Семинар №6. Немістің классикалық философиясындағы әлемді түсінудің рационалдық көрінісі.
1.И. Кант философиясы: бірінші және екінші кезеңдегі онтологиясы
2. Г.Ф. Гегельдің «Рух феноменологиясы», «Логика ғылымы» еңбектеріндегі болмыс пен бейболмыс мәселесі
3.И. Г. Фихте, В. Ф. Шеллинг, Л. Фейербахтың онтологиялық мәселелерді толғануы
Әдістемелік ұсыныстар
Негізгі назарды мына мәселелерге аудару керек: немістің классикалық философиясы И. Кант, И. Г. Фихте, В. Ф. Шеллинг, Г. В. Гегель аттарымен белгілі. Олардың әрқайсысы өзіндік ерекшелігі бар ойшыл ретінде танымал. Сонымен қатар, ілімдердің әрқилығына қарамастан, олар белгілі бір идея мен нақты принципті ұстанған
Гегель нақтылықты (немесе бүтін болмысты) түсiнуде, идеяның мәні ретіндегi - әлемдік ақыл-ойды, Логосты, Рухты, Сананы, Субъектіні ─ Абсолют деп атады (барша дүниенің, бүкіл болмыстың пәрменді бастамасы, жаратушысы). Абсолюттің маңызды қасиеті - шығармашылығы, белсенділігі, дамуы және күшеюін түсіндіріңіз. Ол өзінің дамуында әртүрлі сатыдан өтеді, өзінің өмір сүру формасында әртүрлі көріністе болады. Сонымен бірге өзінің жоғарғы мақсаты ─ өзін-өзі тануға ұмтылатындығын байыптаңыз. Гегельдің бейболмыс пен болмыс диалектикасы туралы пайымдауларын талдаңыз.
Әдебиет: Мырзалы С. Қ. Философия. Алматы, 2014.
Нұрышева Г.Ж. Философия. Алматы, 2013.
Гайденко П.П. Эволюция понятие науки (ХVІІ-ХVІІІ вв.) М.: 1987.
Зайченко Г.А. Джон Локк. М.: 1973.
Нарский И. С. Готфрид Лейбниц. М.: 1973.
Соколов В.В. Спиноза М.:1977.
Соколов В. В. Европейская философия ХV-ХVІІ в. – М.: 2003.
Семинар №7 ХІХ-ХХ ғ.ғ. философиясындағы әлем, адам, қоғам болмысы туралы пайымдаулар
Өмір философиясы: А. Шопенгауэр, Ф. Ницше.
Философиялық антропологиядағы адам болмысы
М. Хайдеггердің іргелі онтологиясы мен Ж.П. Сартрдың онтологиясы