«философия» пәні бойынша


Бекітуге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет9/67
Дата31.12.2021
өлшемі0,89 Mb.
#22291
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   67
Бекітуге арналған сұрақтар: 

1.  Әл-Фарабидің адамгершілік және саяси-құқықтық көзқарастары. 

2.  Аль- Киндидің философиялық көзқарастары 

3.  Ибн – Синаның «Сауығу» кітабының философиялық маңызы 

4.  Ибн- Рушдтың «Қос ақиқат» туралы ілімі 

 

№6 Дәріс тақырыбы: Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия.  

Дәріс жоспары: 

1. Қайта өрлеу дәуірінің негізгі принциптері. 

2. Қайта өрлеу дәуіріндегі ғылым. 

3. Дәуірдің утопиялық көзқарастары. 

 

Бұл  тарихи  кезең  өзін  антикалық  мәдениеттің,  антикалық  өмір  салтының,  ойлау 



тәсілінің  және  сезім  талдығының  жаңаруы,  жаңғыруы  деп  сезінді.  Сондықтан  болар 

«Ренессанс» деген терминмен сипатталған. 

Бұл кездегі философиялық ойлауды антропоцентрлік деп айтуға болады, өйткені оның 

өзегінде  тұрған  адам.  Антропоцентризм  –  дүниетанымдық  айқындама,  оған  сәйкес  Адам 




18 

 

дегеніміз - әлемнің орталығы және асқар шыңы. Адам әлемнің қақ ортасында тұр, яғни бүкіл 



әлем  Адам  үшін  –  шет  аймақтар;  Адам  әлемнің  ең  ұшар  басында  тұр,  демек  бүкіл  әлем 

деңгейі  жөнінен  де,  маңызы  жөнінен  де  адамнан  төмен.  Тек  Адам  ғана  –  субъект,  ал  бүкіл 

әлем оның объектісі ғана. Әлем Адам игілігіне, өз еркінше пайдалануына құрал ретінде ғана 

берілген.  Батыс  Еуропадағы  қайта  өрлеу  дәуірі  қоғамының  белгілі  бір  бөлігінің  көңіл  күйі 

ретінде Адам осындай . Мұнда іс жүзінде әрбір суреткер – алып немесе тіпті құдірет, қалған 

бүкіл әлем соның төңірегінде шыр айналады.  

Гуманизм  Қайта  өрлеу  дәуірінде  тиянақты  идеялық  қозғалыс  ретінде  қалыптасты. 

Гуманизм  –  адамның  қадір-қасиеті  мен  құрметтеуді,  оның  жеке  тұлға  ретіндегі  бағасын, 

адамның игілігіне, оның жан-жақты дамуына, Адам үшін қолайлы қоғамдық өмір жағдайын 

жасаған  қамқорлықты  білдіретін  көзқарастардың  жиынтығы.  Бұл  кезеңде  гуманизм 

феодализмге және орта ғасырдың теологиялық көзқарастарына, қарсы көзқарастармен тығыз 

байланыста болды. Гуманистер Адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, Адам 

ләззаты  мен  өз  мұқтаждықтарын  қанағаттандыру  құқы  жолында  күресті.  Осы  дәуірдің  аса 

көрнекті  гуманистері  –  Петрарка,  Данте,  Боккаччо,  Леонарда  да  Винчи,  Бруно,  Монтень, 

Коперник т.б. – зиялы дүниетанымды қалыптастыруда маңызды роль атқарды. Әуел бастан-

ақ  гуманизмнің  ішінде  –  Мор,  Кампанелла,  Мюнцер  секілді  өкілдері,  кейінірек  утопиялық 

социализмнің басқа да жақтаушылары еңбекшілер бұқарасының мүдделерін білдіретін ағым 

болып  оқшау  шықты.  Олар  қоғамның  антигуманистік  сипатын  көре  білді,  оның  кеселдерін 

сынады,  мүліктік  теңдікті  талап  етті.  Сапалық  жаңа  гуманизм  барлық  адамдардың  жан-

жақты  және  жарасымды  дамуы  үшін,  жеке  адамның  шын  бостандығы  үшін  қажетті  алғы 

шарт жасайды. 

Осы  дәуірде  әлемнің  гелиоцентрлік  жүйесін  жасаушы,  поляк  астрономы  Н.Коперник 

болды.  Ғылым  тарихында  Коперник  ілімі  шын  мәніндегі  революциялық  іс  болды,  сол 

арқылы табиғат зерттеу істері өзінің діннен тәуелсіз екенін паш етті. Жердің күнді айналуы 

туралы  және  Жердің  бір  тәулік  ішінде  өз  кіндігін  айналып  шығуы  туралы  Коперник 

теориясы  Птоломейдің  геоцентрлік  жүйесін  және  «құдайдың  қалаулысы»  ретіндегі  жер 

туралы  оған  негізделген  діни  түсініктерден  қол  үзуді  білдіреді.    Бұл  теория  аристотельден 

бері  келе  жатқан  және  схоластикада  пайдаланылған  аспан  мен  жер  денелерінің 

қозғалыстарын  бір-біріне  қарсы  қоюды  жоққа  шығарып,  дүниені  құдай  жаратқаны  туралы 

шіркеу  аңызына  соққы  берді,  болашақта  күн  жүйесінің  табиғи  пайда  болуы  мен  дамуы 

туралы  ілімнің  дүниеге  келуін  жеделдетті.  Коперниктің  заманының  және  одан  кейінгі 

дәуірлердің  озық  ойшылдары  оларды  өздерінің  жауынгерлік  туына  айналдырып,  одан  әрі 

дамытты. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет