«философия» пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет37/67
Дата31.12.2021
өлшемі0,89 Mb.
#22291
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   67
Ағалық  махаббат.  Ағалық  махаббат  бұл  махаббаттың  барлық  түрлерінің  негізінде 

жатқан  махаббаттың  фундаментальды  түрі.  Ағалық  махаббат  ол  жауапкершілік  сезімінен, 

басқаға әрдайым көмектесуден, оған мейірімділік танытып, қамқор болудан көрініс табады. 

Әлсіздерге,  кедейлерге  көмек  көрсетіп,  мейірбандық  таныту  бұл  ағалық  махаббаттың 

бастамасы  болып  табылады.  Тек  өзіңнің  ағайындарың  мен  жақындарыңа  ғана  көмектесіп 

мейірімділік  таныту  да  бар,  бірақ  ол  шынайы  ағалық  махаббат  емес.  Бұл  адамдыққа 

жатпайды.  Өйткені  жан-жануарлардың  өзі      балаларын  ғана  жақсы  көріп  оған  қамқорлық 

танытады.  Мысалы,  дәрменсіздер  өзінің  қожасын  жақсы  көреді,  өйткені  оның  өмірі 

қожайынының қолында. Бала өзінің ата анасын жақсы көреді, өйткені олар оған керек. Бірақ 

та шынайы махаббатта ешқандай мақсат болмайды. Алдына ешқандай мақсат қоймағандарға 

ғана  шынайы  махаббат  ашыла  бастайды.  Ағалық  махаббат  бұл  тең  дәрежедегілер 

арасындағы  махаббат,  бірақ  тең  дәрежелілер  де  әрдайым  тең  болмайды.  Апа,  сіңлілер  мен 

ағалар арасындағы махаббат – бұл да ерекше феномен. Балалар алғаш рет ойнағаннан бастап 

біреуі үлкен аға немесе үлкен апа болып жатады. Өйткені, отбасындағы жасы үлкен балалар 

ата  анамен  бірге  кішкентайларға  қамқорлық  танытып,  оларға  әлеуметтік  жағынан  қолдау 

көрсетеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет