бет 35/49 Дата 06.01.2022 өлшемі 465 Kb. #11507
Өзін-өзі тәрбиелеу – Сухомлинский: «Бала өзін-өзі жетілдіруге икемделмесе оны жүз мұғалім де тәрбиелей алмайды», - дейді. «Менің атым Қожа» - Қожаның айна алдына отырып өзіне-өзі бұйрық беруі. (Абайдың қара сөздері).
Этнопедагогика- ғасырлар бойы қалыптасып , одан әрі қарай дамып , келешекте кемелдене беретін ғылым. Оның философиялық , дүниетанымдық, мәдениеттанымдық , тәрбиелік мәнін жан-жақты терең зерттеп , ғылыми жүйесін саралап, сараптап пайдалану ісі аса жауапкершілікпен қажырлы ғылыми еңбектерге байланысты. Мектептерде арнайы сабақтар , жоғары оқу орындарында арнайы курстар ұйымдастыру қажеттіліктері туындауда. Өйткені барлық оқу-тәрбие , ғылыми зерттеу жұмыстары этнопедагогикамен байланысты жүргізу тиімді, әрі нәтижелі болу. Барлық жерде оқу тәрбие ісін ұлттандыру мақсаттарын жүзеге асыру үшін этнопедагогика пәні негізгі тірек , қозғаушы күш бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: