МОӨЖ орындауға ұсынылатын тапсырмалар:
Ғылым тарихы мен философиясының дамуының әлеуметтік мәнін көрсетіңіз
Техника және ғылым философиясының қалыптасуын талдаңыз
Жаңаша білім берудің концептуалды негіздерін дәлелдеңіз
Ғылыми танымның логикалық және теориялық сипатын көрсетіңіз
Ғылыми танымның методологиялық проблемаларын нақтылаңыз
Ғылым философиясы әлеуметтік институт ретінде сипаттаңыз
Ғылым –қоғамның құрамдас бөлігі ретінде сараптаңыз
Ғылыми танымның теориялық сипатын дәлелдеңіз
Ғылым мен діннің арақатнасын талдаңыз
Ғылымның қазіргі кезеңдегі даму ерекшеліктерін айқындаңз
Қазіргі ғылымның негізгі сипаттарын түсіндіріңіз
Ғылымның құрылымының әлеуметтік критерийлерін қарастырыңыз
Ғылым философиясыныңбасқа ғылымдармен байланысын көрсетіңіз.
Ақпараттық қоғам деген не? Қазақстанда ақпараттық қоғам бар ма?, түсіндіріңіз
Эмприкалық зерттеудң ғылыми әдісі қандай зерделеңіз
МӨЖ түрі – эссе. Эссе французша essai – «талпыныс», «сынақ», «очерк», латынша exagium «өлшеу» сөздеріне шыққан. Эссе – әдеби жанр, шағын көлемді, еркін жазылған шығарма, онда автордың нақты себеп немесе зат бойынша жеке ойлары баяндалады. Эссені әдетте ғылыми мақала мен философиялық трактаттың арасындағы туынды деп анықтайды. Әрине, сіздерден дәл осындай салмақты, терең мазмұнды еңбек талап етілмейді, бірақ эссе жазып үйрену, философ ретінде қалыптасу сатысы деуге болады. Студент оқытушы ұсынған сұрақтар бойынша әдебиетті зерттеп, сұрақтың мазмұнымен танысады және сұрақтың өзіндік түсінігін шығармашылық түрде баяндайды. Эссенің көлемі компьютерлік теріліммен үш беттен аспауы тиіс. 4,7,9,14-апталардың соңында оқытушыға, тексеру үшін тапсырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |