Дүниенің жаратушысы құдай деген пікір христиандық онтологияның басты идеясы
болды. Баршаның және барлық әлемнің анықтаушы субстанциясы ретіндегі «құдірет» әлем
жаратушы абсолют болып есептелінді. Дін дүниені біртұтас қабылдаудың тәсілі болды.
15
Әлемді жаратқан құдай идеясы табиғаттың да дүниедегі орнын анықтағандай болды.
Сондықтан болар отрағасыр философиясы «жасаушының» философиясы болып
қалыптасады. А.Августин мен Ф.Аквинскийдің ілімдерінде ортағасырлық дүниетаным
мәдениетінде сенім танымның дәрежесі ретінде анықталды. Бұл философияның басты
сипаты ғасырлар бойғы реализм мен номинализмнің күресінде айқын көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: