Философия пәнінен емтихан билетінің сұрақтары


Қоғамның типтері. Ақпараттық қоғам



бет41/49
Дата18.10.2023
өлшемі188,47 Kb.
#118249
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49
64.Қоғамның типтері. Ақпараттық қоғам.
ҚОҒАМНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТИПТЕРІ: 1.ДӘСТҮРЛІ ҚОҒАМ
2.ИНДУСТРИАЛДЫ ҚОҒАМ 3.ПОСТИНДУСТРИАЛДЫ ҚОҒАМ
ДӘСТҮРЛІ ҚОҒАМНЫҢ МАҚСАТЫ - БИЛІК. ИНДУСТРИАЛДЫ ҚОҒАМНЫҢ МАҚСАТЫ - АҚША.
ПОСТИНДУСТРИАЛДЫ ҚОҒАМНЫҢ МАҚСАТЫ - БІЛІМ.
ҚОҒАМНЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ: 1.материалдық игіліктерді өндіру;
2.дүниеге нәресте әкелу және адамды әлеуметтендіру;
3.рухани игіліктерді өндіру;
4.еңбек өнімдерін бөлу;
5.адамдардың мінез-құлқын және қызметін реттеу, басқару.
Ақпараттық қоғам - өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпаратттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам. Әлемнін мәдениетті елдер қатарында болған компьютерлік революция адам жан дүниесінің, қоғам идеологиясының, білім мазмұнын анықтау мен жаңа ақпаратты білім технологияларын құрастыру жолдарының өзгеруіне әкеліп соқтырады.


65.Постиндустриалды қоғам
— қоғамның даму сатысы. Постиндустриалды қоғам теориясының негізін қалаған Д.Белл, Д.Рисман, А.Тоффлер, З.Бжезинский, Дж.Гэлбрейт, т.б. Постиндустриалды қоғам термині АҚШ-та 20 ғ-дың 50 — 60-жылдары ғылыми айналымға еніп, 60-жылдардың аяғынан теориясы ғылыми негізделген, жаңа мазмұнға ие болды.
Постиндустриалдық Қоғам - экономикалык дамыған елдердің "индустриялықтан", "индустриялықтан кейінгі" қоғам типіне өтуімен сипатталатын қазіргі жағдайын білдіретін ұғым.


66.Діннің анықтамасы
Діннің жүздеген анықтамасы бар. Діннің анықтамасы бір кітап боларлықтай көп. Түрлі ғылым тармақтарының ғалымдары өзінің түсінігіне сай дінге анықтама берген. Бұл анықтамалардың ешқайсысы бір байламға келмеген. Дін жан-жақты білім саласы. Сондықтан әрбір ғалым діннің бір жағына баса назар аудара отырып анықтама берген. Дін адамның мәңгілікті түсінуін нығайтатын, ақыл-ойға жол бермейтін бір қабілет Макс Мюллер.
Дін, адамзатпен бірге пайда болды, адаммен бірге тіршілік етуде және куә болғанымыздай адамзатпен бірге болмысын сақтайтын тәңірлік жүйе.
Қысқаша айтар болсақ діннің анықтамасы. Сенім мен іс-әрекет түрлері және адамдар арасындағы қарым- қатынасты ретке келтіретін, сонымен адамдардың ізгі істер жасауын, бейбітшілік пен тыныштық ішінде, бір жерде өмір сүруін қамтамасыз ететін құралдар жиынтығы.

Дінді философиялық тұрғыдан анықтау. Философиялық анықтау методологиясы субстанциалық және универисализмдік жолдармен қарастырылады. Қандай бір құбылыс немесе процесс болмасын абстрактылы-логикалық сызбадан шығады. Антикалық философияда дінге берген анықтамада, дінді бір «абсолютке» элемнің рухына немесе бір жоғары идеяға теңеп анықтады.


Мұндай «абсолют» немесе «жоғарғы идеялар» элемнің негізі ретінде қарастырылады, олар қүдіретті күш емес, оларға бас ию, қүрбан шалу қажет емес. Мысалы: Аристотельдің Құдайлық түсінігі, «ең жоғарғы болмыс», денесіз әлемді «қозғаушы күш», «мэңгілік себеп» жэне дүниенің даму үрдісінің мақсаты.
Философтардың идеалистік топтары (олар да «рбір салаларға бөлініп кетеді), дінді адамның сапалық түсінігі ретінде, туғаннан берілетін сезім ретінде, оның керектілігін және мәңгілігін дәлелдейді. Осы идеалистік философтардың көрнекті философы И.Кантқа (1724-1804) тоқталып өтейік.
Ол Құдайдың барлығын дәлелдейтін теологиялық көзқарастарды сынай отырып, Қүдайдың болмысын моральдық принциптерге теңейді. Қүдай туралы Кант былай дейді: … Қүдай күбылыс ретінде белгі бермегендіктен, оның бар екенін дәлелдеу де, теріске шығару да мүмкін емес. Қүдай туралы мәселе — діннің ісі. Біз Қүдайдың барлығын дәлелдей алмаймыз, бірақ моральдық принциптер, өнегелілік сезімдер, Қүдайдың барлығын дәлелдеуге даяр түрады.

Дінді философиялық зерттеудің ерекшеліктері:


1) философия діннің адам мен қоғамның рухани өміріндегі құбылыс, қоғамдық сананың формасы ретіндегі мәнін анықтайды;
2) көзқарастың түрі ретінде зерттейді;
3) діннің пайда болуының әлеуметтік және гносеологиялық себептерін талдайды;
4) діннің қоғамда атқаратын функцияларын жіктейді;
5) сенім мен ақылдың арақатынасы мәселесін қарастырады;
6) діннің адам бойында адамгершіліктікті қалыптастырудағы рөлін көрсетеді;
7) діни сенім бостандығы мәселесін зерттейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет