«философия» пәні бойынша


Сакрализация  діннің  ерекше  функциясы



Pdf көрінісі
бет51/67
Дата31.12.2021
өлшемі0,89 Mb.
#22291
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   67
Сакрализация  діннің  ерекше  функциясы.  Қоғамдағы  интеграциялық  процестердің 

дамуы мен сақталуы үшін тек дін жауапты емес, оған  мифология, философия, өнер, мораль, 

ғылым және т.б. әсер етеді. 

Бірақта  сана  мен  рухтың  бұл  формаларының  ешқайсысы  фундаментальды 

құндылықтарды  сакральдамайды.  Егер  дін  мифті  қарастырмаса,  онда  миф  сакральді  емес. 

Философия мәселелерді шешпейінше өмір сүреді, Өнер өзінің туындыларындағы шындыққа 

сенімді қажет етпейді, бірақ дін өнерді дінге ауыстырып, Негізгі құндылықтарды сакральдау 

процедурасы  дінді  басқа  дүниеге  қатынас  формаларынан  және  қоғамдық  институттардан 

айырады. 

Дюркгеймнің діннің дефинициясына қатынасын толықтыра отырып, дінді қалыптасқан 

сакральды  байланыстарды  іздеу  ретінде  анықтауға  болады.  Бұл  анықтама  дінді  басқа 

қоғамдық  рух  формаларынан  айыруға  мүмкіндік  береді:  негізгі  құндылықтарды  сакральдау 

процедурасы  дінді  философиядан,  өнерден,  мифтен,  моральдан,  ғылымнан  айырып 

көрсетеді. 



Эзотеризм.  Сакральдік  құпиялылықпен  қатар  қойылған.Бұ  тұрғыда  ол  эзотеризм 

ұғымымен ашылады, ол әрбіреулерге берілмейді, ол нақты емес, жасырын, анық емес.  Көне 

Грек  философиясында  эзотериялық  ілім  ретінде  ұстаздың  айтқандары  оның  ерекше 

ізбасарларына  берілуі.  Мысалы,  Платон  арқылы  александрлық  жаңа  пифагоршылдарға 

жеткен  пифагорлық  ақиқат,  олар  өздерінің  мақсаты  ретінде  ізбасардың  рухы  мен  жанын 

зерделенбеген даналықпен толықтыру. 

Әрбір  діни  ілімде  эзотериялық  және  экзотериялық  жақтары  бар.  Сонымен  қатар 

эзотеризм  діни  сипатта  болуы  міндетті  емес.  Эзотеризм  рухтың  мынадай  қабілеттерімен 

сенім, намыс, мистикалық түсінумен болмыстың мәндерін тануда пара-пар. 

Мистицизм.  Мистика  (грек.  mystikos  құпия,  жабық),  мистерия  и  мист  ұғымдары 

адамның қасиетті және жасырынға жетуді суреттейді. Мистицзм трансцендентті шындықты 

білу  мүмкіндігін  негіздейтін  діни-философиялық  концепция.  Сонымен  бірге  мистикалық 

когнитивті  жағдайларда  әр  түрмен  анықтауға  болатын  сананың  объектісі  болмайды. 

Болмысты  мистикалық  тұрғыда  түсіну  дүниені  эйдостар,  идея,  идеалдар,  сенсорлы 

қабылдаулар,  ұғымдар,  символдар  немесе  модельдер  арқылы  түсінуге  қарама-қарсы.  Тар 

мағынада  мистикалық  деп  құдаймен  үнемі  қатынас  тәжірибесін  түсіндіреді,  адамның 

Абсолютпен нақты кездесудегі экстазды басынан өткізу. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет