Философия пәнінен қорытынды бақылау сұрақтары Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия


Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны. Адам, оның



Pdf көрінісі
бет35/63
Дата29.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#144904
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63
Байланысты:
Философия ответы

 
40.Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны. Адам, оның 
ажалдығы және ажалсыздығы.
Мәселеге 
терең қарағанда
, өмірдің мән-мағнасы болуының өзі оның
өліммен бітетінінде болса керек. Расында да, біле-білген адамға 
өмірдің
шектелгені әрбір күн мен жылды, минут пен сағатты бағалауға, 


тиімді
жұмсауға итереді. Антик дәуіріндегі стоиктер “Өлімді есіңнен 
шығарма !”,-
деген болатын. Оның терең мәні - өз өміріңде әр іс-қимыл, басқа 
адамдарға
деген қатынастар, айтайын деген сөзіңді өмірдің соңындағы сияқты се
зінуде.
Мұндай өмірлік бағытты ұстау - адам өміріндегі қайсыбір уақиғаны 
терең
сезініп-тебіренуге, мейлінше мазмұнды өмір сүруге әкеледі. 
Жайшылықты
өмірде байқалмайтын кіші-гірім 
нәрселерге көңіл бөлініп
, Дүниенің
ғажаптығы айқындалып сезіледі.
Кезінде Ұлы Платон философия ғылымы бізді абыроймен өлуге
үйретеді,- деген болатын. Бұл пікірге толығынан қосылуға болатын 
сияқты.
Кейбіреулер өмірінің жартысын “гүлге қонған көбелек” сияқты 
өткізіп,
қырыққа келіп, ақылы тоқталған кезінде өз алдына өмірлік мақсаттар 
қойып,
оны асыға істей бастайды. Бірақ, көп жағдайда “Ұлы мәртебелі 
Табиғат”
оларды аяқтауға уақыт бермейді. Ондай адам өлер алдында бұлқан-
талқан
болып, бүкіл ағайын-
туғандарын тік тұрғызып, көп жағдайда азапқа салады. 
Ондай адамға өлер алдында “Әттең-ай!”,- деген өкініш келіп, сол 
аянышты
сезіммен өмірден кетеді.Екіншілерге өлім үрейін аттап өтуге діни 
сенім
көмектеседі. Олар тәні болмағанмен, жан-дүнием мәңгі өмір сүреді,- 
деген
үмітпен өмірмен қоштасады.
Үшіншілер бұл күйбең өмірде ішіп-жеу, ойын-сауық құру, 
әр сәттен 
 


ләззәт алудан басқа еш нәрсе жоқ,- деген өмірлік бағыт ұстайды. 
Бірақ,
оқтын-оқтын мешітке барып (кім біледі, мүмкін Алла–тағала бар 
шығар,-
деген ой кейбір кезде оның жүрегін сыздатады) садақа беріп, намаз оқ
ытады.
Бірақ, бәрібір ол болашақ өлімнің мұздаған лебінен құтыла алмай, 
жаны
түршігеді.
Енді Платонның айтқан философиялық дайындығы бар адамға 
келсек,
ол өз өмірін бүкіл Табиғаттың, Ғарыштың өмірімен байланыстырып, 
өзін
телегей-теңіздегі бір ғана тамшы ретінде сезінеді. Ол оны үлкен 
тебіреніске
әкеліп, өлім өмірдің соңында келетін заңды табиғи үрдіс екеніне көзі 
жетеді.
Ондай адамды өлім үрейлендіре алмайды.
Бесінші адамдар өз тағдырының шеңберінде тырысып бағып өмірдің
шаттығын да, зардабын да толығынан басынан өткізіп, бұл өмірде өзі
не тән із
қалдыру жолында бар күш-қуатын аямай жұмсап, өлім алдына 
өмірден
шаршаған сияқты сезіммен келеді. Ол өз өмірін толығынан аяқтады.
Ешқандай өкініш жоқ. Орындалмаған 
армандар болғанның өзінде
, ол 
оны
табиғи заңдылық ретінде түсінеді. Ол – нағыз адам. Ондай адам көп ж
ұрттың
есінде мәңгілік қалады.
Соңғы жылдары Батыс университеттері мінбелерінде “аутоназия” (aut
o
- өзім, nazіa - өлім) мәселесі қызу талқылануда. Орыс әдебиетінде бұл
терминді өз тілдеріне жақындатып “эвтаназия”,- дейді. Әңгіме 
адамның өз
еркімен қоғамның көмегі арқылы бұл дүниеден кетуі. Яғни, оның
“суицидтан”- өзін-


өзі өлтіруден айырмашылығы – ол қоғамның рұқсаты және
көмегімен өз қалауы бойынша дүниемен қоштасады. Тәндік-сезімдік 
ләззәт
алу өмір бағытын ұстаған Батыс адамы өмірінің соңында да еш 
зардап
шекпей бұл өмірден тәтті ұйқыға шомылып кете барғысы келеді. Енді 
бұл
мәселені біз де талдап көрелік.
Бір қарағанда бұл мәселені 
Батыс цивилизациясының гуманистік даму
жолындағы үлкен жетістіктерінің бірі ретінде қарағың келеді. 
Расында да,
егер адам қатерлі ісікпен (рак) ауырып, қатты зардап шегуде, я 
болмаса,
қартайып, қолынан күш кетіп ешкімге керек болмай қалған т.с.с. 
жағдайда
қоғам ондай адамдарға өз еркімен дүниеден кетуге 
көмектессе де 
болатын 
 
сияқты.
Бірақ, мұндай көзқарас бүкіл дүниежүзілік діндердегі өмір жөніндегі
терең интуицияларға (көкей көзге) қайшы келеді. Бұл Дүниеге келген 
әр адам
Иса пайғамбардың арқалаған ауыр жүгіне мойынсынуы керек. 
Екіншіден,
бірде бір адам өмір соңында “қайғылы үштікті” (зардап, күнә, өлім) 
аттап
кете алмайды. Ол да болса өмірдің соңғы тәжірибелерінің бірі, 
қоршаған
адамдарға ой салатын өнеге емес пе?! Соңғы өмір зардаптарынан өту 
– адам
рухын шексіз күшейтіп, оның ішкі жан-дүниесін тазартып, адамның
абыроймен бұл дүниемен қоштасуына мүмкіндік жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет