Философия



бет17/24
Дата02.05.2023
өлшемі237 Kb.
#88810
түріСеминар
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ.МЕТ.УКАЗАНИЯ

3. 11. Өнер философиясы


1 Эстетика ұғымы, мәні. Эстетика философиялық білім саласы ретінде. Антикалық эстетикалық ойлардың тарихы (софистер, Сократ, Платон, Аристотель).
2 Араб-мұсылмандық эстетика (Омар Хайям, Әл-Фараби, Ибн Рушд, Ибн Араби, Руми). Христиандық ортағасырлықтың көркемдік-эстетикалық әлемі (А.Августин, Иоанн Дамаскин).
3 Қайта Өрлеу дәуірінің эстетикасы (Л.Б. Альберти, Леонардо да Винчи, А.Дюрер, М.Монтень, Эразм Роттердамский). XVII-XVIII ғ.ғ. Жаңа заман эстетикасы және көркемдік практикасы (Д.Локк, Р.Декарт, Вольтер, Д.Дидро, Ж. Руссо). Классикалық эстетиканың негіздері (И.Кант, Г.Гегель, Ф.Шеллинг).
4 XIX - XX ғ.ғ. классикалық емес эстетика (Ф. Ницше, Дж.Дьюи, Ж.-П. Сартр. М. Хайдеггер). Эстетикалық тәжірибе. Адам өмірінің эстетикалық өлшемі.
5 Сұлулықтың құндылығы. Философия және өнер. Өнер – мәдениет феномені, оның тұлғалық және және әлеуметтік қызметтері. Көркем шығармашылық субъектісі.
6 Өнер әлеміндегі адам. Адамның мінез-құлқы, іс-қимылы, жан тебіреністерінің себептерін ашудағы өнердің мүмкіндіктері. Өнерді зерттеудің заманауи философиялық тәсілдері.
7 Қазақ халқының сұлулық философиясы. Жырау және билердің шығармашылығындағы этикалық және эстетикалық бастамалары. Ұлттық аспаптар қобыз, домбыра көшпенділердің рухани мәдениетінің көрінісі ретінде. Қазақ дәстүрлі музыкасының ерекшеліктері. Күй – қазақ өнерінің феномені.

Кілт сөздер: сұлулық – ұсқынсыздық, трагедея-комедия, асқақ-төмен, әлемді эстетикалық сезіну, еліктеу және елігу; сұлулық, көркем бейне, көркем стиль, көркем талғам, символ мен симулякр, өнер, мәдениет, шығармашылық субъектісі, эстетика, әлемнің эстетикалық көрінісі, көркемдік образ, стиль, символ, мимезис, катарсис, қобыз, домбыра, күй, феномен.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:


1. Антикалық философияның тарихындағы өнердің ерекшеліктері қандай (софистер, Сократ, Платон, Аристотель)
2. Ортағасырлық дәуірдің көркемдік-эстетикалық әлемі, оның антикалық әлемнен айырмашылығы қандай?
3. Фәлсафа дәстүріндегі өнердің ерекшелігі неде?
4. XVI-XVIII ғғ. эстетика және практика., олардың ерекшелігі неде?
5. Классикалық эстетиканың классикалық еместен ерекшелігі қандай?
6. Қазақ халқының ұлттық аспаптары туралы баяндама.
7. Қазақ халқының дәстүрлі өнерінің ерекшеліктері туралы айтыңыз.

Баяндама тақырыптары:


1. Философия және өнер
2. Көркем шығармашылықтың субъектісі
3. Өнер - мәдениет феномені ретінде, оның тұлғалық және әлеуметтік функциялары
4. Заманауи мәдениеттің маңызды компоненті ретінде музыкалық эстетиканы қалыптастыру
5. Қазіргі жастар өміріндегі өнердің рөлі
6. Қайта Өрлеу дәуіріндегі философиядағы өнер апофеозы және суретші-жасаушы культі.
7. Антикалық дәуірден бүгінгі күнге дейінгі өнер философиясының эволюциясы
8. Классикалық және классикалық емес эстетика негіздері
9. Қазақ халқының өнер философиясы және оның өзіндік ерекшелігі
10. Өнер философиясының негізгі категориялары және олардың қысқаша сипаттамасы
11. Қазіргі философиядағы мәдениет және өнер

3.11.1 СӨОЖ тапсырмалары


1. «Философия тарихындағы эстетикалық көзқарас» тақырыбына кесте жасау және толтыру.
2. «Өнер түрлері» тақырыбына кесте жасау және толтыру.
3. «Өнер философиясының негізгі категориялары» тақырыбына глоссарий құрастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет