«философия» пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет22/67
Дата31.12.2021
өлшемі0,89 Mb.
#22291
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67
Байланысты:
����������� � �� �������

Неокантианство  –  Х1Х  ғасырдың  соңғы  үшінші  ширегі  мен  ХХ  ғасырдың  бірінші 

ширегінде  орын  алған  философиялық  бағыт,  яғни  оның  өкілдерінің  шешпек  болған 

философиялық проблемаларының өзегі сонау классикалық неміс философиясының алғашқы 

өкілі  И.Кант  философиясын  талдаудан  келіп  шығады.  Ол  Германияда  ХІХ  ғасырдың  60 

жылдарында    орын  алды.  Неконтианстваның  көпшілікке кең  таралуы  кезеңі  ХІХ  ғасырдың 

аяғы мен ХХ ғасырдың басы болмақ. Бұнда екі философиялық мектеп орын алады: Марбург 

және  Баден  немесе  Фрейбург.  Бұл  мектептерге  тән  жалпы  мәселелер  Кант  ілімінің  ақылға 

сыйымды тұстарын қазіргі жағдайға қолайлы  философиялық принциптерге сүйене отырып, 

қоғам мен ғылымдағы өзекті мәселелерді шешуге, ғылыми танымның методтарын зерттеуде  

философияны    ғылымның  сыни  теориясы  ретінде  түсінуге  тырысты:  шындықты 

түсіндірудегі трансцендентальдық методқа арқа сүйеуге, таным шындықты бейнелеу немесе 

реальдылықты ұсыну ғана емес екендігіне  сәйкес түсіндіруге, жалпы ғылымдағы танымның 

предметін іс-әрекет ретінде қалыптастыруға бағытталды.  

Бірақта  неокантиандықтың  әртүрлі  мектептері  бұл  жалпы  принципті  талдауда  бір-

бірінен  өзгешеліктері  жетерлік.  Марбург  мектебінің  өкілі  –  Г.Коген  (1842-1918),  П.Наторп 

(1854-1924),  Э.Кассирер  (1874-1945)  танымның  трансцендентальдық    методын  өңдеуге  бар 

күштерін салып, ғылыми танымды психологизмнен, яғни ғылыми білімнің антропологиялық 

негіздегі бірлігінен босатуға тырысып бақты. 

Баден  мектебінің  өкілдері  –  В.Виндельбанд  (1848-1945)  және  Г.Риккерт  (1863-1936) 

ғылыми  танымның  методологиясын  өндей  отырып,  оның  философиядағы  мәніне  аса  назар 

аударды.  Философия  олардың  ойынша  аксиология-  құндылық  туралы,  нормативтік  ілім. 

Оның  пәніне  субъекті мен  құндылықтардың қатынасын  зерттеу  жатады.  Риккерт  бойынша, 

құндылық  өз  алдына  бір  “патшалықты”  қалыптастырып,  субъект  пен  объектінің  арғы 

жағында жатырған “трансцендентальдық әлемнің маңызын” көрсетеді.            





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет