Философия Тематикалық жоспар


Адамгершіліктің алтын қағидасы (Конфуций) және категориялық императив (И.Кант)



бет52/89
Дата10.10.2024
өлшемі0,65 Mb.
#147583
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   89

2. Адамгершіліктің алтын қағидасы (Конфуций) және категориялық императив (И.Кант).

  • Конфуцийдің қазасынан кейін оның ілімі сегіз тармаққа бөлініп кетті. Олардың ішіндегі ең негізгілері идеалистік бағыттағы Мэн-цзы мектебі мен материалистік бағыттағы Сюнь-дзы мектебі. Бұл екі бағыт та Конфуцийдің шәкірттері Мэн және Сюньнің аттарымен аталады. Мэн-дзы Конфуций ілімдерін жинақтап, бір жүйеге түсірумен ғана айналыспаған, сонымен қатар, жаңа ойлармен толықтырып отырған. Мысалы, «адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған» деген қағида Мэн-дзы философиясының негізгі өзегі болып табылады.

2. Адамгершіліктің алтын қағидасы (Конфуций) және категориялық императив (И.Кант).

  • Конфуций өзінің саяси тұжырымдамасын дамытты, бұл орайда оның: “Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұл – ұл болу керек”, – деген атақты сөзі кеңінен мәлім. Конфуцийдің мемлекетті “адамгершілікпен басқару” теориясы оған дейін де болған идеяға – басқарушы билігін құдіреттендіру идеясына сүйенді. Соған сүйене отырып, оны дамытты әрі негіздеді. “Басқару – түзету деген сөз” деген қанатты сөзбен тұжырымдалатын негізгі принципчжень минілімінде көрініс тапқан. Мұнда Конфуций қоғамдағы әр нәрсені өз орнына қою қажеттігін, әркімнің міндетін қатаң да дәл анықтау керектігін айтты (Конфуций бойынша мемлекет – үлкен отбасы).

2. Адамгершіліктің алтын қағидасы (Конфуций) және категориялық императив (И.Кант).

  • Конфуцийді ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің саяси-әлеуметтік доктринасын моральдік максимумдарға – биік мораль, лайықты, дұрыс тәртіп, этикет эталондарына (ли) негіздеді. Нашар мінез бен келеңсіз әдетті өзгертудің ең жақсы құралы ретінде музыкаға (юе) зор мән берді. Конфуций мүлтіксіз, жетілген адам (цзюнь-цзы) тұжырымдамасын жасады. Мұндай адамның асылдығы, Конфуций бойынша, шыққан тегіне емес, алған тәрбиесіне байланысты болмақ. Өте оңды, тамаша адам өзін-өзі жетілдіру нәтижесінде қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет