Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну сана фактілерін, сана феномендерін, сананың қалыптасуын қарастыруды қамтиды. Сана тек адамда болғандықтан,сана мәселесін қарастыруда антропосоциогенез адамның пайа болуы мен дамуының сатыларын талдау маңызды.
Қоғамдық сана және жеке сана. Жеке сана мен қоғамдық сананың арақатынасын жеке мен тұтастың арақатынасы ретінде қарастыруға болады. Жеке сана қоғамдық сананың бөлігі, оның құрамында қоғамдық сананың элементтері ылғи да болады. Адам өмірге келгенде қоғамда өзіне дейін қалыптасқан өндірістік қатынастарға, қоғамның экономикалық негізіне ғана емес, рухани мәдениет пен мәдени құндылықтар дүниесіне қадам жасайды.
1. Сана онтологиялық мәселе ретінде
Қарапайым немесе әдеттегі сана – адамның қоршаған ортаны бейнелеуінің тарихи жағынан алғанда алғашқы тәсілі, қоғамның рухани өмірінің ажырамас бөлігі. Кейбір ойшылдар қарапайым сананы тоғышарлық сана, жаңаға қабілетсіз деп, төмен бағалайды. Мысалы, осындай менсінбеушілік Гегельде кездеседі, бірақ ол қарапайым сана жалпы адамзаттық мәдениеттің байлығын игеруге талпынса, ғылыми деңгейге дейін көтеріле алады деп сенеді. Ал Кант қарапайым санаға құрметпен қарады. Шынында да, қарапайым сана нақты өмір сүріп отырған адамдардың, қоғамның құрамдас элементтерінің санасы, бір тұлғаның екінші тұлғадан айырмашылығын көрсететін және оларды бір қоғамдық тұтастыққа біріктіретін рухани микрокосм, адамдардың күнделікті өмірлерінің қарапайым уайым-қуаныштарының, үміттерімен түңілулерінің жиынтығы. Қарапайым сананы зерттеу арқылы қоғамның жалпы көңіл-күйі, тыныс-тіршілігі туралы мол мәлімет алуға болады. Осы жерде «қоғамдық психология » ұғымын қарастырған дұрыс.
1. Сана онтологиялық мәселе ретінде
Теориялық сана. Адамның бойында тек қарапайым сана, немесе, тек теориялық сана болуы мүмкін емес, олар бірін-бірі толықтырып отырады. Теориялық сана – маңызды байланыстар мен заңдылықтардың ғылымда және қоғамдық сананың басқа формаларында бейнеленуі, ол тарихи және теориялық алғышарттарға, рухани қызметке сүйенеді. Осы анықтама арқ-ылы қоғамдық идеологияның мәнін түсінуге болады. Философиялық әде-биетте идеология теория, негізделген, жүйелі, ретті білім деп қарастыры-лады. Идеологияның анықтамасын мына түрде беруге болады.
Идеология – саяси, құқықтық, эстетикалық, діни, көркемдік және басқа идеялар мен концепциялардың жүйесінен тұратын, өзінде теориялық негіздермен қатар, іс-әрекет багдарламаларын, идеологиялық ұста-нымдарды көпшілікке тарату механизмдерін біріктіретін күрделі рухани құрылым.
Қогамдық психологиямен қогамдық идеологияның ерекшеліктері және бірлігі:
2) Қоғамдық психология идеологияның таралу кеңістігі, бірақ ол пас-сивті негіз емес, ол идеологиялық құрылымдарды сұрыптап-таңдайды, кейбіреулерін қолдауы мүмкін, ал кейбіреулерін терістейді;
3) Идеология жүйелі түрде идеологтар мен саясаткерлердің қызметі арқылы жасалады.