Философия кафедрасы Ont 1405 «Онтология»



бет4/12
Дата20.02.2023
өлшемі48,42 Kb.
#69366
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
1111 ОНТОЛОГИЯ СЕМИНАР Документ Microsoft Office Word

Әдістемелік ұсыныстар


Батыс Еуропадағы Орта ғасыр философиясының жалпылама сипатын, номинализм мен реализм бағыттарын, Шығыс Ренессансының философиясы. Әл-Кинди, әл-Фараби, Ибн-Сина (Авицена), Ибн-Рушд (Аверроэс) т.б. ойшылдардың діни онтологиясын түсіндіріп беріңіз.
Орта ғасыр философиясы теологиялық өрісте дамығанына ерекше көңіл аударыңыз. Апологетика, патристика, схоластика, догматизм бағыттарындағы онтологияны салыстырыңыз. Әлемді құдай жаратқандығы туралы креационизмнің онтологиялық мағынасын сипаттаңыз.
Араб философиясында антикалық мұра (перипатетизм) кең пайдаланылып, нақты ғылымдырдың дамуына аса зор ықпалын тигізіп, Батысеуропалық философияның жаңаша дамуына жол ашқандығын дәйектеңіз.


Әдебитеттер тізімі

  1. Әлемдік философиялық мұра. 1-20 тт. 2-5 Алматы. Мектеп, 2005-2007.

  2. Есім Ғ. Фәлсәфа тарихы. Алматы. Раритет, 2004.

  3. Ибн-Сина. Избранные философские произведения. М.:1980.

  4. Майоров Г. Г. Формирование средневековой фиилософии. М.: 1979.

  5. Мәдени-философиялық, энциклопедиялық сөздік.

  6. Т.Х.Ғабитов, А.Т. Құлсариева. Алматы. Раритет 2004.

  7. Мырзалы С. Қ. Философия. Алматы, 2014.

  8. Нұрышева Г.Ж. Философия. Алматы, 2013.



Семинар №5. Қайта өрлеу дәуірі мен Жаңа замандағы әлемнің бейнесі

  1. Қайта өрлеу дәуріндегі адам болмысы

  2. Қайта өрлеу дәуіріндегі гелиоцентризм мен субстанционализм.

  3. ХҮІІІ ғасырдағы ағартушылық философия және ондағы адам мәселесі.



Әдістемелік ұсыныстар

Қайта өрлеу дәуірінің өзіндік белгілері, олардың философиялық ойларындағы онтологиялық мәселелердің бейнеленуін игеріңіз. Қайта өрлеу философиясының антропоцентризм, гуманизм, Пантеизм бағыттарындағы онтологиялық мәселелердің қозғалуына сараптама жасаңыз.


ХVІІ-ХVІІІ ғасыр философиясындағы ( Ф. Бэкон, Р. Декарт, Т. Гобс, Б. Спиноза, Дж. Локк, Г. Лейбниц) дискреттік онтологияны түсіндіріп беріңіз. ХVІІІ ғ. ағартушылық кезең философиясындағы (Ж. Ламерти, Д. Дидро, К. А. Гельвеций, П. Гольбах, Вольтер) әлеуметтік болмыс хақындағы түсініктерді талдаңыз.
Ренессанс философиясының маңызын түсіндіріңіз, негізгі философиялық, ғылыми және әлеуметтік идеяларын талдау жасаңыз. Тақырыпты игеру барысында мына мәселелерге назар аудару қажет: Қайта өркендеу философиясының ерекшеліктері мен айырмашылықтарындағы онтологиялық мәселелерді Орта ғасыр философиясымен салыстыра отырып талдау. Ренессанс және адамның асқақтатылуы. Адам – өзін-өзі жасаушы және әлемді игеруші.


Әдебиет:

  1. Мырзалы С. Қ. Философия. Алматы, 2014.

  2. Нұрышева Г.Ж. Философия. Алматы, 2013.

  3. Гайденко П.П. Эволюция понятие науки (ХVІІ-ХVІІІ вв.) М.: 1987.

  4. Зайченко Г.А. Джон Локк. М.: 1973.

  5. Нарский И. С. Готфрид Лейбниц. М.: 1973.

  6. Соколов В.В. Спиноза М.:1977.

  7. Соколов В. В. Европейская философия ХV-ХVІІ в. – М.: 2003.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет