І кезеңде болашақ педагогтар өз бетінше сабақ жоспарын құруды үйренеді:
-сабақтың технологиялық картасын құру;
-оқушы мен мұғалімдер әрекетін бөліп көрсету.
ІІ кезеңде өзінің жеке авторлық сабақ жоспарын құруды-сабақтың технологиялық бағдарламасын жасайды:
-сабақтың мақсат-міндеттерін, формасын, таңдалған әдіс-тәсілдерін, алынған технологияны ғылыми тұрғыда негіздеу;
ІІІ кезең Микросабақ беру (студенттік дәрісханада сабақ өту)
ІҮ кезең Микросабақты талдау педагогикалық технологияға қажетті түзетулерді енгізу. Микросабақ барысында мұғалімнің іс-әрекетіне талдау жасау, болашақ мұғалімнің кәсіби біліктілік дәрежесіне баға беру.
Осыған орай педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдана алатын болашақ мұғалімдерді даярлау-оларды педагогтің жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік білім
Білім мазмұны-оқыту мақсаты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Педагогикалық технологиясы
Педагогикалық технология
мазмұны
Нәтиже білім сапасы
10-дәріс. Нысаналы оқыту технологиясы
Бүгінгі күні еліміздің білім беру саласында ірі өзгерістер дүниеге келіп, білім берудін дүниежүзілік жаңа сатысына көтерілу кезеңінде түрлі-түрлі реформалар жасалуда.
Оқыту формасы бұрынгы білім беруді ғана нсгіз еткен дәстүрлі оқыту форма-сынан жекс тұлғаны қалыптастыру формасындағы сапалы оқыту жүйесіне өзгерді. Оқыту барысы зерттеп үйрену іс-әрекетін басты форма ете отырып.
Іс-әрекет барысында өзін-өзі басқару мен өзара әсерлесіп үйренуді іске асыру ерекшелігіне ие болды. Мұғалім оқыту мақсатына жету үшін оқулықты жете түсіну негізінде оқыту іс-әрекетін мұқият жоспарлауға көшті және окушыларды зерттеп үйренуге ұйымдастырудың алуан түрлі әдістерін колдануда.
Бірақ, барлық мұғалімде ортақ оқыту технологиясы болмағандықтан оқытуда біркелкілік сақталмай отырғаны жасырын емес ұл оқушылардың білім алу сапасына ықпал етпей коймайтыны сөзеіз.
Сондықтан қазіргі сыныптық оқытуға үйлесетін, оқушыларды зерттеп үйренуге ұйымдастыруға икенді. Нысаналы оқыту технологнясын пайдалану қажет деп санаймын әрі мұғалімдердің пайдаланып көруін ұсынамын.
Нысаналы оқыту технологиясы бүгінгі күнде дүние жүзі бойынша тәлім-тәрбне саласында орасан зор ықпал көрсетіп отырған технологиялардың бірі.
Қазірде бұны АҚШ, Жапон, Қытай сынды көптеген дамыған елдер өздерінің білім беру саласында кеніне қолданады. Нысаналы оқыту технологиясы АҚШ педагогы және психологы Блумның "Тәлім-тәрбие нысанасын түрге бөлу" теориясы мен "игеріп оқу" теориясы; негізінде қортындыланып жасалған.
Анығырақ айтқанда Нысаналы оқыту дегеніміз окыту мазмұның нысаналандыру, жүйелндіру, ғылымиландыру және оны игерудің әдіс-тәсілдерін жүзеге асыру, сол аркылы окыту сапасын жан-жақты көтеру мақсатына жету деген сөз.
Нысаналы оқытуды теориялық жақтан түсіну үшін Блумның "Тәлім-тәрбие нысанасын түрге бөлу" теориясы мея "Игеріп оқу" теориясына қыскаша тоқтала кеткен жөн.
I. "Тәлім-тәрбие нысанасын түрге бөлу" теориясы Адам өмірінде істелуге тиісті әрқандай бір жұмыс ол үлкен болмасын, кіші болмасын қандай да бір нысынаға жетуді көздейтіні ақиқат. Дәл сол секілді окыту Жұмысы да белгілі оқьіту нысанасына жетуді мақсат ететіні шындық, екінші сөзбен айтқанда, оқыту жұмысы өзі тәрбиелеп отырған оқушының болашақта қан-дай жетістікке жетуін, қандай адам болу керектігін алдың-ала анықтап алуы қажет. Осы тұрғыдан келіп оқыту нысанасын Блум: таным саласындағы нысана, сана-сезім саласындағы нысана және әрекет шеберлігі (қабілет) саласындағы нысана деп үш салаға бөледі.
Таным саласындағы нысана дегеніміз оқушының үйренген білімін есте сақтау және қайталай тану барысындағы ақыл-парасат пен қабілеттің калыптасу нысанасын, яғни, білім алу мен қабілетті дамыту жағындағы нысананы көрсетеді.
Сана-сезім саласындағы нысана қызығушылык, мінез, кұндылық көзқарасі, сондайақ бейімділік қабіті жағындағы нысананы, яғни ақыл-парасатқа жатпайтын факторлар жағындағы нысананы көрсетеді іс-әрекет шеберлігі саласындағы нысана дегеніміз - меңгеру және әрекет шеберлігі жағындағы нысананы көрсетеді.
Блумның еңбегі оның оқыту нысанасын белгілі өлшем бойынша тәртіпті түрде жүйелеп айқындық пен жүйелілік қалыптастыруынан көрінеді, Ол бұны АҚШ-тың тәлім-тәрбие ісіне мұқият зерттеу жүргізу аркылы қол жеткізді әрі бұл еңбегі Блумның әлемдегі атағын да асқтата түсті.
Бұрын жұрт бір адамның үйрену жағдайын тексергенде оның тек алған біліміне ғана назар аударатын, ал Блумның таным саласындагы нысанасы бес жақты үсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) қамтиды, яғни, оқушылардың әр түрлі қабілеттерін жетілдіру .нысанасын алға кояды. Бұл, бұрынғы көзқараска өте ылғары көзкарас екені. айкын.
Сондықтан қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінің білім беру саласы осы көзқарасты ұстанып, оқушылардың қабілетін жан-жақты тәрбиеледі дәріптеп келеді. Білім теориясы оқушыны бағалаудың ортақ мойындалған өлшемін де ортаға қояды.
Бұл шем мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасу қызметі мен бағалау кызметін де алға бастырады.
Сөйтіп, бағалаудың айқын нысанасы орнатылды. Блумның таным саласындағы оқыту нысанасы бүгінгі күні көптеген елде оқытуды бағалау мен оқулық жасаудың негізгі іргетасына айналды.
ІІ "Игеріп оқу" теорясы "Игеріп оку" теориясы дегеніміз сыныптық окыту кезінде үздіксіз кері байланысқа шығу және дер кезінде түзету жасау, оқушыларға қажетті үйрену уақытын беру және көмектер көрсетіп отыру, сол арқылы көп санды оқушылардың оқулық нысанасы белгіле-ген өлшемге жету түрасындағы теория.
Бұл өз ішіне екі мазмұнды қамтиды:
(1) оқыту мен оқуда үміткерлік сезімін туғызу.
(2) оқытуды өнімді түрде дербестендіріп, көп санды оқушылардың жақсы үйренуіне көмектесу.
"Игеріп оқу" теориясы өте өнімді оқыту тәсілі саналады, оның ең өзекті мәселесі - көп санды оқушылардың айтарлықтай үйрету нәтижесіне жете алмауы олардың ақыл-парасат жағындағы кеніст-ігінен емес, қайта, өз ерекшсліктеріне сай келетін үйрену уакыты мен оқыту көмегінің жетіспеуінен болады, егер мектеп оларды лайықты үйрету шартжағдайымен қамтамасыз етее болғаны, басым көпсанды оқушылар оқытқан нәрселерді игере алады, оқытудың міндеті - тек қана оқушыларға оқыған пәнін игеруге қажетті материалдармен қамтамасыз ету деп қарайды.
"Игеріп оку" теориясының іс жүзіндік манызын мынадай бірнеше жактардан көруге болады:
1. Мұғалімнің оқушы үйретуіндегі көмекші күшін сезінуіне мүмкіндік береді. Әрбір оқушыны жақсы оқи алатындығына сендіреді, мұғалімде оқыту үміті, оқушыда оқу сенімі болады.
2. "Игеріп оқудың" сәтті болу-болмауы оның "кері байланыс пен толықтыру" барыстарының сәтті орындалу-орындалмауына байланысты. Блум: дәстүрлі сыныптык оқытудағы ең басты қайшылық - біртұтас оқыту мен жеке қажеттілік арасындағы қайшылық, бұл қайшылық кей оқушылардың үйрену қызьғушылығын жояды, ал дербес оқытудағы "дер кезінде кері байланыс орнату, толыктыру, үйренуді дұрыс жолға салуды" сыныптағы оқытуға шеберлікпен колданса, қызықты оқыту ортасы калыптасып, біліміне карай оқыту, барлық окушыны негізге алу сынды көзқарасты іске асырып, оқыту сапасын жан-жақты көтеруге жол ашады деп санайды..
3. "Игеріп оқу" - "Тәлім-тәрбие нысанасын түрге бөлу" теориясы анықтаған окыту нысанасына сан жүргізіледі. Бұл мұғалімнің оқытудағы сұрақ қою, түсіндіру, жаттығу орындату, тексеру жүргізу барысындағы білім мен біліктік қатынасын толық меңгеруге, қателіктерден сақтануға немесе түзетуге, оқушылардың ұқсамаған сатыдағы үйрену өресіне жетуіне пайдасын тигізеді.
4. Оқытуды бағалауды тек оқушыларға балдық жүйе бойынша баға беру ғана емес, қайта олардың үйрену белеенділігін жоғарылату қүралына айналдырады.
Бұндай тексеру қалыптаса келе оқушыларға кысым түсіру емес, кайта, табысқа жетудің шаттыгын сыйлайды.
5. "Игеріп оқу" теориясы окушылардың үйрену барысындағы жүрексіну психикасын жоюға назар аударады, әсіресе оқуда нашар окушылардың талпыныспен жеткен табыстарының дәмін татуға көмектесуге ерекше мән береді.
Нысаналы оқыту барысы
1. Байқап көру және толыктау барысы-"Байқап көру" дегеніміз оқушылардың жаңа білімді үйренуге қажетті даярлық білімін тексеріп көру деген сөз. "Толықтау дегеніміз "байқап көру незгізінде анықталған кеншіліктерді түрлі формалармен (оқулықты оқыту, өзара пікір алмасу, түсінік беру) толықтыру барысын керсетеді.
Оқыту мазмұны жалғастылыққа ие болатыны белгілі. Жаңа білімді үйрену окып кеткен білім негізінде, окушының тырысып үйренуі арқылы орыңдалады, басқашада айтқанда, белгілі бір жаңа білімді игеру үшін, сөзеіз даярлық шарты болуға тиісті.
Блумның көзкарасы бойынша окушының игерген білімі оның жаңа үйренуіне 50% тік ықпал жасайды. Міне бұл оқушының үйрену нысанасына жету-жетпеуі оның алған біліміне байланысты екенін көрсетеді.
Нысананы көрсетіп түсінік қалыптастыру-Нысаналы оқытудың ең басты ерекшелігі оқыту нысанасын белгілеп, оны окыту мазмұныңың темірқазығына айналдыру.
Жаңа сабақтың нысанасы оқушыға айқын болғаннан кейін бүкіл бір сағаттық оқу қимылы сол темірказықтың төңірегінде өрбиді.
Оқыту нысанасы мұғалім мен оқушының окыту және оқу қимылының әрі шығар жері, әрі тиянақтар жері болады.
Мұғалім мен оқушыда ортақ нысанаға жету сезімі болғандықтан, сыныптағы оқыту үйлесімді де саналы түрде реттеліп, оқыту мен оқу өзара сәйкестік табады.
Оқыту нысанасы жаңа сабақты бастаған кезде немесе оқыту барысында жеке-жеке көрсетілуі қажет.
Нысананы қосымша тақтаға алдың-ала жазып әкеліп көрсетуге де, сабақ үстінде жазып көрсетуге де немесе бейне магнитофон, кодоскоп арқылы көрсетуге де болады. Нысананы көрсету уақыты әдетте 1-2 минуттан аспауы керек.
Нысанаға жету- Жаңа сабақ өткізу - сынып оқытуының ең өзекті мәселесі. Ол алдың-ала жоспарланады да, нысанаға мұғалім мен оқушы болып ортақ кимыл арқылы қол жеткізеді. Бүған әдетте 19-20 минуттай уақыт кетеді.
Нысаналы оқытуда нысана белгілеу, бағыттау және бағалау сынды барыстар бүкіл оқыту кимылының негізі болады. Сондықтан мұғалім оқыту барысында саналы түрде оқушыларды нысанаға карай жетектеп, нысана төңірегінде үйрену ұйымдастырып арқылы, нысанаға жету үшін белеенді түрде ортақ кимылдауы қажет. Бұл нысаналы оқытудың дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы болып табылады.
Нысаналы оқытудың тағы бір ерекшелігі - кері байланыс пен толықтырудың бүкіл оқыту барысында бастан аяқ қайталанып отыруы. Кері байланыс пен толықтыру сәтті жүргізілее, оқыту барысында жасалған әрбір қадамның нәтижелілігін тексеріп, мұғалім мен оқушының уақытын үнемдеп оқытудың өнімділігін арттырады.
Сондықтан кері байланыс пен толыктыру окыту барысын меңгеру мен үздіктендірудің маңызды кұралы саналады.
Оқыту нысанасының нақты мазмұныңа жету мәселесіне келетін болсақ, оған жаңа сабақ өту барысында әр түрлі оқыту формасынан пайдаланып жетуге болады. Мысалы, "түсіну" мазмұныңда оқушыларға оқуға тиісті мазмұнды көрсету, оқыту, түсіндіру арқылы "түсіну" нысанасына жетуге болады; "есте сақтау" мазмұныңда оқушыларға лайықты уақыт бөліп оқытып, онан соң сұрақ қойып жауап алу арқылы "есте сақтау" нысанасына жетуге болады; "игеру" мазмұныңда оқушы түсінігін қиындық туғызатын мазмұнды мұғалім бір жағынан түсіндіріп, бір жағынан талқылап, жинақтап, қорытындылау формаларымен нысанаға жетуге болады; "колдану, талдау және жинақтау" нысанасына оқушыларға нақты сұрақтар кою, жаттығулар меи есептер беру арқылы жетуге болады.
4. Оқушы өзінің алған білімін мұғалім көрсеткен нысанаға салыстыру арқылы жүйелеп есте сактайды.
Мұғалім бұл барыста оқушының ұғымды түсінуіне, қателескен жерін түзуіне көмекте-седі және оқулықтың қай бөлігін тиянақтап оқу керектігін, қосымша қандай материал қарау керектігін көрсетеді.Әдетте бұған минуттай уақыт беріледі.
5. Нысанаға жеткен-жетпегенін тексеру-Оқушылардың нысанаға жеткен-жетпегенін тексеру үшін мұғалім әр түрлі сұрақтар қойып, жауап алу немесе сынақ жүргізуі, егер олқлықтар байқалса, толықтау жасауы қажет. Әдетте бұған 5 минуттай уақыт кетеді.
Тапсырма беру- Берілетін тапсырма оқушылардың осы сабақтан алғаш білімін бекітумен бірге, келесі сабаққа тікелей көмегі тиетін, даярлық негізіндегі тапсырмалар болу керек. бұған әдетте 1-2 минуттай уакыт ажыратылады.
Жоғарыда көрсетілген бес басқаша жалпылама барыс болып, ол мүлде өзгермейтін қағида емес, оқытудың іс жүзіндегі ыңғайына карай оны толықтап тағы да басқыштар қосуға немесе кей басқыштарды алып тастап, өзіңнің оқыту жоспарына тіке байланысты басқыштарды ғана пайдалануына әбден болады.
Жалпы алғанда "Нысаналы оқыту технологиясы" қазіргі заманғы оқыту талабы ортаға қойған зерттеп үйрену, селбесіп үйрену және өзін-өзі басқарып үйрену талабына өте жаксы үйлеседі. Бұл оқыту технологиясының дәстүрлі окытудан басты ерекшелігі де, басты айырмашылығы да осында.
Достарыңызбен бөлісу: |