ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Д.СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
САДВАКАСОВА Ж. А.
ФИЛОСОФИЯ
Барлық мамандықтар бойынша күндізгі бөлімде оқитын студенттерге семинар сабақтарын және СОӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
ФИЛОСОФИЯ
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы: «Жаңа гуманитарлық білім: Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы негізінде әзірленген барлық мамандықтағы 2 курс студенттеріне пайдалануға арналған
Өскемен
Усть-каменогорск
2023
ӘОЖ 1/14(075)
КБЖ 87я73
С 14
Садвакасова Ж.А.
Философия. Барлық мамандықтардың 2 курс студенттеріне «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы: «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы негізінде әзірленген әдістемелік нұсқау. Өскемен: ШҚМТУ, 2020. – 44 бет .
Әдістемелік нұсқауда әрбір тарауға қысқаша түсіндірмелер беріліп, оқулықтың оқу үрдісіндегі орны, мақсаттары мен міндеттері айқындалған, студенттердің өзіндік жұмыстары семинар сабақтарын және СОӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар, өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары берілген
«Қазақстан тарихы және саяси-әлеуметтік пәндер» кафедрасының отырысында бекітілген
Хаттама №
© Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық Университеті, 2023
МАЗМҰНЫ
Кіріспе .................................................................................................................... 6
1 Пәннің мақсаты мен міндеттері және оның оқу үрдісіндегі орны ................ 7
2 Дәріс сабақтарының мазмұны ........................................................................... 9
3 Семинар сабақтарының мазмұны және студенттермен оқытушының өздік жұмыстарының тапсырмалары .......................................................................... 12
4 Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар............................ 26
6 Студенттердің білімін тексеруге арналған тест сұрақтары...........................29
7 Әдебиеттер тізімі.............................................................................................. 32
КІРІСПЕ
Бүгінде «Философия» – рухани мәдениет пен адамзаттық білімнің көне және қызықты салаларының бірінен саналады. Студенттердің бойында сананың ашықтығы, өзіндік ұлттық код, ұлттық сана-сезім, рухани жаңғыру, бәсекеге қабілеттілік, реализм және прагматизм, сыни ойлау, білімге ұмтылыс қасиеттерін қалыптастыруға, олардың әділдік, намыс, еркіндік және тағы басқа дүниетанымдық ұғымдарды игеруіне, сонымен қатар, толеранттық құндылықтарын, мәдениетаралық сұқбат пен бейбіт өмір сүру мәдениетін нығайтуға және дамытуға бағытталған.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев »Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында жазылған инженерлер тек техникалық жағынан ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсінетін білікті гуманитарлық сала мамандарының қажеттілігі артуда, заман талабына сай қасиеттерді арттыру мәселесінің өзектілігі артуда.
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы осы міндетті іске асыруға мүмкіндік беретін негізгі тетік ретінде.
Жаһандық кезеңде бәсекеге мықты болашақ жас мамандарды, яғни студенттерді дайындауда философия қажетті теориялық негізді жасап береді. Адамның дүниеге және адам мен қоғам арақатынасының аса маңызды қырларына деген көзқарасын, бағалау принциптерін кең әрі арнайы талдау пәні ретінде қарастырады. Философия пәні студенттерге дүниетаным тарихы мен теориясы туралы түсінік береді, әралуан философиялық ілімдер мен қағидаларға, мектептерге талдау жасайды. Қазіргі рухани дамудың негізгі бағыттары: бәсекеге қабілетті «Меннің» әлеуметтенуі, Қазақстандық патриотизм.
1ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ ОРНЫ
Достарыңызбен бөлісу: |