Аналық махаббат. Тең дәрежелілер арасындағы махаббаттың формалары болып
табылатын ағалық және жыныстық махаббатқа қарама қарсы аналық махаббат бар. Негізінен
ана мен бала арасындағы байланыс өзінің табиғаты жағынан тең дәрежеде емес, өйткені бала
әрдайым көмекті қажет етеді де, ал ана әрдайым сол көмекті беріп отырады. Өзінің
альтуристік және шексіз сипаттағы ана махаббаты – махаббаттың ең жоғарғы түрі болып
табылады және бүкіл эмоционалдық байланыстардың ішіндегі ең қасиетті сезім болып
табылады. Шынымен де аналық махаббаттың ең жоғарғы жетістігі ол ананың сәбиіне деген
махаббаты емес, оның өсіп келе жатқан ұрпаққа деген махаббаты болып табылады.
Трансценденциялануға деген қажеттілік ол адамның өзінің санасының түпкірінде жатқан
негізгі қажеттіліктерінің бірі болып табылады. Ол осы жарық дүниедегі өзінің роліне
қанағаттанбағандықтан, өзін кубоктан қалай болса солай лақтырылып тасталған ойынның
тасы ретінде қабылдай алмайды. Ол өзінің енжар ролінің шеңберінінен асып шығып, өзін
жасампаз ретінде сезінгісі келеді. Осы әлем мен адамның жаратылысынан қанағат алуға қол
жеткізудің көптеген жолдары бар, осындай қол жеткізудің аса жеңіл әрі табиғи жолы ол –
аналық қамқорлық пен оның жасампаздығына деген махаббат. Өйткені ана бала арқылы
өзінің шеңберінен асып шығады. Балада ол өз өзінің шеңберінен шығады, ананың махаббаты
оның өміріне мән мен мағына береді. (Бала тудыру арқылы трансценденциялануға деген
өзінің қажеттілігін қанағаттандырудағы еркектің қабілетсіздігінің өзінде оның өзінің
қолынан туғандары мен идеяларының шеңберінен асып шығуға деген қажеттілік жатыр).
Бірақ бала өсуі керек. Бала ананың ыстық алақаны мен ыстық ұясынан шығып тәуелсіз
тұлғаға айналады. Аналық махаббаттың негізгі мәні ол баланың өсуіне қамқорлық жасау, өз
аяғынан тік тұрып кетіп өз алдына өмір сүруіне жағдай жасайды. Жыныстық махаббаттан
аналық махаббаттың ең басты ерекшелігі нақ осыда. Жыныстық махаббатта бір біріне қарама
қарсы екі адамның бір тұтастықққа бірігуі көрініс береді. Ал аналық махаббатта бір тұтастық
пен бірлікте болған екі адам бір бірінен ажыратыла бастайды. Анасы баласының өзінен
ажырап бөлектене бастағанына көніп қана қоймай, сонымен бірге оны қалыпты жағдай деп
қабылдап бұған өзі көмектесіп жағдай жасауы керек. Нақ осы қиын кезеңде аналық махаббат
өте қиын да күрделі жағдайға душар болады. Өйткені бұл жағдай анадан өзінің сүйікті
адамының бақытынан басқа қолындағы бар нәрсесін беруді, барлығын құрбан қылуды, бірақ
бұдан мұның еш қайтарымын күтпеу қабілеттілігін, бар жан тәнімен берілуді және
адалдықты талап етеді. Нақ осы кезеңде көптеген аналар аналық махаббаттың осындай
күйкісіне шыдай алмай, қабілетсіздік танытады. Өсіп келе жатқан балаға деген ананың
махаббаты алуды емес, тек беруді ғана көздеген, ешқашан баладан қайтарымды күтпейтін
шынайы, таза да пәк махаббат және бұл - махаббат атаулының ішіндегі ең күрделі
формаларының бірі. Егер әйел өз күйеуін, бүкіл адамзатты өз баласын, басқа адамдарды
сияқты жалпы жақсы көруге қабілетті болса ғана шынайы ана бола алады. Ол егер де әйелде
жалпы адамзатқа деген осындай махаббат болмаса, онда ол бала өсем дегенге дейін, жас
59
сәбиге ғана нәзіктік танытқан ана бола алады. Шынайы ана - баласы өзінен алыстап жыраққа
кетсе де ол оны жақсы көруін жалғастыра бермек.
Достарыңызбен бөлісу: |