Философия


Практикалық (семинар) сабақтарының мазмұны



бет8/11
Дата02.11.2022
өлшемі272 Kb.
#47051
түріУчебное пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Әдістемелік+нұсқау.++2019

3 Практикалық (семинар) сабақтарының мазмұны
3.1 Философияның пәні, қызметтері мен салалары

1 Философия ұғымы. Философия және дүниетаным арақатынасы. Философия – білім мен рухани қызметтің ерекше түрі.


2 Дүниенің ғылыми, философиялық, діни бейнелері: мифология, дін және философия. Қоғам дамуындағы миф және діннің рөлі.
3 Философияның негізгі бөлімдері – онтология, гносеология, философиялық антропология, логика, этика, эстетика, әлеуметтік және саяси философияның қысқаша сипаттамалары
4 Философияның анықтамалары, түрлері мен бағыттарының санқырлылығы және философиялық пайымдау тәсілдерінің әртүрлілігі (Аристотель, Әл Фараби, Р.Декарт, И.Кант және т.б. ).

Кілт ұғымдар: дүниетаным, философия, даналық, даналыққа құштарлық, мифология, дін, космоцентризм, теоцентрзм, антропоцентризм, скептицизм, фәлсафа


3.2. Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлі

1 Ойлау мәдениеті: ұғымы, мәні және қазіргі көзқарастар мен концепциялар. Көркемдік рефлексия ұғымы. Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері.


2 Философиялық ойлау түрі – сын және күмәндану. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен ұлттық санасындағы өзгерістер шарты.
3 Философиялық мәселелердің тұлғалық сипаты. Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері.
4 Философия және фәлсафа. Фалсафа ілімінің философия тарихындағы ролі
5 Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлі. Қазіргі
Қазақстанның үшінші модернизациясындағы философияның орны

Кілт ұғымдар: ойлау мәдениеті, рефлексия, сұхбат, сын, күмәндану, эвристика, рухани жаңғыру, үшінші модернизация, адамкапиталы сапасы, ашық саналылық


3.3 Сана, рух және тіл

1 Философия тарихындағы жан, рух, сана, ақыл, парасат, даналык түсініктері және негізгі концепциялары. Сана фактілері жане сана феномендері мәселелері.


2 Рух және адамның рухани қызметінің табиғаты. Тәндік және руханилық. Шәкәрімнің үш анығы. Шәкәрім рух туралы.
3 Сана құрылымы. Бейсаналық, сана, санадан жоғары. Сананың сезімдік-перцептілік, эмоциялық, құндылықтық-мотивациялық, жігерлік, логикалық компоненттері.
4 Бейсаналықтың философиядағы негізгі концепциялары, философиялык мәні. (З.Фрейд, К.Г.Юнг жане т.б.).
5 Сана және өзіндік сана. Қазақстандық тұлға санасының ашықтығы: әлемдік үдерістерді түсіну, өзгерістерге дайын болу, алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесінен үйренуге қабілеттілік
6 Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы аясындағы ұлттық сана-сезім. (Елбасы мақалалары және Жолдаулары негізінде)

Кілт ұғымдар: сана, өзіндік сана, ақыл, парасат, рух, жан, гносеология, бейсаналық, астарсана, санадан жоғары, жігерлілік, қайсарлық (табандылық), ашық саналылық, ұлттық сана-сезім


3.4. Онтология. Болмыс және бейболмыс мәселесі


1 Болмыс және тіршілік. Мән және бар болу. Онтология – болмыс туралы ілім. Бар болудың онтологиялық құрылымы.


2 Философия тарихындағы болмыс және бейболмыс концепциялары: Парменид, Зенон, Платон, Аристотель, ӘлКинди, Ибн-Рушд және т.б.
3 Жаңа заман философиясындағы субстанция мәселесі (Р.Декарт, Б.Спиноза, Г.Лейбниц).
4 М.Хайдеггердің «фундаменталды онтологиясы» (Dasein).
5 «Материя» ұғымы. Материалдық әлем болмысы. Қозғалыс, кеңістік және уақыт концепциялары.
6 Абай дүниетанымдағы Құдай және адам мәселесі. «Идея» ұғымы. Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі. Идея және рухани құндылықтар болмысы.
Кілт ұғымдар: дүние, заман, мән, құбылыс, мазмұн, форма, жалпы, жеке, бүтін, бөлік, сан, сапа, өлшем, терістеу, себеп, салдар, қажеттілік, кездейсоқтық, мүмкіндік, шындық, виртуалды шындық.

Тақырып 5. Таным философиялық мәселе ретінде


1 Философия тарихындағы таным ұғымы және концепциялары. Білім ұғымы, мәні. Таным және білім арақатынасы, мәні. Философиялық концепциялардағы білім мәнінің анықтамалары.
2 Таным мүмкіндіктері мен шекаралары. Дүниенің түбегейлі танылуы мәселесі: танымдық оптимизм, скептицизм және агностицизм.
3 Д.Юмның скептицизмі. И.Канттың классикалық агностицизмі. Г.Гегельдің диалектикалық методы және батыс еуропалық гносеологиясындағы оның маңызы.
4 Ақиқат ұғымы, концепциялары және оның критерийлері. Білім, ақиқаттылық және жалғандық. Қазіргі Қазақстан жаңғыруы аясындағы білім культі.
5 Сезімдік және рационалдық таным, формалары (мысал келтіріңіз, фактілерді талқылаңыз). Философиядағы рационалдық және эмпирикалық дәстүр.
6 Таным және шығармашылық. Шығармашылық және интуиция (арақатынастарын фактілер негізінде талқылаңыз).

Кілт ұғымдар: объект, субъект, таным, білім, ақиқат, агностицизм, эпистемология, шығармашылық, интуиция


Тақырып 6. Философиядағы ғылым мәселесі


1 Философиядағы ғылым ұғымы, мәні, көзқарастарға талдау. Қазіргі ғылымның жетістіктері және оның себептері.
2 Әдіс мәселесі. Танымның негізгі әдістері. Ғылыми таным әдістері және және ғылыми ақиқат ерекшелігі.
3 Ғылыми және ғылыми емес білімнің демаркациясы мәселесі. Ғылым құндылықтары. Ғылым әлеуметтік институт ретінде.
4 Ғылымдардың классификациясы: Аристотель, әл-Фараби, Ф.Бэкон, Г.Гегель, О.Конт. Шоқан Уәлихановтың ғылым философиясы.
5 Сциентизм және антисциентизм. Ғылым және техника. Ғылымитехникалық прогресс және қазіргі ғылымның даму болашағы мәселелері.
6 Қазіргі ғылым және этика. Қазақстан ғылымы дамуының келешегі. Отандық ғылым мен білімнің дамуындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының үлесі.

Кілт ұғымдар: ғылым, техника, әдіс, ғылыми таным, демаркация, сциентизм, антисциентизм, ғылым философиясы, техника философиясы


Тақырып 7. Философия тарихындағы адам мәселесі


1 Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі. Ежелгі Үнді діни-философиялық ілімдердегі адам мәселесі. Конфуцийшілдік және даосизм жүйесіндегі адам мәселесі: ер және әйел бастамалары (Инь/Ян).
2 Антикалық философия тарихындағы адам бейнелері (Пифагор, Платон, Эмпедокл, Протагор, Сократ, Аристотель).
3 Христиандық антропология: адам Құдайдың бейнесі ретінде (Әулие Аугустин, Акуинолық Томас).
4 Ренессанс дәуіріндегі адамның индивидуалистік түсінігі (Пико делла Мирандола). Жаңа заманның механистикалық антропологиясы (Б.Паскаль, Ж.Ламетри).
5 Ф.Ницше философиясындағы «Асқан адам». Іскер адам: прагматизм..
6 Қазақ философиясындағы адам мәселесі. Адам мәселесінің Абай даналығында бейнелену. Шәкәрімнің адамның өмірмәндік бағдары туралы экзистенциалдық рефлексиясы. Адам, индивид, индивидуалдылық, тұлға.

Кілт ұғымдар: адам, адамзат, философиялық антропология, антропосоциогенез, өмір, өмір мәні, индивид, индивидуалдылық, тұлға


Тақырып 8. Философиядағы өмір және өмір мәні мәселесі


1 Философия тарихындағы адам болмысы категориялары: бақыт, сенім, өмір және өлім (әрқайсысына жалпы сипаттама беру).


2 Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны. Адам, оның ажалдығы және ажалсыздығы. Іргелі философиялық мәселелердің өмір және өлім мәселесімен байланысы: метафизика және моральдық философия. Өмірдің мәні – оның шектеулілігін ұғыну.
3 Уақыт, мәңгілік және мақсат ұғымдары: арақатынасы. Өмірдің мәні және Өмірдің мәнін іздеу ілімдері.
4 Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесі: фатализм, гедонизм, волюнтаризм, функционализм.
5 Өмірдің мәні – қазақ философиясының негізгі категориясы (мысал келтіре дәлелдеу). Өмірмәндік құндылықтар туралы ілім. Адам қажеттіліктерінің пирамидасы. Махаббат – адамның өмір сүру мәні.
6 Абай философиясындағы махаббат мәселесі . «Махаббатпен жаратқан адамзатты ...» өлеңінің мәнін ашу, талдау

Кілт ұғымдар: өмір, өмір мәні, өлім, бақыт, сенім, үміт, мақсат, аксиология, уақыт, құндылық, махаббат


Тақырып 9. Қазақ философиясының экзистенциалдық сипаты


1 Экзистенция ұғымы, философиялық мәні. Қазақ философиясы тарихындағы экзистенциалдық ілімдердің тарихи типтеріне сипаттама беру, талқылау (Әл-Фараби, жыраулар поэзиясы, ағартушылар философиясына жағдаяттық талдау жасау).


2 Құндылықтар теориясының негіздері. Құндылық ұғымы. Этика ұғымы, ілімі. Негізгі этикалық категориялар (парыз, игілік, мән және қажеттілік, ар-ұят, еркіндік ұғымдарына жағдаяттық талдау жасау).
3 Адамгершілік ережелері және құқық ережелері. Адамгершіліктің алтын қағидасы (Конфуций) және бұлжымас императиві (И.Кант). Адамгершіліктің бастауларын түсінудің негізгі тәсілдері. Утилитаризм және деонтологиялық теориялар (парыз теориялары). Пайдалылық пен принциптер. Құндылықтық сана табиғаты.
4 Фәлсафа дәстүріндегі этикалық өлшем. Жүсіп Баласағұн философиясындағы ақиқат мәселесі. «Құт», «қанағат», «тәубе», «әділет», «сабыр» категориялары.
5 Ұрпақтық дискурсдағы этикалық құндылықтары. Қазақ халқының озық ұлттық этикалық құндылықтарын сақтап, дамыту – қоғамдық сана жаңғыруының алғышарты және негізі. Саяси этика. Зорлық. Толеранттық. (жағдаяттық талдау)
6 Адам құқығы және қоғам: арақатынасы, көріністері (талдау). Кәсіби этика: сипаты, қағидалары. Бизнестегі этика: мағынасы, мәні және қағидалары.

Кілт сөздер: экзистенция, тіршілік, өмір сүру және өмір мәні, этика, адамгершілік, құқық, толенранттылық, қоғамдық сана жаңғыруы, утилитаризм, пайда


Тақырып 10. Еркіндік философиясы


1 Философия тарихындағы еркіндік және ерік еркіндігі ұғымы (жағдаяттық талдау жасау). Адам және оның еркіндігі (Б.Спиноза). М.Хайдегеррдің шығармаларындағы еркіндік пен ақиқаттың байланысы.
2 Еркіндік пен жауапкершілік (Ж.-П.Сартр). Еркіндік және абсурд (А.Камю). Н.Бердяевтың еркіндік концепциясы, еркіндік деңгейлері, түрлері. Ерік еркіндігі мәселесі.
3 Еркіндік, әділдік, адамның өмірі мен намысы – адамгершілік-құқықтық құндылықтар. Құқықтың дүниетанымдық мәселелері. Саяси еркіндік. Ұлттық еркіндік. .
4 Жеке еркіндік және табиғи құқық. Тұлғаның, оның еркіндігінің, өмірді, табиғатты және мәдениетті сақтау жауапкершілігінің қалыптасу шарттары. Сөз және көзқарас еркіндігі.
5 Еркіндік пен шығармашылық – адамның мәдениетте шын мәнінде өмір сүруінің тәсілі. Абайдың «толық адам» концепциясы.
6 Алаш қайраткерлерінің философиясындағы еркіндік және тәуелсіздік идеялары.

Кілт сөздер: еркіндік, ерік, ерік еркіндігі, шығармашылық еркіндігі, жеке еркіндік, абсурд, «Толық адам», табиғи құқық, намыс, сөз еркіндігі, жауапкершілік


Тақырып 11. Өнер философиясы


1 Эстетка ұғымы, мәні. Эстетика философиялық білім саласы ретінде. Антикалық эстетикалық ойлардың тарихы (софистер, Сократ, Платон, Аристотель).
2 Араб-мұсылмандық эстетика (Омар Хайям, Әл-Фараби, Ибн Рушд, Ибн Араби, Руми). Христиандық ортағасырлықтың көркемдік-эстетикалық әлемі (А.Августин, Иоанн Дамаскин).
3 Қайта Өрлеу дәуірінің эстетикасы (Л.Б. Альберти, Леонардо да Винчи, А.Дюрер, М.Монтень, Эразм Роттердамский). XVII-XVIII ғ.ғ. Жаңа заман эстетикасы және көркемдік практикасы (Д.Локк, Р.Декарт, Вольтер, Д.Дидро, Ж. Руссо). Классикалық эстетиканың негіздері (И.Кант, Г.Гегель, Ф.Шеллинг).
4 XIX - XX ғ.ғ. классикалық емес эстетика (Ф. Ницше, Дж.Дьюи, Ж.-П. Сартр. М. Хайдеггер). Эстетикалық тәжірибе. Адам өмірінің эстетикалық өлшемі.
5 Сұлулықтың құндылығы. Философия және өнер. Өнер – мәдениет феномені, оның тұлғалық және және әлеуметтік қызметтері. Көркем шығармашылық субъектісі.
6 Өнер әлеміндегі адам. Адамның мінез-құлқы, іс-қимылы, жан тебіреністерінің себептерін ашудағы өнердің мүмкіндіктері. Өнерді зерттеудің заманауи философиялық тәсілдері.
7 Қазақ халқының сұлулық философиясы. Жырау және билердің шығармашылығындағы этикалық және эстетикалық бастамалары. Ұлттық аспаптар қобыз, домбыра көшпенділердің рухани мәдениетінің көрінісі ретінде. Қазақ дәстүрлі музыкасының ерекшеліктері. Күй – қазақ өнерінің феномені.

Кілт сөздер: сұлулық – ұсқынсыздық, трагикалық-комедиялық, асқақ-төмен, әлемді эстетикалық сезіну, еліктеу және елігу; сұлулық, көркем бейне, көркем стиль, көркем талғам, символ мен симулякр.


Тақырып 12. Қоғам және мәдениет


1 Антикалық философиясындағы әлеуметтік ой: Платонның идеалды мемлекеті, Аристотельдің «Политикасының» негзгі тұжырымдамалары. Адам саяси жануар ретінде.
2. Жаңа заман дәуіріндегі әлеуметтік философиясы (Т.Гоббс, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо). К.Маркс: таптық қоғам. К.Поппер «Ашық қоғам» ілімі.
3 Қоғам ұғымы (қазіргі ғылыми көзқарастарға талдау жасау).. Қоғам құрылымы. «Қоғамдық сана» ұғымы. Қоғамдық сананың түрлері.
4 Қоғамның типтері. Ақпараттық қоғам. Постиндустриалдық қоғам. Ашық қоғам.
5 Мәдениет ұғымы, оның табиғаты мен мәні (философия тарихындағы көзқарастар мен ілімдерге талдау жасау).
6 Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар (З.Фрейд, Н.Данилевский, О.Шпенглер, К. Леви-Строс). Мәдениет – қоғам болмысының формасы. Материалдық және рухани мәдениет. Мәдениет және коммуникация.

Кілт сөздер: қоғам, желілік қоғам, жаңару, қала, урбандану, мәдениет, өркениет, коммуникация, Ашық қоғам, ақпараттық қоғам, постиндустриалды қоғам.


Тақырып 13. Тарих философиясы


1 Тарихты философиялық пайымдау пәні ретінде талдау (мысалдар негізінде). Тарих философиясының пәні. Тарих философиясының даму кезеңдерін қарастырудың негізгі әдістері
2 Миф «уақыты». Уақыттың антикалық түсінігі және тарихтың айналымы. Орта ғасырдағы және Қайта өрлеу дәуіріндегі тарих философиясы.
3 Г.Гегельдің философия тарихы. Марксистік философия тарихы. Тарихтың «сыни» философиясы: Дильтей, Риккерт, Ясперс.
4 Қазақ философиясындағы тарихи даму мәселелерін талдау. Қазіргі Қазақстан қоғамындағы жаңару үдерістерінің мәні мен ерекшелігі.
5 Формация және өркениет ұғымдары, арақатынасы. Формациялар және өркениеттер. Шығыс-Батыс. Өркениеттер қақтығысы (жағдаяттарды талдау негізінде түсіндіру).
6 Біртұтас адамзат пен әлемдік тарихты қалыптастыру үдерісі. Қазіргі өркениет, оның өзгешелігі және қайшылықтары. Адамзаттың даму үрдістері. Асан Қайғы: Жерұйық философиясы.

Кілт сөздер: тарих, тарих философиясы, «миф» уақыты, прогресс, регресс, эволюция, революция, формация, «100 жаңа есім»


Тақырып 14. Қазіргі заман мәдениеттегі дін философиясы


1 Дін дүниетаным ретінде. Дін анықтамалары. Дін және философиялық білім. Дін және өнер.


2 «Дүниежүзілік діндер» феномені. Діннің алғашқы формалары. Алғашқы діни формалардың мәселелері: эволюционизм (У. Тейлор), структурализм (Леви-Брюль, Леви-Строс), марксизм (С. Токарев) (мысал ретінде талдау, қорыту).
3 Әлемдік діндер. Буддизм және оның негізгі бағыттары. Христиан дінінің пайда болу
тарихы және негізгі формалары.
4 Ислам діні. Исламның қалыптасуы, догматикасы және тарихи формалары. Суфизм (Аль-Газали, Ходжа АхметЯссауи).
5 Неміс романтизм Өкілдерінің діни философиялық концепциясы (Ф.Шлейермахер).
С.Кьеркегордің діни философиясы.
6 Шаманизм
7 Қазақ философиясындағы дін мәселесі. Абай философиясындағы Алла және адам мәселесі. Шәкәрім еңбектеріндегі дін мәселесі.

Кілт сөздер: дін, діни дүниетаным, тотемизм, анимизм, шаманизм, діни сауаттылық, діни мәдениет, діни толеранттылық


Тақырып 15. «Мәңгілік Ел» идеясы мен «Рухани жаңғыру» жобасы – Қазақстанның тарихи дамуының жаңа векторлары


1 Қазіргі Қазақстандағы жаңғыру үдерісі: әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени қырлары. Қоғамдық сананы жаңартудың негізгі бағыттары. Рухани жаңғыру.


2 Ұлттық сана-сезім ұғымы, құрылымы. XXI ғасырда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мәселесі.
3 Еуразияшылдық және Қазақстан дамуы. Еуразияшылдықтың әлеуметтік-мәдени, идеологиялық және геосаяси негіздері. Жаһандық әлемдегі Қазақстанның өркениеттік идентификациясы.
4 «Мәңгілік ел» идеясы. Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және «Рухани жаңғыру» жобасы – ХХІ ғасырдағы Қазақстан дамуы болашағын айқындайтын маңызды құжат.
5 «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық және патриоттық идеясының ұйыстырушы құндылығы. Қазақстанның қоғамдық санасын жаңғыртудың негізгі бағыттары.
6 «Ұлы Даланың жеті» қыры мақаласының философиялық мәні, маңызы (мазмұнын талқылау, ой қорыту, нәтиже шығару мәселелері)
7 Қазіргі заманның жаһандық талаптарын зерделеу (жағдаяттарды талқылау негізінде)

Кілт сөздер: «Мәңгілік Ел», «Ұлы Дала», «Рухани Жаңғыру», патриотизм, Қазақстандық прагматизм, ұлттық сана-сезім, ұлттық код


4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ (45)







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет