Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Халық педагогикасы туралы ғалымдардың көқарастарындағы айрмашылықтарды көрсет
Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың қағидаларының үндестігін салыстыра отырып ажыратып бер.
Этнопедагогика қандай ғылым салаласынан бөлінген? Қандай салалармен байланысты?
Халықтық педагогиканың қандай негізгі қағидалары бар?
Этнопедагогиканың пайда болуына қандай теория әсерін тигізді?
Дәріс №2.
Дәрістің атауы. Этнопедагогика және оның қалыптасуы мен дамуының тарихы. (1 сағат.2 апта)
1.Халықтың әлеуметтік тәжірибесі мен халықтық дәстүрлері педагогикалық ойдың дамуының негізі
2.Орта ғасырдағы Орта Азия және Қазақстанның жас ұрпақ тәрбиелеудегі халықтық педагогикалық дәстүрлерінің мәні туралы. Я.А.Коменский, И.Г.Песталоции, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин шығармаларындағы тәрбиенің халықтық қағидасы.
1.Халықтың ұрпақты әдептілікке тәрбиелейтін ұлағатты ұғымдары мен ырым, тыйым сөздерінің мәдени-тәрбиелік мәні зор. Салауаттылық, сауап, үнем сияқты ұғымдарға қайшы келетін кесір, обал, ысырап сөздерінің мәнің халық жас ұрпаққа жастайынан түсіндіріп, салауаттылыққа, үнемшілдікке, ұқыптылыққа, яғни мәдениеттілік негіздерін білуге тәрбиелейтін.
Мектептегі, жоғары оқу орындарындағы ұжымдық, әдептілік дәстүрлері де этнопедагогиканың мәдениеттаныммен сабақтастығын көрсетеді. Яғни, этнопедагогика пәні – ұлттық мәдениеттің бейнесін көрсететін және сол ұлттық мәдениеттің мәнін түсіндіріп, іс-әрекетте қолданыстарын үйрететін пән.
Қазақ халқының ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин ұлттық мәдениетті дамытудың негізгі құралы – оқу, мектеп ашу деп, ауылдық, болыстық мектептер ашып, қыздар училищелерін, мұғалімдер семинариясын ұйымдастырды.
Абай дана «ғылым таппай, баптанба, өнер таппай мақтанба» деп ұлттық мәдениетті дамытудың түп негізі – білімде, өнерде деп көрсетті. Ол үшін «өткірдің жүзі, кестенің бізі» сала алмаған өрнекті сөзбен өрнекетейтін ана тілін қадірлеу қажет екенін айтып, бес нәрседен қашық болуды, бес нәрсеге асық болуды уағыздайды.
Қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов «үш жүз жыл бойы бір де бір ғалымның қазақ жұртында болмауы» - өнерпаз, қабілетті халықтың мәдениетіне жасалған қиянат деп көрсетіп, халықтың мәдениетін өркендету ұшін мектептер ашып, ұрпаққа ғылым үйретіп, білім беру қажет екендігін дәлелдеді.
Педагогикалық ойдың дамуындағы халықтық дәстүрлері этнопедагогика ғылымында айқын көрінеді. Оның негізгі мақсаты – ұлттық мәдени мұралардың болмысын айқындап көрсетумен қатар, сол ұлттық мәдениетті дамытудың қозғаушы күштерін дәлелдеп, оның тәрбиелік қолданылмалы тәсілдерін бағдарлап көрсете білу болып табылады.
2. Орта ғасырдағы Орта Азия және Қазақстанның жас ұрпақ тәрбиелеудегі халықтық педагогикалық дәстүрлерінің мәні туралы. Я.А.Коменский, И.Г.Песталоции, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин шығармаларындағы тәрбиенің халықтық қағидасы.
ХХ ғасырдың 70 жылдары этнопедагогикалық ойлардың – тұжырымдамалардың күшеюіне себепші болған үдеріс кеңестік жүйенің басқа ұлттарды шеттетуі еді. КСРО-да 1930 жылдан бастап ұлттарды орыс тілінде оқыту талап етіле бастады. 1959 жылдан бастап ұлттық мектептер орыс тілді мектептерге көшірілді. «Этнопедагогика», «Халықтық педагогика», «Ұлттық білім жүйесі», «Ұлттық мектеп» деп келетін атау ұғымдар интеграция туғызған ұлтсыздану үдерісіне қарсылық. Этникалық педагогиканың мәні-ұлттық педагогикаларды бір-бірінен негізсіз көшіртпеу.
Ш.Уәлиханов – қазақ топырағында ағартушылық идеялардың туын алғаш көтерген ғалым. Ол орыс өкіметінің Қазақстанға өз заңдарын механикаклық түрде көшіруге қарсы шықты. Шоқан Ресейдің өзіне тән жағдайлары туғызған қылмс түрлерінің Қазақстанда жоқтығын, бірақ орыс заңгерлері білмейтін қылмыс түрлерінің бар екенін дұрыс дәлелдеді.
Шоқан Уәлиханов қазақ халқының жаттап алу қабілетін, шешендігін жоғары бағалап, мұндай қабілетті халық сауатты болып, ғылым үйрену керектігін анықтап айтқан. «халықтың мұңы мен сырын, арманын толғайтын жыраулардың жарлары – өнегелілік, бірден-бір құнды құбылыс», - дейді Ш.Уәлиханов. қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізде құрып, оқу-білімнің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, халқының алдыңғы қатарлы елдерді қуып жетуін аңсаған. Оның еңбектері «Білім жалпы халыққа бірдей, ортақ болсын» деген идея басым.
Ұлы педагог, этнограф , жазушы, төңкеріске дейінгі педагоикалық ой дамуында негізқгі роль атқарған Ы.Алтынсариннің шынайы патри отизмі туған халқының мінезін, әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін терең зерттеп, оның қабілетін, тұрмыс-жағдайын, ұлттоық ерекшеліктерін, материалдық жағдайынбілуінен көрінеді. Ы.Алтынсариннің ағартушылық-педагогикалық қызметі 1860 жылдан басталды. Оның педагогикалық көзқарасы мұғалімдер әзірлеу, мектеп ашу, әлеуметтік-саяси мәселелерден тұратын 3 саладан болды.
Мектеп-интернаттар көшпелі халықтың балаларына қолайлы етіп ұйымдастырылды.
Ы.Алтынсарин балаларды оқыту мен тәрбиелеуде мұғалімдердің ролін жоғары бағалады, сынып-сабақ жүйесін енгізу үшін көп еңбек сіңірді.
Абай да жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. «Ата-анаға кө қуаныш», «Заманақыр жастары», «Сегіз аяқ» деген өлеңдерінде жастарды әдепті, тату болуға, сөз қадірін білуге, сабырлы, арлы, еңбекшіл, есте сақтау, көргеннен өнеге алу, нәпсіні ақылға жеңгізу, ұстамды болуға шақырады.
Абай өзін-өзі тәрбиелеуге аса зор мән беріп, он бесінші қара сөзінде адамды өзін-өзі тәрбиелеуге шақырады.
Абай өлең мен әннің тәрбие құралдары ретіндегі рөлін жоғары бағалаған. Абай халық педагогикасына үлкен мән беріп, оның озық үлгілерін насихаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |