Философия, оныњ пєні, негізгі баѓыттары, функциясы жєне зерттеу объектісі


Қазіргі педагогикалық технологиялар - обьективті қажеттілік



бет9/22
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#16341
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
2-дәріс. Қазіргі педагогикалық технологиялар - обьективті қажеттілік
Қазіргі заманғы білім жүйесінің құрылымы мен қызметіндегі қоғамдық тенденцияларды көрсететін маңызды әлеуметтік педагогикалық феномен ретінде білім ізгілігінің мазмұны мен маңызын анықтауға байланысты қаралған педагогикалық технологиялар өз тиімділігін дәлелдеуде.

Педагогикалық технологиялардың көкейтестілігін анықтауда төмендегі қайшылықтарды атауға болады.

-қоғамның педагог мамандарға қойып отырған талабының күшеюі мен кәсіби білім беруді жүзеге асыруда кездесеін қиыншылықтар арасындағы;

-қайта дамып отырған жекелеген педагогикалық жүйелер мен оларды жылдам өзгеріп отырған еңбек шараларына бейімдеу, білім беру жүйесінің консервативтілігі арасындағы;

-ғылымның даму деңгейі мен өндірістің оны іске асыруға мүмкіндік деңгейі арасындағы;

-мұғалімнің әлеуметтік ролі және қоғамдық ақпараттық –коммуникациялық қызметарасындағы;

- педагогикалық жоғары оқу орындары оқу бағдарламаларының мазмұнының әдістемелік құралдары және қоғам мәдениеті арасындағы болатын қайшылықтар.

Білім ізгілігі-педагогтар мен оқушылардың өз шығармашылық даралығын дамыту субьектісі болатын,үрдістің мәні мен сипатына деген көзқарасты едәір өзгертетін , педагогикалық ойлаудың басты бөлшегі.

Педагогикалық үрдістің негізгі мәні , мұндай жағдайда , ұлғаның дамуы мен өзін -өзі дамытуы ретінде қалыптасады , олардың сапасы мен мазмұны мұғалімдердің, оқу мекемелері мен бүкіл білім жүйесі жұмысында маңызды шарттардың бірі болып табылады.

Теорияларды талдау мен қалыптасқан тәжірибелерді жалпылау білім ізгілігінің негізігі жолдарын анықтауға мүмкіндік туғызады.

Соның ішінде ең маңыздылары;


  1. Ізгілендірілген білім мазмұнында қаралатындар:

-білімділік-бағдарлық әдістен бас тарып , дамытушы тұлғалық бағдарлық әдіске көшу;

- пәндік және жекелік білімнен білім берудің үздіксіз жүйесінің барлық сатыларында терең және көп пәнаралық кіріктіруге , шоғырлануға көшу.



  1. Балалардың қабілеті мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеудің тұлғалық бағдарлық технологиясын таңдау ( Ойлаудың ,есте сақтаудың , назар аударудың негізгі типтері бойынша).

  2. Мұғалімнің озық игілік дайындығы:

Оның оқушылармен ынтымақтастығын қалыптастыруға оқушылардың дайындығы, педагогикалық үрдістегі шығармашылық, өзін-өзі көрсетудің қажеттігі.

Қоғамдық - тарихи тәжірибені игерудің басты әлеуметтік –қызметі – білімді жинақтауда емес , бар білімді қайта қалыптастыруда.

Сондықтан қазіргі заманғы мектептер оқушылардың ойлау белсенділігін кеңінен дамытып білімді өзіндік жаңарту мен толықтыруға , оларды теориялық және тәжірибелік міндеттерді шешкенде және сапалы пайдалана білуге үйретуге міндетті.

Мұны П.П. Блонскийдің, Л.С.Выготскийдің, С.Л.Рубинштейннің, А.Л.Леонтевтің, П.Я.Гальпериннің, Ф.Н. Тлызинаның және т.б.зерттеулері дәлелдейді.

Білім берудің сапасын мәнді жоғарылату жолдарын іздестіруде, нақтырақ айтсақ, жоғары білімнің Н.Чебышев пен В.П.Коган пәнаралық байланыстың тұжырымдамасын негіздей отыра оны жоғары білім беру тәжірибесіне енгізудің нақты оқу- әдістемелік механизмін ұсынады.Бұл бағыттағы инновациялық іс-әрекет мәселесі жалпы білім беру мектептерінде шешілуі қажет.

Сондықтан , әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орвй таңдап тәжірибеде сынап қарауда мұғалім іс-әрекетінің маңызы зор.

«Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің нтеллектуалдық,кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің, қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі»,- деп көрсетеді С.В.Селевко.

Қоғам өмірінің барлық салаларында яғни экономикасы мен әлеуметтік қатынастарында көптеген өзгерістер туып отырған жағдайда білім беру ісінде де өзгерістің болуы заңды нәрсе.

Себебі, халыққа білім беру немесе мектеп ісін қоғамнан тыс алып қарауға болмайды.Бүкіл қоғам өмірінде бой көрсеткен келеңсіздіктің халыққа білім беру саласына да соқпай өтпегені мәлім.

Сонымен, халыққа білім беру жүйесі қоғамдық әрекеттердің басқа салаларымен де қатарлас алға басуы керек.

Ғылым мен халыққа білім берудің дамуы еліміздің техникалық прогресске жеткізері мәлім.Ал, техникалық прогресс қоғамдық және жеке бастың өмір сүру деңгейін көтеруші еңбек өнімділігінің жоғарылауына әкеледі.Сонымен, білім беру жүйесін қоғамдық өмірдің өзге салаларының да егізі деп білуіміз керек.

Инновациялық педагогикалық іс-әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру мен дамытудың стереотипіне қарама –қайшы , ол белгілі межеден шығып, жеке шығармашыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім қалыптастыруға бағытталады.

Шынында, бұл мәселенің шешімі ұстаздың кәсіпкерлік шынайы іске асыруға тән сол бір ішкі обьективті қайшылықты анықтаумен байланысты.

Ю.Н.Кулюткин кәсіпкер ұстаздың «мөлшерлік шығармашылық белсенділіктің» ара қатынасы мазмұны мен мәнінен бөлек , абстрактылы түрде қарастырылмайды дейді. Егер « іс-әрекеттің немқұрайлы іс-әрекеттік құрылымымен бірге ұстаздың шығармашылық белсенділігі де мөлшермен берілсе , жаңа педагогикалық ойлар және оларды шешу ұстаздың өзінен күтіледі.

Педагогикалық жаңалық-жаңа идеялар , әдістер , технологиялар ғана емес, педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы.

Дәстүрлі оқу пәндерінде шоғырландырылған мақсат пен міндеттер қойылмайды, пәнді меңгерудің басты міндеті болып , ғылыми міндеттерді фотографиялық түрде меңгерту, көбінесе есте сақтау мен қайта жаңғырту ( кей кезде ойлау қабілетінің қатынасынсыз) деңгейінде ғана қалады .Мұғалімдердің жұмыс тәжірибелерін зерттеу когнитивті ауқымдағы (Б.Блум) білім беру мақсатының технологиясымен сәйкес, мұғалімнің зейіні мен меңгерілген материалды «Білімділігіне» және «Түсініктілігіне» шоғырланады, ал талдау – жинақтауға, оқушылардың әрекетін өздік бағалауына , мұғалім іс-әрекетіне аз деңгейде назар аударылатыны көрсетіледі.

Педагогтың кәсіби даярлығындағы технолгиялық принцип болашақ мамандығына бағдар беретін оқытудың мақсат , мазмұн оқыту әдістерінің бірлігі болып табылады.

Оқыту технологиялары теориялық негізде құрылады: Егер Л.В.Занков әдістемесі Л.С.Выготскийдің дамыту теориясына негізделсе, ол өзінің принципін содан іздеп табады.

Оқушылардың теориялық ойлауын дамыту , оқу материалының теориялық күделілігінің жоғары деңгейі , оқу жұмысының жоғары темпі оқушылардағы жеке тұрғыдағы бағдар.

Оқыту технологиясының генетикалық дерекнамасы педагогикалық эвристикадан алынған дейді Д.Пойа. С.ЛРубинштейіннің , А.Н Леонтевтің іс-әрекет теориялары қазіргі оқытудың инновациялық технологияларының әдіснамалық негізі.

Педагогикалық технология үш аспектіде қаралады:

-ғылыми;


- процессуалды - сипаттамалығы;

-процессуалды -әрекеттік.

Осындай жолмен педагогикалық технология оқытудың рационалды жлдарын зерттеуші ғылым ретінде қызмететеді,принциптер мен оқытуды зерттеуші қызметін атқарады.

Кез-келген педагогикалық технология философиялық негізде қаралады.Философия жалпы реттеуші білім беру технологияларын әдіснамалық қамтамасыз етеді.

Философиялық тұрғыда білім беру мазмұнында , пән мазмұнында басшылыққа алынады. Бірақ, идеологиялық бағдарда бірізділік жоқ, сондықтан мектептегі білім мазмұны әлемнің бүтіндей картинасын бере алмайды. Әдістер мен тәсілдердің философиялық негізін байқау қиын, ал технология белгілі бір философиялық негізді ұстанушы ретінде қызмет ете алады.

Көптеген педагогикалық технологияларда кездесетін философиялық бағыттар:



  • материализм және идеализм;

  • диалектика және метафизика;

  • Гуманизм және антигуманизм;

  • Прагматизм және экзистенциализм.

Педагогикалық технология дерекнамасы педагогика психология және әлеуметтік ғылымдар,

алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе , халықтық педагогика отандық және шетел педагогикасының озық идеялар болып табылады.Кез келген қазіргі педагогикалық технологиялар педагогика ғылыми мен практикасының жетістіктері дәстүрлі тәжірибедегі құнды дүниені әлеметтік прогрестің жетістіктерін қоғамдағы гуманизация мен демократия жемісін жинақтаушы болады.

Бір технологияның өзі әр орындаушыда әр түрлі сипатта болуы мүмкін, өйткені шебердің

тұлғалық компоненттілігі, оқушылар контигенті , сыныптағы психологиялық ахуал, көңіл күйі әр түрлі болуы мүмкін.

Педагогикалық технология М.В.Клариннің анықтауында «Педагогикалық мақсатқа жету үшін

пайдаланылатын барлық, дара , инструменталдық және әдіснамалық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді.

Ғалым- академик В.М.Монахов оқыту технологияларының практикадағы қолданыс аясын тереңірек зерттей келіп , оны жаңаша қырынан танытады. Ғалымның пікірінше «Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу поцесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекеті жобалаудың жан жақты ойластырылған үлгісі» Педагогикадағы ғылыми ой-тұжырымдардың негізінде В.П Беспалько « Оқу технологиясы – тәжірибеде жүзеге асырылатын, белгілі бір педагогикалықжүйенің жобасы»,-деп көрсетеді.Мұнда ғылым педагогикалық ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған , мақсатты бір-бірімен өзара байланысты әдіс тәсілдер жиынтығы ретінде қарастырылады.

Педагогикалық технология білім алу іс-әрекетіндегі амалдардың негізінде таңдалған кәсіптік

қызметтің тәсілдерін қабылдаушылардың танымдық іс-әрекеті деген анықтама ереді.

Сонымен, технология белгіленген ақсатты тиімді орындау үшін материалдарды түрлендіру

процестері мен әдістердің жиынтығы және бір ізділігін, кешенді бірлігін айтуға болады.

3-дәріс. Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану
Мектеп мұғалімдерін даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан жүйесі оның құрылымын, ұйымдастырылуын, мектеп практикасымен және білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістерімен өзара байланысын кайта қарауды талап етеді.

Бұл жоғары оқу орныңда мамаңдар даярлаудың сапасын арттыруда мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына, оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды және оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану көзделеді.

Технологияны педагогикалық іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тимді пайдалану оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге септігін тигізеді.

Бүгінгі таңда педагогикалық технология мәселесі теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр.

Теориялық тұрғыдан алып қарағанда, педагогикалық технология - педагогиканың категориясы ретінде қарастырылады оның мәні мен құрылымы айқындалады, педагогикалық іс-әрекеттің әртүрлі саласындағы (дидактика, тәрбие, білім беруді басқару) педагогикалық технологияның ғылыми негіздерін оқып-үйренеді, педагогикалық технологияны жобалаудың әдіснамасы мен теориясы зерттеледі және педагогикалық технология теориясының негіздері ашып көрсетіледі.

Ғылыми-педагогикалық зеріттеулерге жасалынған талдау жаңа педагогикалық технологиялардың бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді.

Енді солардың ішінен жоғары оқу орындарының оқу үрдісінде қолдануға ұсынылатын бірқатарына тоқталайық.

Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы қоғам өмірінің барлық саласында, оның ішінде мектепте оқыту мазмұны мен оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Қазақстан Республикасының "Білім түралы" заңында (1999) білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі - жеке адамды қалыптастыруға бағытталған рөлі және педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, олардың жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі қарастырылған.

Дәстүрлі оқыту технологиясының білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрініс табуда.

Осыған орай оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің қазіргі технологияларын жетілдіріп, мектепте сабақ беруде қолдану арқылы білім сапасын жақсартуға болатындығына басым бағыт берілуде.

Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес.

Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.

Бастауыш сатыда "Математика" пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тәсілдері ретіндеп деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға бо-лады.

Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-әрекеттік модель ретінде қарастыруға болады.

Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.

Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс-әрекеттік - компетенттік тәсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі білім алуға тәрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді.

әртүрлі әдістерді қолдану және оқушылар бірін-бірі тексеру арқылы есептің дұрыстығына көз жеткізулеріне болады, дамыта оқыту технологиясы (Л.С.Выготеский, Л.В.Занков, Д.Б.Элькокин, В.В.Давыдов) дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапалармен сәйкестікте жан-жақты дамытуға бағытталған, оқытудың модульдік технологиясы (В.ММонахов) оқу үрдісін мақсатты жобалап, құруға болады.

Оқытудың компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек көрсету, проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов) теория және практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема, тірек-конспект түрінде берілген теориялық, материалдарды сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре басқарып - оза оқыту (С.Н.Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын-ала оқыту, деңгейлеп саралап оқыту текнологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру және т.б.

Республикадағы ауыл мектептерінің оқу-тәрбие үрдісінде деңгейлеп оқыту технологиясы (Ж.Д.Қараев) жүйелік негізде оқыту технологиясы (Г.Г.Ғалиев), шоғырландырып-қарқынды оқыту технологиясы (Қ.А.Әбдіғәлиев., Н.Н.Нурахметов), блоктық-модульдық технологиясы (М.Н.Жанпеисова) қолдау табуда. Ғалымдардың пікірінше шағын комплектілі мектептер жағдайында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда жүйелік негізде оқыту мен шоғырландырып оқыту технологияларының оқыту сапасын арттыруда дидактикалық мүмкіндіктері мол.

Қазіргі ғаламдану және техниканың қарқынды даму кезінде оқу-тәрбие үрдісінде өзекті ізгілендіру өзекті мәселелердің бірі болып табылуда.

Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру - жеке тұлғаның еркін дамуы үшін оның бойында жалпы азаматтық құндылықтардың қалыптасуын қамтамасыз ететін дидактикалық ұстаным ретінде басшылыққа алынуы тиіс.

Мектептің бастауыш сатысында оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың өзара іс-әрекетпен мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасын дұрыс ұйымдастыру арқылы оқушының ойлау белсенділігін арттыруға, сабақта интератиетік әдісті тиімді пайдалануға болады.

Мұнда негізгі және жетекші үрдіс - іс-әрекеттегі оқытуды ұйымдастыру. Бұл технологияның ерекшелігі - оқушылардың өздері ақпараттар жинап, өздері жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп, жауабын тауып, өзінің көзқарасын логикалык, түрде дәлелдейді.

Ол өз пікірін бір-біріне топта, сынып алдыңда айта алады. Мұнда жеке тұлғаның рухын тәрбиелеуге, адамның адамгершілік болмысын қалыптастыруға басты назар аударылуы тиіс.

Білім мазмұнын меңгеруде оқушылардың жаңа процессуальдық біліктілігіне, ақпаратты алдын-ала болжау қабілеттерін және қойылған міндетті шығармашылықпен дамытуға көңіл бөлінеді.

Математика сабағында оқушылардың оқу біліктілігімен қатар ойлауы, іс-әрекеті, өзара қарым-қатынасы және өзінің сана-сезімі дамып, қарапайым ойлау операциялары (анализ, синтез, салыстыру, сұрыптау) және шығармашылық іс-әрекеті қалыптасады.

Қазіргі нарықтық экономиканың сұраныстарын қанағаттандыруға және экономиканың, өндіріс салаларының дамуына сай жастарды компонентті тұлға ретінде қалыптастыру үшін мұғалімдер оқытудың қазіргі технологияларын пайдаланып, оны одан әрі заман талабына сай жетілдіруі қажет.

Ұлттық тағам – ұлттың бет бейнесі, тарихы мен шежіресі, ұлттың дара касиеттері сақталынуының асыл нәрі. Сондықтан оны дайындай білуге үйрету әр ата-ана мен ұстаздың міндеті.

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.

Өйткені тәуелсіз Қазақстанның дамыған бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарында терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесі қойылып отыр.

Оқытудың әртүрлі технологиялары, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Жалпы технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақтылығы және білімі қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Білім және Ғылым қызметкерлерінің III сьезінде: "Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнімен әлдеқайда жоғары болуы керек.

Ол үшін жаңа фармацияның педагогі қажет" деген болатын.

Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан тұлғаны жан-жақты дамыту.

Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы. орындаушы болып келсе, ал қазіргі өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет