Философия кафедрасы Ont 1405 «Онтология»


Семинар №1. Философия, оның пәні мен қоғамдық өмірдегі ролі



бет2/12
Дата20.02.2023
өлшемі48,42 Kb.
#69366
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
1111 ОНТОЛОГИЯ СЕМИНАР Документ Microsoft Office Word

Семинар1. Философия, оның пәні мен қоғамдық өмірдегі ролі

1. Көзқарас, оның қоғамдық-тарихи сипаты.


2. Мифологиялық және діни көзқарас философияның алғышарты.
3. Философиялық көзқарастың мәні. Философияның пәні.
4. Материализм мен идеализм – онтологиядағы басты бағыттар



Әдістемелік ұсыныстар

Философияның пәні мен қызметі, оның қоғамдағы рөлін, филосфияның негізгі мәселесі, материализм және идеализм – философияның негізгі бағыттары екендігін және Философияның мағынасы және тарихы жөнінде түсініктер беріңіз.


Дүниеге көзқарас ұғымы. Дүниеге көзқарастың тарихи типтері: миф, дін, философия; олардың ерекшеліктері неде екендігіне тоқталып, мифологиялық және діни көзқарас, философияның алғышарты қандай екендігін түсіндіріңіз.
Философия, мәдениет пен ғылым әлеміндегі қызметіне, философия, саясат, қазіргі заманға тоқталып өтіп, оларға жеке-жеке талдаулар жасаңыз.


Әдебиет:

  1. Мырзалы С. Қ. Философия. Алматы, 2014.

  2. Нұрышева Г.Ж. Философия. Алматы, 2013.

  3. Ғабитов Т.Х. және басқалары. Философия. Алматы, 2004.

  4. Қасабек А. Тарихи-философиялық таным. Алматы, 2002.

  5. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2004.

  6. Алтаев Ж., Қасабек А., Мұқамбетәлі Қ. Философия тарихы. – Алматы, 2000.



Семнар 2. Ежелгі Шығыстағы онтологиялық мәселелердің қойылуы


1.Көне Мысыр мифологиясындағы космогенез
2.Көне Үндінің философиясындағы онтология
3.Байырғы Қытай философиясындағы дао туралы толғаныстар
Әдістемелік ұсыныстар
Ведаларда әлемнің жаратылуы, құдайлардың әрекеттері туралы нақты мәселелер де қозғалатынгдығын, сонымен қатар вайшешика болу мен болмаудың логикалық жүйесінің жіктелуін, көне Үндіде джайнизм мен буддизм діндеріндегі онтологиялық сипаттың берілуін түсіндіріп беріңіз. Индуизмде әлемді жаратушы Брахма құдай мен қатар, әлемді сақтаушы, адамдардың қамқоршысы, оларға шындықты жариялап, қауіп-қатерден қорғайтын, әлемді сақтаушы құдай – Вишну және әлемді қиратып қайта жасаушы, кейде жағымсы мәндегі құдай – Шива құдай екендігін сараптаңыз.
Үнді философиясындағы онтологияның жалпы ерекшелігі – Бейболмыстық-болмыстық болып табылатындығын, Бейболмыстың әртарапты айқындалуын туғызуға ұмтылатын трансценденциялық сипатта болатыдығын, Даосизм трансценденциясының мәнін ұғындыруға қатысатын әдіснама, демек, бұл жерде Бейболмыс қатынаспаса даоны түйсіну қиындай түсетіндігін ұғындырыңыз.
«Барлық жерде өмір сүретін, еш жерде өмір сүрмейтін» парадоксы арқылы Қытайлық парадоксальді логиканың жобасын беретін дүниетаным болып шығатындығын, дао өзге дүниелік болуы мүмкін т.б. қасиеттерге ие екендігін талдаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет