Aлгебра ғылымының негізін салушы. Математика саласындағы ең ірі еңбегі «Китаб ал-жабр ва мукабаа» деп аталады. Заманында бұл еңбегі жоғары бағаланып, оны «алгоритм атасы» деп атаған. Хорезмиді «Астрономия кестесі», «Күн сағаты туралы трактат» еңбектері жоғары бағаланған.
Әбу Әли ибн Сина(980-1037) Oл - Фарабидіңшәкірті болған. Аристотельдің еңбектерін өзі оқып түсінуге ұмтылған. Ол - «Дәрігерлік ғылым каноны» атты 5 кітаптан тұратын медициналық энциклопедияның, «Білім кітабы» деп аталатын философиялық энциклопедияның, араб және парсы тілдерінде жазылған терең ойлы өлеңдердің авторы.
Көрнекті математик, астроном, ақын әрі ойшыл Омар Хайям мұсылмандық теологияның діни қағидаларын аямай сынға алып, жан өлмейді және ол дүниеде мәңгі өмір сүреді деген түсініктерді теріске шығарды.
X-XV ғасырларда Орта Азиядағы ірі қалалардың бірі Самарқан болды. XV ғасырда елдің астанасы болған қала кеңейіп, Ұлықбектің кезінде мәдениет және сәулет өнерінің орталығына айналды. 1428-1429 жылдары Самарқан қаласында аспан олемін бақылайтын орын - обсерватория салынды.
Зороастризм дінінің негізгі табынатын, мінәжат ететін стихиясы — от, бір сөзбен айтқанда, отқа құлшылық ету діні. Зороастризмнің екінші бір қағидасы — дүниенің екі түрлі, бір-біріне қарама-қарсы болмыстардан тұратындығы туралы ұғым. Мысалы, рухани—тәндік, пайдалы—зиянкес, адал—арам, ақ—қара, жақсы—жаман, т.б.
Зороастризм храмы
Түркі дәуірінде қазақ жеріне буддизм діні де енген. Бұмын қағанның ұлы Мақан қағанбудда дінін қабылдап, буддалық насихат кітаптарды түркі тіліне аудартқаны белгілі. Бұл жұмысТаспар қаған кезінде де жалғасқан. Түркі кағандарын буддизмнің: "Адам өлтірме, өтірік айтпа, ұрлық жасама, қызулы ішімдік ішпе" деген уағыздары қызықтырған болса керек.
Христиан дінінің несториандық ағымы VII—VIII ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде христиандық шіркеулерді көптеп салған. Алдымен христиандықты қабылдаған қарлұктар болған, шіркеулер Тараз, Мерке, Қойлық, Жамұқат, Науакент, Фараб, т.б. қалаларды қазғанда табылды.
Түркі қағанатызаманындаОрталық Азия мен Қазақстан жерінде манихей діні де таралды. Оның қасиеттіқағидалары"Бал ашу кітабында" жазылған. Қазақ жерінде манихейліктің орталығы Тараз қаласында болды.
Манихейліктің негізгі қағидасы — дуализм, ол бойынша дүниеде екі түрлі күш бар, оның бірі — адалдық күші де, екіншісі — арамдық (жауыздық) күші. Өмір осы екі қарама-қарсы күштердің күресінен тұрады. Манихей діні жаман пиғылды күштерді құртуға бағытталған.
Әдебиеттер:
1.ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру.
2.Әбжанов Т.Ы. Қазақ рухының философиясы. — Қарағанды: ҚарМУ
баспасы.
3.Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында», Алматы «Атамұра». 1999ж.
4.Жақып Б. «Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихы».2010 ж.
5.Адырбек Н. «Ұстаным-ұлттық сана».Алматы 2013ж.
6.Абдыкалыков А. «Жаңғырудың негізі-білім мен ғылымда».Игілік
2018ж.
7.Адырбек Н. «Ұстаным- ұлттық мүдде».Қазығұрт 2013ж
8.Анықбай Е . «Қазақ үнін әлемге дабылдатқан». Айқын 2015ж.