Философия Тематикалық жоспар


Еуразияшылдық және Қазақстан дамуы. Еуразияшылдықтың әлеуметтік-мәдени, идеологиялық және геосаяси негіздері



бет88/89
Дата10.10.2024
өлшемі0,65 Mb.
#147583
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89

2. Еуразияшылдық және Қазақстан дамуы. Еуразияшылдықтың әлеуметтік-мәдени, идеологиялық және геосаяси негіздері

  • Көп халықтық еуразиялық суперэтнос өкілдерінің өзіндік этномәдени бірегейлігіне және идеологияға кереғар руханиятқа ерекше мән беретінін ұмыта отырып, еуразияшылдық көбіне-көп тоталитарлық идеологиямен теңестірілді. Еуразияшылдық мәселесі өз ішіне географиялық, тарихи, әлеуметтік, геосаяси, этнологиялық, этнопсихо­логия­лық жақтарды, яғни табиғи ортамен, адамның қоғамдық дамуымен және оның ішкі рухани әлемімен байланысты нәрсенің бәрін сіңіреді. «Еуразияшылдық» деген сөз «Еуропа» мен «Азия­ны» біріктіреді, бірақ олар фило­софиялық мәні жағынан «Батыс» пен «Шығыс» деген кең және мазмұнды ұғымды білдіреді.

2. Еуразияшылдық және Қазақстан дамуы. Еуразияшылдықтың әлеуметтік-мәдени, идеологиялық және геосаяси негіздері

  • Батыс пен Шығыс өзінің дүниеге қатыстылық қағидасы, яғни дүниедегі көзқарас пен өмірлік-практикалық бағдарламасы тұрғысынан бір-біріне тікелей қарама-қарсы болып көрінеді.
  • Дүниеге батыстық қатынас және одан туындайтын негізгі идея адамды қоршаған дүниенің жетілмегендігін және адамның әлеуметтік қажеттіліктеріне толық жауап бермейтінін айқындайды. Демек, дүние одан әрі жақсаруды, қайта құруды, одан әрі толығырақ қалыптастыруды қажет етеді. Басқаша айтқанда, батыстық дүниеге қатынастың басты қағидасы – заттық-практикалық, материалдық іс-қимыл.

2. Еуразияшылдық және Қазақстан дамуы. Еуразияшылдықтың әлеуметтік-мәдени, идеологиялық және геосаяси негіздері

  • Оның мақсаты – сыртқы дүниені өзіне барынша бағындыру және оны адамның әлеуметтік иемденуіне және үстемдік етуіне қарай бағындыру.
  • Дүниеге шығыстық қатынас­ты алсақ, ол қарама-қарсы негізге аяқ тірейді және түбірінен басқа мақсатқа бағытталған. Шығыс адамы үшін әлем шексіз, сондықтан да ол өзінің бойына барлығын жинақтайды. Ендеше ол дүниені қайта құруды қажет етпейді. Дүниені емес, адамды, оның санасын өзгертуді талап етеді. Материалдық-тәндік қана емес, сондай-ақ бір мезгілде рух­ани жанды нәрсе бола тұ­рып, адам өзінің физикалық шек­телуін және нәпсісін жеңіп шығуы және таза рух деңгейіне дейін көтерілуі тиіс. Сондықтан Шығыстың басты қағидасы – адамның өзін-өзі тануы, өзінің санасын жетілдіруі болып табылатын ішкі психологиялық рухани іс-әрекет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет