Философия, оныњ пєні, негізгі баѓыттары, функциясы жєне зерттеу объектісі



бет19/49
Дата06.01.2022
өлшемі465 Kb.
#11507
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49
Байланысты:
60fb7888-9e58-11e4-8a1d-f6d299da70ee3 лекция Этно

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. «Этнос» ұғымының «халық» және «ұлт» ұғымдарымен байланысы қандай?

  2. Этностың шығу тегін қалай сипаттауға болады?

  3. Этнос мәдениеті қай кездерден бастап зерттеле бастады, және оған кімдер қатысты?

  4. Қазақ этносының қалыптасуына үлес қосқан адамдар жайлы айтып бер.


Дәріс №4. Дәрістің атауы. Этнопедагогика бойынша зерттеулерді талдау. (1 сағат. 4 апат)

1.Этнопедагогика әдіснамасы.

2.Интегративті этнопедагогика.

3.Этнопедагогикалық менеджмент.

4.Этнопедагогикалық антропология.
1.Этнопедагогиканың әдістері.Этнопедагогика педагогиканың бір саласы болғандықтан, педагогиканың әдістерімен қоса,өзіндік жеке әдістері бар.Этнопедагогиканың ғылыми әдістері бұл керекті ақпаратты алу мүмкінділігі,бұл ақпарат этнопедагогикалық процестердің заңдылықтары мен мақсаттарын айқындайды.

Этнопедагогиканың әдістері:

1.Фольклорды материалды зерттеу әдісі.

Өзіндік ерекшелігі бар және қызықты әдістердің бірі.Бұл әдісте халықтың мәдениеті,тұрмысы,әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі көрініс береді.Фольклорды әдіс ретінде қолдану қазіргі кезде кең көлемде жүргізіледі.Өйткені, В.Жирмунский,А.Кононов,В.Пропп,К.Чистов,Р.Липец сияқты фольклоршылар тарихи фольклорды халықтың мәдениетін,тұрмысын және тарихын зерттеуде маңыздылығын дәлелдеді. Фольклор ол халықтың киім-кешек,құрал-жабдық,әдет-ғұрып,тұрмыс-салт,наным-сенім,сондай-ақ түрлі көркем өнерін тұтастай атау үшін қолданылады.Фольклор әдісі халықтың ауызша поэтикалық шығармашылығын әсіресе кең мағынада зерттейді.1846 жылы ағылшын Вильям Томе ұсынған «фольклор» сөзі де(ағылшынша lolk-халық, lore-білім,даналық) ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылыми атау ретінде орныққан.Ауыз әдебиетінің шығарушысы да,жаратушысы да,тыңдаушысы да-халық.Сондықтан,ол шың мәнінде халықтың өз еншісі болып табылады.

2.Жазбаша материалдарды зерттеу әдісі.

Бұл этнопедагогиканың маңызды әдістерінің бірі,себебі ақпараттың алуан түрлілігі және сенімділілігімен бағаланады.Жазбаша материалдар негізінде халықтың өзі жазған тарихи жазбаларында немесе ескерткіштерінде (мысалы: Күлтегін,Тоныкөк т.б ескерткіштер) қолданылады.Алайда,жазбаша ескерткіштерге әлі зерттелмеген материалдарды да жатқызуға болады.Мысалы:саяхаттанушылар мен елшілердің жазбалары.Бұл жазбаларда құнды мәліметтер мен деректер сақталынған.Бірақ,өкінішке орай олардың көп бөлігі сақтамаған.

3.Археологиялық материалдарды зерттеу әдісі.

Этникалық тарихты,мәдени тарихты қайта жаңғырту үшін этнопедагогикада археологиялық материалдарды зерттеу әдісі қолданылады. Археологиялық материалдар-халықтардың ежелгі тарихына қатысты материалдардық мәдениетінің ескерткіштері. Оған: қалашықтар мен қалалар; ежелгі қоныстардың қалдықтары; обалар, қабір үстіне орнатылған ескерткіштер мен салт-дәстүрлік құрылыстар; адамның еңбек қызметін сипаттайтын ескерткіштер; тасқа және үңгірде қашалған жазулар; табылған жекелеген қазбалардың орындары жатады.



4.Түздік (полевые) зерттеу әдісі.

Бұл әдістің негізгі мақсаты зерттеушінің ұзақ уақытқа этникалық ортаға кіріп,өмір сүруі.Бұл әдіс арқылы зерттеуші зерттеліп отырған халық туралы кең көлемді мәлімет алады.Бұл әдіс арқылы зерттеуші зерттеліп отырған халық туралы кең көлемді мәлімет алады.

5.Тарихи-педагогикалық анализ әдісі.

Барлық педагогикалық құбылыстарды зерттеуде қолданылады.Халықтың білімін,мәдениетін,ғылымын зерттеуде қолданылады.

6.Әлеуметтік зерттеу әдісі.

Бұл барлық әдістермен тығыз байланысты.Халықтың білімін әлеуметтік тұрғыдан бағалау,этникалық қоғамның тәрбие әдістері мен білім әдістерінің мазмұның зерттейді.

7.Салыстыру әдісі.

Педагогикалық құбылыстарды салыстыру және құру арқылы,әр түрлі халықтың ұлттық тәрбие ерекшеліктері,заңдылықтары,даму деңгейі айырмашылықтарын зерттеу.

8.Педагогикалық эксперимент.

Оқу және тәрбиелік жүйеде ғылыми негізделген әдіс,оның мақсаты қазіргі оқу тәрбиелік жүйенің этнопедагогикада қолданылуын зерттеу.

9.Халықтық педагогикалық құбылыстарды теориялық зерттеу әдісі.

Теорилық анализ негізінде педагогикалық құбылыстардың жекелей жақтарын,белгілерін,өзгешеліктерін анықтайды.Анализ негізінде жеке фактілерді топтастыру және жүйелеу арқылы,зерттеушілер олардың ортақ және ерекше ережелерді тағайындайды.

Этностар өзінің өмір сүру кезеңінде нақтылы тарихи жағдайларға (оның ішінде қоғамдық құрылыс жағдайларына да) байланысты бірнеше рет өзгеруі мүмкін. Этностардың жаратылысын география мен биология ғылымдарымен қоса, тарих ғылымы да тексереді. Себебі, этностар тарихы қоғам дамуымен тығыз байланысты.

Ертедегі адамдарға жаратылыс тұтас құбылыс болып көрінді. Олардың табиғат пен тарихтың байланысы туралы түсінігі де болмады. XVIII-XIX ғасырларда тың жаңалықтар ашылып, орасан көп мәліметтердің жинақталуы ғылым салаларының кеңейіп тармақталуына мүмкіндік туғызды. Ұлттық ерекшеліктерді зерттейтін этнология, этнопсихология, этнопедагогика ғылымдары бар.

Ұлттың ұлт болуы үшін қажетті аумақтық, экономикалық, мәдени, психологиялық бірлікпен бірге, тілдік тұтастық басты және ең негізгі белгілердің бірі болып саналады.

Ұлттық тәлім-тәрбиені (этнопедагогиканы) іске асыратын ұлттық тіл (этнолингвистика) екені, ал оның ұлттың ішкі жан дүниесімен, сана сезімімен байланысты (этнопсихологиямен) жүргізілетіні көпке аян. Этнолингвистика тілді этносқа қатысы жағынан зерттесе, психолингвистика оны адам психологиясымен, ал социолингвистика қоғам дамуына қатысы тұрғысынан қарастырады.

2.Интегративті этнопедагогика.

Этнолингвистика диалектология, фольклористика, этнология, мәдениеттану, мифология сияқты ғылымдармен де байланысты. Себебі, бұлардың қай-қайсысы болсын этнос табиғатын ашуға қызмет етеді және олардың зерттеу нысаны да ортақ. Мысалы, диалектология этностың жергілікті сөйлеу ерекшелігін, этнология мен фольклористика этностың әлденеше ғасырға созылған мәдени даму үрдісін, заттық және рухани мәдениетін, салт-дәстүрін зерттесе, мифология этностың дүниетанымын, сенім-нанымын, өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын зерттейді. Олай болса, бұлардың бәрі де тікелей этносқа қатысты, бәрі де этностық ерекшеліктерді сипаттайды.

Ал философия – ғылымдардың ғылымы, барлық ғылымдарды зерттеудің әдіс-тәсілдерін жинақтаушы, этностың болмыс-бітімімен байланысты мәселелердің басын біріктіріп, әдістемелік тұрғыда талдау жасайтын алтын діңгек іспетті. Осы ғылымдардың даму заңдылықтарымен танысып, оны зерттеуді басшылыққаала отырып, біз адамзат тарихы мен табиғат өзгерісінде зара байланыстылық бар екенін байқаймыз.

Адамдар бірлесе еңбек етеді. Соның негізінде адамдар арасында қоғамдық қарым-қатынастар қалыптасады. Адамдардың қоғамадасып тіршілік етуі үшін материалдық жағдайы мен тарихи жағдайының бірлігі қажет. Бұл жүйені анықтаудың басты белгісі материалдық байлықты өндіру тәсілдері мен оның игіліктерін пайдалану, яғни меншіктің түрлері болып саналады. Осының негізінде адамдар арасындағы қоғамдық қатынастар қалыптасады. Қоғамдық құрылыс пен этностардың құрылысында тепе-теңдік болған емес, болмайды да.

3.Этнопедагогикалық менеджмент.

Әр халықтың тарихы өзіне көрші халықпен тығыз байланысты. Тіпті, бір-бірінен алыс жатқан халықтардың да тарихында себеп-салдарлық байланыстың болуы мүмкін.

Әр халықтың қалыптасу тарихында олардың алдыңғы қатарлы тобы – зиялы қауым шешуші рөл атқарса, ал бүкіл мемлекеттің дамуында этностардың өзара байланысы басты рөл атқарады. Этностық зерттеулер ескі тарихи-мәдени ескерткіштерді анықтаудан, белгілеуден басталады. Ерте дәуірдегі этностық тұрмыстың ерекшелігін тас дәуірінің мұраларынан, үй құрылысы мен оның әшекейлік бұйымдарынан, керамикалық ыдыстар мен оның ою-өрнек үлгілерінен байқаймыз. Этностық мәдени мұралардың ұқсастық себебін анықтауда салыстыра зерттеу әдісі қажет. Мәселен, көрші этностармен сауда-саттық, мәдени қарым-қатынасы бір этноста бар мәдени мұраларды екінші этностың өзінше өзгертіп пайдалануына мүмкіндік туғызады. Мәдени ескерткіштерді жасаушы этностар жер бетінен жоғалғанымен, олар жасаған мұралар ұзақ жылдар бойы өмір сүреді. Этногенездік мәдениеттің бірде өсіп жоғарылап, шарықтау шегіне жетіп, бірде құлдырап төмендеуін анықтау арқылы ұлттық мәдени мұраның берік қалыптасуын байқаймыз.

4.Этнопедагогикалық антропология.

Этностық тарих дегеніміз – жоғалған ескі мұралар тарихы да, ал мәдениет тарихы мұражайларда сақталған мұралардың шартты белгілерінің жүйесін тізу болып шығады. Ортағасырлық қайсібір философтар кейбір этностарды «тарихи» категория деп көтермелеп, абсолюттендіруге тырысты, сонымен бірге керісінше, жер бетінде тіршілік ететін «тарихи емес» этностар да бар деп қарап, қателіктерге ұшырады.

Ұлт мәдениетін сөз еткенде тарих, археология, этнология ғылымдарымен қоса, этнопсихология, этнопеддагогика және фольклористика ғылымдарының қағидаларына сүйену қажет. Ал ұлт мәдениетінің озық үлгілері арқылы жас ұрпақты жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу – этнопедагогиканың өзекті мәселесі. Тарихи-педагогикалық зерттеулерге (оның ішінде этнопедагогикалық зерттеулерге де) қойылатын маңызды әдістемелік талаптардың бірі деректердің барлық түрін кешенді пайдалану, солар арқылы бір-бірін тексеру, толықтыру, барлық деректерді салыстыра отырып жинақтау, оларды зерттеуде шектес ғылымдардың зерттеу әдістер жиынтығын кешенді түрде пайдалану, сөйтіп деректерді талдап, педагогикалық тұрғыда түсіндіру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет