жақындықпен байланысты махаббатты білдіреді. Бұл ата ана мен бала, ері мен әйелі, отаны
Орта ғасырларда христиандық ілімі махаббатты адамның мәнін терең ашатын
адамгершіліктің ең жоғарғы принципі ретінде анықтаған болатын. Христиандық ойшыл
Аврелий Августин махаббаттың үш түрлі формаларын көрсеткен болатын, олар: адамның
құдайға деген махаббаты, жақыныңа деген махаббат және құдайдың адамға деген махаббаты.
Стендаль өзінің «Махаббат туралы» деген трактатында махаббаттың төрт түрлі
2. Махаббат ол ақыл-ойдың бақылауынан шығып кетуге қабілетсіз және жүректе суық із
3. Махаббат ол сәттілікпен басталған кездейсоқ жағдайда болатын инстинктердің күтпеген
жерден жалын секілді жарқ етіп жоқ болып та кететін физикалық, яғни тән махаббаты;
4. Махаббат ол паңдық, яғни буржуазиялық тұрғыдан есепке ғана негізделген
пайдалылықты көздейтін алдын ала ойластырылған махаббат. Мұндай махаббаттың
иегерінің сезімдеріне келсек, олар модадағы, қазіргі заманғы сәндегі әйелдерді ғана қалайды.
56
1. махаббат ол көбінесе береді де, бірақ ештеңе алмайды, бұл ата-ананың балаға деген
махаббаты;
2. махаббат ол көбінесе алады, бірақ ештеңе бермейді, бұл баланың ата -анаға деген
махаббаты;
3. махаббатта осы жоғарыда көрсетілген белгілердің екеуі тепе-тең түседі, бұл
жыныстық немесе ерлі зайыптылардың махаббаты.
Енді махаббаттың сипаттамаларының ең маңызды ерекшеліктері неде? Осы сұрақтарды
талдайық: Махаббаттың экзистенциалдық анықтамасы, яғни оның сезімінің терең осі – бұл
сүйікті, ғашық адамыңды өзің сияқты көру, оған да өзіңе сияқты қарау, онымен өзіңді бір деп
ұғыну. Мұнда сүйіп отырған емес, сүйікті адам маңыздырақ. Махаббат болашақты көруге
меңзейді, алдағы перспективаларды көруге мүмкіндік береді; сүйіктіңнің, яғни ғашық
адамыңның ерекше мүмкіндіктерін ашады. Махаббаттың басты құпиясының бірі – оның таң
қаларлықтай, екі жақты оптика сияқты екендігінде. Сүйікті адамыңның жақсы жақтарын
бинокльмен ұлғайтып көрсетіп, ал кемшіліктерін теріс айналдырылған бинокльмен
кішірейтіп көрсететіндігінде. Адам өзінің сүйікті ғашығын әлемдік өлшеммен теңестіреді.
Ғашық адамның іштей өзінің таразысы болатындай, ол таразының бір басына ғашығын, ал
екінші басына бүкіл жер шарын қояды. Яғни бір жанды бүкіл адамзатпен тең дәрежеде
қояды. Жақсы көру, сүю дегеніміз басқа адамды бүкіл әлемдік өлшем ретінде түйсініп,
ұғыну, оны адамзаттың өкілі ретінде тану, оны бақытқа бөлеуге ұмтылу, оған адмзаттың
шеңберінде қарым қатынас жасау, яғни оған шектен тыс қайырымдылықпен, мейірімділікпен
және қамқорлықпен қарау. Шынайы махаббатта екі орталықтық, эгоистік қатынастар
болмайды және бұл оның ең маңызды негізі болып табылады.
Махаббатта сезімділіктің үш түрлі типері бар, олар: біріншіден, жалпы сезімдер, бұл
бүкіл ғасырға тән барлық халықтардың махаббатында кездеседі, яғни бұл махаббатты басқа
да сезімдерден ажыратып тұратын ерекшелік. Екіншіден, типологиялық сезімдер, яғни
махаббаттың бір ғана типімен жақсы көретін адамдардың сезімдері сияқты, бірақ та
махаббаттың басқа типімен жақсы көретін адамдардың сезімдеріне тіпті ұқсамайды.
(мысалы, холериктің махаббаты – «гейзер», флегматиктің махаббаты – «мұхит» сияқты).
Үшіншіден, «индивидуалдық, жеке» – бұлар басқа ешқандай адамдарға ұқсамайды; мұнда
ерекше қайталанбас сезімдер мен осындай сезімдердің қайталанбас үйлесімдері көрініс
береді.
Махаббат бұл адам еркіндігінің көріністерінің бірі. Адамды ешкім біреуді немесе өз
өзін жақсы көріп сүюге мәжбүрлей алмайды, өйткені оны жұмыс істетуге, тіпті зұлымдық
жасатуға да мәжбүрлеуге болады, бірақ жақсы көргізуге емес. Жалпы махаббат дегеніміз,
интуиция мен түсіну тәжірибесін талап ететін өнер болып табылады. Жақсы көруге, сүюге,
махаббатқа деген қабілетсіздік биологиялық емес ол жанның, яғни психологиялық кемістік.
Махаббат әр түрлі дәреже мен деңгейде дамуы мүмкін, махаббаттың болмауы мүмкін емес,
махаббат болмаса адамзат та болмас еді.
Махаббат философиясында махаббаттың мынадай түрлері бар, олар: ата ана мен бала
арасындағы махаббат, аналық махаббат, әкелік махаббат, ағалық махаббат, өз өзіне деген
махаббат, құдайға деген махаббат және жануарларға деген махаббат және т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: