Сабақтың мақсаты: Студенттерді сана, жан және тіл тақырыбымен және мәселесімен таныстыру. Жоспар



бет1/4
Дата26.06.2023
өлшемі36,25 Kb.
#103423
түріСабақ
  1   2   3   4

3 Дәріс. Сана, жан және тіл.


Сабақтың мақсаты: Студенттерді сана, жан және тіл тақырыбымен және мәселесімен таныстыру.
Жоспар:
1.Философия тарихындағы сана мәселесі. Сананың генезисі
2.Сананың мәні. Сана шындықты бейнелеудің әлеуметтік-мәдени формасы ретінде. Қоғамдық және жеке сана, олардың өзара байланысы
3.Саналылық және бейсаналылық. З.Фрейдтің бейсана концепциясы. К.Юнг архетиптері.
4.Сана және тіл.

Сана адам миының функциясы. Сана проблемасының философияда қойылысы.


Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым – осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың баламасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны бастапқы деп санағн. Бұл идеализмге әкелген.
Сонда сана дегеніміз не? Ол қайдан, қалай пайда болады? Өлі материядан қалайша тірі дүние: өсімдіктер, жануарлар, адам пайда болды? Осылардың бәрінің негізінде не жатыр? Оның мәні неде? Сана белгісіз, ғайыптан пайда болған, дайын күйінде біздің миымызға енген құбылыс емес. Іштен де тумайды. Әрине, адам бойында атадан балаға көшетін кейбір нәсілдік бейімділік, қабілет те болады. Оның дамуы да түрлі жағдайларға байланысты. Бірақ сана ондай қабілет емес. сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми – оның мекені. Сана адам миы қызметінің жемісі. Бірақ ми түрлі жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Бұл өте күрделі процесс, материалдық дүниенің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. Оған жету үшін әлем неше ықылым заманды бастан өткізді. сананың миға қатысы бар екенін мойындамай, сана миға сырттан дайын күйнде интроекция арқылы келеді-міс деген жалған пікір таратқан махист Р. авенариусты В.И Ленин «Материализм және эмпириокритицизм» деген еңбегінде өткір сынға алған болатын.
Дін иелері сананы материядан тыс, дербес және мәңгі өмір сүретін, ешқашан өлмейтін құбылыс деп қарастырады. Ертеде сананы, жанға, ал жанды ұшып жүретін шыбынға балаған. Халқымыздың «шыбын-жан» деген сөзі осындай ұғымнан туындаған. Діндарлардың пікірінше, адам ұйықтағанда шыбын-жан денеден шығып кетеді, адам ұйықтағанда шыбын-жан денеден шығып кетеді. Түс-сол шыбын-жанның дүние кезіп жүргендегі көргендері. Кейін ол шыбын – жан қайтып оралғанда, адам ұйқыдан оянады деп түсінген. Ұйықтап жатқан адамды абайлап ояту тәртібі осыдан шыққан болса керек. Өлген кісілерге дұға оқу, құдайы беру, оларды еске алу бейітті елді мекендерге, жолға жақын жерге салу – осылардың бәрі сол адам жаны мәңгі өмір сүреді деген ұғымнан пайда болған. Сірә, о дүние, жұмақ, тозақ деген діни ұғымдар, әрине, осындай пікірден туындаса керек. Материя емес, мәңгі өлмей өмір сүріп, бірден-бірге көшіп-қнып жүретін рухани дүние-жан деген ұғымнан тотемизм, басқаша айтқанда өзін түрлі хайуанаттармен, өсімдіктермен тұқымдас деп түсінетін ұғым пайда болған. Бұл - өте ертедегі дәуірде туған түсінік.
Идеалистік философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғылысын дамуын қарастыратын күш деп түсінеді. Бірақ сананың пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіну де оңайғатүскен жоқ. Кейбір материалистер сана барлық материяда бар деп түсінген. Мәселен, орта ғасырда өмір сүрген Д. Скоттың түсінігінше, тіпті тас та ойлай алады-мыс. Мұндай бүкіл табиғатты жанды деп қараған ұғымды философияда гилозоизм деп атайды. Бұл ұғым ертедегі гректердің (hule – материя, Zое – тіршілік деген екі сөзінен құралған). Енді бір материалистер дүниенің бірлігі оның материалдығында екенін дұрыс ұғына алмай, сананы да материяға балаған. Мәселен, Фогт Бюхнер, Молешотт деген немістің жаратылыс зерттеушілері сана мидың жемісі екенін, бауырдан өттің бөлінетініменқатар қойып, екеуін бірдей алып қараған. Мәселен, Фогт «ойдың миға қатысы өттің бауырға қатысына барабар, бірдей» деп жазды. Әрине, ой да, өт те жеміс бірақ ой мидың рухани жемісі де, өт бауырдың материалдық жемісі. Бұл екеуін қатар қою материя мен идеяның қарама-қарсы екенін білмегендік немесе білгісі келмегендік. Сондықтан К.Маркс пен Ф.Энгельс мұндай пікірді тұрпайы материализм деп атап, орынды сынға алды.
Диалектикалық материализм бұл пікірлердің бәрін теріске шығарады. Ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, сана барлық материяның жемісі емес, тек ерекше ұйымдасқан материя – адам миының функциясы екенін дәлелдейді. Адам миы – аса күрделі әрі өте нәзік миллиардтаған жүйке клеткалардан (нейрондардан) тұратын аппарат. ол нейрондардың (клеткалардың) жалпы саны 14-15 миллиардтай. Әрқайсысы сыртқы сигналды жеке – дара қабылдап, тиісті шешімге де келе алады. Сондай-ақ олар өзара тығыз байланыста болып түрлі опреация жасағанда, миллиардтаған ақпаратты қабылдап, тиісті шешімге келіп отырады. Мәселен, адам миы 10–20 ақпарат қабылдай алады. Былайша айтқанда оның Мәскеудегі В.И. Ленин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасындағы жалпы ұзындығы 300 км созылған кітап сөрелерінде жинақталған миллиондаған томдардың ақпаратын сыйғызып, есінде, сақтай алатын мүмкіндігі бар. Адам бүкіл өмір бойында мидың сол мүмкіндіктерінің тек 3-4 процентін ғана пайдалана алады екен. Олай болса, мүмкіндігі адам өмірімен салыстырғанда шексіз.
Адам миының құрылысы да аса күрделі. Кейбір анализ, синтез, сондай-ақ сыртқы тіршіліктердің әсерлеріне байланысты түрлі іс-қимылдар жұлын, сопақша орта және аралық ми арқылы жасалады. Ал күрделі ойлау тәсілдері бас миының үлкен жарты шары арқылы іске асады. Мидың қабыршағы астындағы аппарат шартсыз (инстинктілі) қимылдарды басқарады. Жануарларда инстинктілі қимылдар әрдайым ешбір шартты байланыссыз, бағынышсыз, емін-еркін сияқты көрінетін болса, адамдарда ол әрекеттер қашанда санаға тікелей бағынышты, оны сана билейді. Адам орынсыз, өрескел қимыл жасамайды. Ал енді адамның бас миын тігінен қарайтын болсақ, ол оң және сол жарты шарлар болып екіге бөлінеді. Бұл екеуінің арасында өзіндік қызмет бөлінісі бар. Айталық, адамның қуанышы, күлкісі сол жақтағы жарты шар арқылы, ал уайым, қайғы, жылау сияқты ренжу мінездері оң жақ жарты шар арқылы іске асады екен. Олай болса, өнер мидың сол жақ жарты шары арқылы басқарылады. Қытайлар мен жапондарда алфавит жоқ, оның орнына иероглифтер бар. Онда әрбір атау, іс-әрекет, қимыл әртүрлі иероглиф (белгі) арқылы беріледі. Сауат ашып, оқып, түсіну үшін сол белгілерді көзбен көріп, оймен жаттап алу қажет.
Сондықтан да болса керек, ол халықтарда түрлі түстердің айырмашылығын байқау, сұлулықты сезіну өте жоғары дамыған. Оның үстіне мидың түрлі бөліктері әрқилы қызмет атқарады. Мысалы, заттардың түр-түстерін ажырату, көру дабылдарын мидың шүйке бөлігі, дыбыс дабылдарын самай тұсындағы бөлігі қабылдайды. Сол сияқты жүру-тұру сияқты қимыл-әрекеттерін басқаратын арнайы бөліктер бар. Мәселен, адамның аяқ, қол сияқты мүшелерінің сал ауруларына ұшырауы көбіне мидағы түрлі бөліктердің ауруына, жарақаттануына байланысты. Адам мимен ойлайды. Сана ойлау процесі арқылы пайда болады. Мисыз сана да, психикалық қызмет те жоқ. Оған түрлі физиологиялық тәжірибелер толық дәлел бола алады. Мәселен, бас миының үлкен жарты шары операция арқылы сылынып тасталған құрбаққа сол операцияға дейінгі қалпында бақылдап, шыбын-шіркей ұстап жеп, тіршілік ете береді екен. Ал сондай операциядан өткен көгершін ағаш бұтағында отыратын және тура ұшып кете алатын болғанмен, түрлі тітіркендіргіштерге жауап бере алмай, жем қабылдаудан мүлде қалады екен. Ал енді бас миы алынып тасталған ит мүлде дәрменсіз мүгедекке айналады. Олай болса, бұл тәжірибелер бас мидың тіршілікке атқаратын қызметі жан-жануарлардың даму сатысы жоғарылаған сайын арта түсетінін көрсетеді. Бірақ бұдан келіп, ми ойды, сананы тудырушы, оның көзі деуге болмайды. Ми ойды өзінен өзі тасқындатып тудырмайды. Ой мидың ішінен қайнап шықпайды. Сананы тудыратын объективті ақиқат.
Адам миы түрлі түйсіктер арқылы келетін мәлімдерді орталық жүйке жүйесі арқылы қабылдап, оны қорытады, белгілі ой тұжырымдарын жасайды. Сана қалай пайда болды деген сұраққа жауап беру ғана: ол түйсік мүшелері арқылы объективті ақиқатты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады, ал бұл үшін көп нәрседен хабардар болу қажет. Халықта: «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» деген нақты сөз шамасы, осы жағдайды аңғартатын болса керек. Қысқаша айтқанда, біздің санамыз сыртқы дүниенің бейнелену нәтижесі. Ал енді сананың негізінде не жатыр деген сұраққа тоқталатын болсақ, сананың негізінде білім, білу жатыр. Ал білім практикалық қызмет үшін аса қажет. Материалдық практикалық қызмет – адам өмірінің негізі десек, онда сананың шығуы, қалыптасуымен дамуының түпкі негізі практикалық іс-әрекет, еңбек қызмет болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет