жәке» деп аяғына жығыла береді. «Ұрыда ұлт болмайды» деген сөз бар. Сонда ұлтқа пайдасы тиіп отырған Жақыптың ұлты кім? Иә, Жақып ұлтжанды, ұлтшыл ұры. Қазір бізде шетелдік фирмалар қаптап жұмыс істеп жатыр. Солар тапқан-таянғанын еліне тасиды. Бұлар Жақып сияқты текті ұры. Ал біздің жоғарыдағы шенеунік ұрылар халық қазынасынан жымқырғандарын шетке жөнелтуде, яғни тексіз ұрылар. Сонымен, мұндай өз анасын, ұлтын ұрлап-тонағандарда ұлт бола ма? Жоқ, әрине. Осы бір мысалды бастан-аяқ келтіргенде, Қалекеңнің ерекше, ешкімге ұқсамайтын қабілетін көрсеткіміз келді. Не деген тереңдік, парасат-пайымдылық! Мұндай теңеулер таптырмайды ғой. Осы бір кішкентай мысалдан-ақ кімнің кім екендігі көрініп тұрған жоқ па? Жазғыштық сұлу сөзділікте ғана емес, негізі, мазмұн сұлулығында болса керек

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет