«философия» пәні бойынша


Фрейдизм және неофрейдизм



Pdf көрінісі
бет25/67
Дата31.12.2021
өлшемі0,89 Mb.
#22291
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   67
Фрейдизм және неофрейдизм – Австрияда кейін Европа мен Америкада ХХ ғасырдың 

20 жылдары пайда болған психоаналитикалық философияның даму кезеңі болып табылады. 

Бұл  философиялық  бағыттың  эмпирикалық  базасы  ретінде  психоанализ  көрініс  береді. 

Алғашында  Фрейдизм  невроздарды  түсіндіретін  және  емдейтін  ілім  ретінде  қалыптасып, 

кейін келе дау-жанжалды жағдайға тап болған саналық пен санасыздық арасындағы қарым-

қатынасты,  санасыздықтың  өзіндік  заңдылықтары  мен  әрекетшілдігін  түсіндіруге 

бағытталған теорияға айналды. Фрейд адам психологиясының динамикасын түсіндіру үшін, 

оның  психологиялық  үштүпнегізін  қарастырады.  Олар  «Мен»,  «Жоғарғы  Мен»  және  «Ол». 

Фрейд  өзінің  басты  идеясын  жеке  адамның  «психосексуалдық  даму»  жөніндегі  теория 

төңірегінде өрбітеді. Бұл теория бойынша,  адамның еркінен тыс ұдайы конфликтілер жасап 

отыратын  бір  күш  бар,  соның  нәтижесінде  сана  мен  санасыздық  арасында  қақтығыстар 

болып  тұрады.  Қақтығыс  (либидо)  құмарлыққа  ұмтылушы  санасыздық  пен  саналы 

қалыптасқан,  толысқан  «шындық  принципі»  арасында  болады.  Фрейдизмнің  қазіргі 

жақтастары неофрейдизм болса, Адам өзінің даралығын жоғалтатын, сыртқы дүниеден және 

өзінен  жатқа  айналатын,  адамдық  өлшемдерден  арылатын,  жеке  адамның  азғындауының 

және  қоғамдық  мүдде  мен  жеке  мүдде  арасындағы  қайшылықтардың  себептерін  аша 




44 

 

алмайтын  қазіргі  батыс  қоғамына  сын  көзбен  қарады.    Мысалы,  психоанализ  идеяларын 



жалғастырушы  К.Г.Юнг  инстинктер  биологиялық  емес,  символикалық  мәнге  ие  деді. 

Өйткені символика психиканың өзінің құрамдас бөлігі болып табылады.  

Ұжымдық  санасыздық  –  барлық  нәсілдер  мен  халықтарға  тән,  жалпыадамзаттық 

тәжірибе.  Ол  адамға  дейінгі  жануар  сипатын  және  адамзаттың  бұрынғы  жадысының 

жасырын іздерін көрсетеді. Ол мифологияда, халық эпосында, діни сенімдерде тұрақталған 

және қазіргі заман адамдарында түс көру арқылы жоғарыға шығады, көрінеді.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет