Бекітуге арналған сұрақтар:
1. Ф. Аквинскидің философиялық көзқарастары.
2. Номинализм және реализм.
3. Орта ғасыр философиясының діни сипаты.
№5 Дәріс тақырыбы: Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық
мүсылмандық философия.
Дәріс жоспары:
1. Әл-Кинди философиясы.
2. Әл-Фарабидің философиялық көзқарастары.
3. Ибн Сина, Ж.Баласағұн, М.Қашқари философиясы.
Мұсылмандық Шығысты зерттеумен айналысқан тарихи-философиялық және
мәдениеттанымдық еңбектерге қарағанда ислам әлемінің данышпандары ерте грек ғылымы,
философиясымен қатар алдыңғы Азия, Орталық Азия және Шығыс мәдениеті мен
философиясын қабылдай отырып, философиялық дәстүрлерді онан әрі жалғастырған. Егер
ортағасырлық Батыс Еуропада христиандық дінді идеологияландыру, философиялық
интоксикациялау және негіздеу үрдісі жүріп өтсе, ал мұсылман аймағында, әсіресе 7-10
ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешіреді. Бұл кезеңде
ғылымның мынадай салалары қарқынды дамыды: тригонометрия, алгебра, оптика,
психология, астрономия, химия, география, зоология, ботаника, медицина. Арнайы білім
салаларының дамуына әл-Хорезми, әл-Бируни, Ибн Сина, Омар хаям т.б. ойшылдар
өздерінің үлкен үлестерін қосты.
Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қатарына әл-Кинди және әл-
Фараби жатады. Әл-Кинди ортағасырлық дәуірде “арабтардың философы” деп жиі атайтын.
Әбу-Жүсіп Якуб ибн Исхақ әл-Кинди (800-879) Басра қаласынан шыққан, жетік білім алған,
тек философ ретінде ғана емес, дәрігер, астроном, математик ретінде де белгілі, геометрия,
оптика, психология, музыка салалары бойынша трактаттар жазды. Логикалық-
гносеологиялық мәселелерге арналған жұмыстарымен қатар, мынадай трактаты белгілі:
“Аристотель кітаптарының саны жөнінде және философияны меңгерудің шарты, бастапқы
философия туралы бес мәнділік жайында кітап, пайда болу және жойылу себептерін
түсіндіру туралы трактаттар”. Әл-Кинди мынадай мәселелерге зор көніл қояды: Құдай
мәселесі, ақыл-ой мәселесі мен философияның мәнін анықтау, ғылымдарды
классификациялау. Өзінің шығармаларында әл-Кинди Құдайдың мынадай түсіндірмелерін
береді: 1. Құдай түпнегіз, барлық нәрсенің абсолюттік бастауы ретінде; 2. Құдай мақсатты
себеп ретінде; 3. Құдай кеңістіктегі абсолютті шексіздік және уақыттағы мәңгілік тереңде.
Философтың пікірінше, Құдай материяны, форманы, қозғалысты және уақытты жаратқан.
Пайда болған нәрсе қозғалыс нәтижесінде өзгереді және ақыры соңында жойылады, ол нәрсе
мәңгілік емес, оның соңы бар. Адамға ақыл-ой берілгендіктен ол өзін-өзі танып қана қоймай,
өзін қоршаған дүниені де таниды. Ақылдың көмегімен адам заттар мен құбылыстарды
себептік байланысын, олардың мәнін ұға алады. Адамның әлемді танудағы ақыл ролін
анықтай отырып, әл-Кинди ақыл-ойдың төрт түрін және танымның үш сатысы туралы
идеяны айтады. Әл-Кинди мынадай төрт түрін ерекшелейді: активті, пассивті, жинақтаушы,
жарғылаушы.
Егер әл-Кинди неоплатонизмге жақындау болса, ал әл-Фараби 10 ғасырдағы
Аристотельдің ізбасары болып саналады. Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан
ибн Узлаг әл-Фараби-ат-Турки 870 жылы Сырдария бойындағы Фараб қаласында түрік
16
отбасында дүниеге келеді. Фараби жоғары білімді оқыған адам еді, ол медицинаны,
музыканы, математиканы, этиканы, саясатты, психологияны зерттеуге үлкен қызығушылық
танытты. Фараби Аристотельдің алғашқы комментаторларының бірі. Ол Аристотельдің
“Категориялар”,
“Герменевтика”,
“Аналитика.
Софистика.
Поэтика.”
Сияқты
шығармаларына түсініктеме береді. Бірақ әл-Фарабидің дара философ ретіндегі даңқы басым
болды. Фараби ғылыми болжамға, әлемді ғылыми танып білу мүмкіндігіне сеніп, қоғамдағы
зорлық-зомбылыққа қарсы шықты. Ол зұлымдықтың жойылып, жер бетінде қайырымдылық
бастаудың салтанат құратынын жазып, зорлық-зомбылықсыз, қанаусыз және соғыссыз қоғам
идеалын, жер бетіндегі халықтардың бейбіт және достық қатынастарын идеялық, теориялық
тұрғыда негіздеді. Өзінің “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары”, “Адамдық
саясат” еңбектерінде Фараби саясат пен мораль мәселелерін қарастырады, феодалдық
қоғамның және саяси жағдайын, қоғам мен мемлекет арасындағы қатынастар мәселесін
көтеріп, аббасидтер халифатындағы әлеуметтік қайшылықтары пайымдай отырып, оған
теориялық түсінік береді. Әл-Фарабидың көптеген философиялық идеялары батысеуропалық
философия идеялары мен концепцияларының қалыптасуына, дамуына, әсіресе Б.Спинозаның
философиялық көзқарасына теориялық ықпалын тигізді.
Философия мен ғылымның дамуына түркістандық Бұқарадан шыққан энциклопедист-
ойшыл Әбу-Әли ибн Сина (980-1037) өзінің үлкен үлесін қосты. Ибн Сина әл-Фарабидің
кейбір идеяларын шығармашылық тұрғыда онан әрі жалғастырады: эманация идеясын, ақыл-
ой туралы идея және т.б. Ибн Сина надандыққа қарсы шығып, ақыл-ой үстемдігі үшін
күрескен жан-жақты ғалым адам болды.
Шығыста да, Батыста да ең танымал оның “Медицина канондары” деп аталатын
капиталды еңбегінде сол заманға орай жоғары деңгейде жүйеленген анатомия, физиология,
терапия, хирургия, фармокология, профилактика мәселелері қарастырылған. Өзінің
философиялық жүйесін ибн Сина платондық ілімнен бас тарта отырып, перипатетизм
арқылы құрастырады. Оның жүйесіндегі ғылымдар классификациясы өз ерекшелігімен
қызықтырады. Ибн Сина философиялық білімді екі салаға бөледі: теориялық және
практикалық. Оның ойынша, егер теориялық философия ақиқатты игеруге ұмтылса,
практикалық философия – игілікке жетуге ұмтылады. Теориялық философияға ибн Сина
физиканы, математиканы, ал практикалық философияға саясатты, экономиканы жатқызады.
Бұл ғылымдардың барлығын пысықтайтын логика, сондықтан ол инструменталды ғылымға
жатады. Логика – бұл әлемді тану құралы, ол барлық ғылымдарға тәсіл береді. Барлық
ғылымдардың шыңы метафизика деп санады.
Ғазалидің айтуынша ибн Сина “философиялаушы мұсылман” ретінде өзінің
пайымдауларында кейде дінсіздікке жақын жағдайларға дейін барады. Шындығында, ибн
Сина өз жауаптарында мынадай идеяларға келеді: егер философия ақыл-ой мәліметіне,
дәлелге негізделген шындық туралы білім берсе, ал теологиялық білім сенімге негізделеді.
Сонымен қатар ибн Синаның философия мен теологияның ара жігін ажыратқан, олардың
статусы туралы идеясын онан әрі ибн-Рушд өзінің қосарланған ақиқат туралы теориясында
жалғастырды.
Орталық Азиялық әлемнің келесі бір інжу маржаны – Баласағұн қаласынан шыққан
түрік, “Құтадғу білік” деп аталатын атақты шығарманың авторы Жүсіп Баласағұн (11 ғасыр).
Оның негізгі тақырыбы моральдық-этикалық мәселе. Баласағұн әл-Фарабидің ізгі қала-
мемлекет туралы идеяларын қолдай отырып, мемлекеттің формасы билеушінің адамгершілік
тазалығы мен асқақтығына, билеуші мен бағыныштылар арасындағы ізгілікті қарым-
қатынастарға байланысты деп есептеді. Өз еңбегінде философ саяси дағдарыстар тұсындағы
Қарахандар мемлекеті үшін қажетті билеушінің идеалды портретін беруге тырысты. Бұл
жұмыс этика, саясат мәселелеріне арналып қана қоймай, философиялық, эстетикалық,
ертедегі түріктердің діни наным-сенімдеріне байланысты материалдарға да толы.
Қарахан қағанатының гүлденген дәуірінде өмір сүрген тағы бір философ Махмұт
Қашқари. Ол өзінің 1072-1083 жылдары жазылған “Дивани лұғат ат-тюрк” еңбегінде түрік
рулар мен тайпаларының тілі, әдет-ғұрпымен қатар, олардың тарихы мен саяси өмірінен де
17
мол мағлұмат береді. Ол адамдардың қоғамдық өміріндегі адамгершіліктің, тәрбиенің,
білімнің маңызына назар аударып қана қоймай, рулар арасындағы қарым-қатынасты реттеу
мен бекітудегі қуатты тетік ретінде тілдің роліне де үлкен көңіл қояды. Қоғамдық өмір мен
мемлекетті нығайтуда түрік философының айтуынша ер мінезділік, адалдық, патриотизм
және т.б. адамгершілік қадір-қасиеттер маңызды орын алады. Сонымен қатар Түрік
халықтарының бір-бірімен жақындасуы мен қатынасуының негізгі құралы ретінде Қашқари
ана тілінің маңызды ролін баса көрсетеді.
Суфизмнің көптеген идеяларын мұсылман әлемінің әл-Газали (1058-1111) сияқты ірі
теологы да қостады. Әл-Газалиге дейін өмір сүрген ойшылдар да, оның замандастары да
мемлекеттік құрылым мәселесін айналып өте алмады. Әл-Газали өзінің бірқатар
жұмыстарында мемлекетті басқару мәселесінде сұлтанға ұсыныстар береді, сұлтанның нақты
билігін заңдастыру негізінде оны нығайту мәселесін көтеріп, халифты сынайды. Газали
халиф пен сұлтан арақатынасы мәселесін жан-жақты сипаттап, имамат теориясын
дайындайды. Газалидің пікірінше, мемлекет ислам мен мұсылманша өмір сүру тәртібін
қорғауға тиіс. Ол “Философтарды терістеу” деген еңбегінде Фарабиді, ибн Синаны сынап,
оларға “әлемнің еш нәрседен жаратылысы” туралы өз идеясын қарсы қояды. Бұл идеяда ол
бүкіл қоршаған әлемге өзінің ықпалын жүргізетін құдайдың шексіз еркі туралы ойды
негіздейді. Газали Фарабидің,, ибн Синаның ақыл-ой ролі туралы позициясымен келіспейді.
Мистиктің пікірінше, ақыл-ой тек реттеуші ролді ғана атқара алады, ол біздің ізденісімізді
мақсатқа қарай бағыттай алғанымен, мәнділікті ешқашан да аша алмайды. Мәнділікті
танудағы жалғыз тәсіл өзіне-өзі терең бағытталған мистикалық жағдай, сонда ғана мәнділік
ашылады. Бұл мәнділік – Құдайдың болмысы.
Сопылық философия еуропалық дүниетанымға, еуропалық мәдениетке едәуір ықпалын
тигізді. Көптеген идеялары батыстық әлемнің бірнеше ойшылдарының философиялық ой
толғаулары үшін жемісті ықпал етті.
Дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің дамуында салмақта үлес қосқан ортағасырлық
шығыс ойшылдары болды. Шығыс ренессансының тамаша ғалым-ғұламалары әлемге
танымалы болған Аль- Кинди, Аль-Фараби, Ибн Сина, Аль-Газали, Ибн Рушд, Абу- Райхан
Беруни және т.б. Олардың негізгі философиялық ой-толғамдары, дүниеге деген көзқарасы
шығыс перипатитизмі, ислам, мұсылман ортодоксиясының философиясын құрайды.
Өздерінің ілімдерінде олар антикалық, ортағасырлық білімді терең түсініп, тіпті
шығармашылық деңгейге көтеріп көп еңбектер жазған.
2000 жылы Алматы қаласында өткен «Наследие Аль-Фараби и мировая культура » атты
халықаралық конгрессте Аристотельден кейінгі екінші ұстаз аталған Аль-Фарабиді бүгінгі
күнде Шығыстың бірінші ұстазы деп мойындау туралы қаулы қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: |