3. 12. Қоғам және мәдениет
1 Антикалық философиясындағы әлеуметтік ой: Платонның идеалды мемлекеті, Аристотельдің «Политикасының» негізгі тұжырымдамалары. Адам саяси жануар ретінде.
2. Жаңа заман дәуіріндегі әлеуметтік философиясы (Т.Гоббс, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо). К.Маркс: таптық қоғам. К.Поппер «Ашық қоғам» ілімі.
3 Қоғам ұғымы (қазіргі ғылыми көзқарастарға талдау жасау).. Қоғам құрылымы. «Қоғамдық сана» ұғымы. Қоғамдық сананың түрлері.
4 Қоғамның типтері. Ақпараттық қоғам. Постиндустриалдық қоғам. Ашық қоғам.
5 Мәдениет ұғымы, оның табиғаты мен мәні (философия тарихындағы көзқарастар мен ілімдерге талдау жасау).
6 Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар (З.Фрейд, Н.Данилевский, О.Шпенглер, К. Леви-Строс). Мәдениет – қоғам болмысының формасы. Материалдық және рухани мәдениет. Мәдениет және коммуникация.
Кілт сөздер: қоғам, желілік қоғам, жаңару, қала, урбандану, мәдениет, өркениет, коммуникация, ашық қоғам, ақпараттық қоғам, постиндустриалды қоғам, табиғат, мемлекет, материалдық мәдениет, рухани мәдениет, қоғамдық сана, жеке сана, қоғамдық сана нысандары, сәйкестендіру, өркениет, элитарлық және бұқаралық мәдениет, ақпараттық қоғам, материалдық өндіріс, өндіріс тәсілі, географиялық детерминизм, прогресс, фатализм, утопиялық социализм, этнос, қоғамның әлеуметтік құрылымы, халық қоныстануы.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Платон бойынша идеалды мемлекет дегеніміз не?
2. Аристотель бойынша басқарудың негізгі түрлері қандай?
3. Платонның ойынша мемлекет басшысы қандай болу керек?
4. Қоғам дегеніміз не және ол басқа жүйелерден несімен ерекшеленеді?
5. Христиандықтағы, исламдағы қоғамның үлгілері қандай?
6. Т. Мор және Т. Кампанелла утопиялық теорияларының мәні неде?
7. Таптық қоғам дегеніміз не?
8. К. Поппердің «ашық қоғам»идеясын қалай түсінуге болады? «Жабық қоғам» деген не?
9. Қоғам мәдениеті дегеніміз не? Қоғамды философиялық талдауының ерекшелігі неде?
10. Қоғамның ең танымал тұжырымдамалары мен анықтамалары қандай?
11. Қоғамның рухани мәдениетінің формалары қандай? Материалдық және рухани мәдениет дегеніміз не?
12. Қоғамның қандай түрлері бар?
13. Ақпараттық қоғам дегеніміз не, оның қарама-қайшылықтары мен даму перспективалары қандай?
14. Қоғамдық сана, оның құрылымы мен формалары деген не?
15. ХХІ ғасырдағы Қазақстан халқының қоғамдық санасын жаңғыртудың мәні неде?
Баяндама тақырыптары:
1. Қоғамдық-тарихи заңдылықтардың идеялары
2. Т. Гоббс философиясындағы «табиғи құқық» идеясы, «қоғамдық келісім» теориясы
3. Ж. Ж. Руссоның әлеуметтік теориясы.
4. Қоғамдық сананың феномені: формалары, құрылымы
5. ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамының қоғамдық санасын жаңғыртудың мәні
6. Қазіргі ақпараттық қоғамды философиялық талдау және қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерді ұғыну
7. Мәдениет генезисі мен динамикасы
8. Субмәдениет және контрмәдениет
9. Қоғам өзін-өзі дамытатын жүйе ретінде
10. Қоғам және оның құрылымы
11. Постиндустриялық қоғам ұғымы
12. Мәдениет-қоғам-табиғат
13. Мәдениет философиясы
14. Қоғамдық сананың мәні, салыстырмалы дербестік және адам мен қоғам өміріндегі белсенді рөл
15. Заттылық және рефлексивті қоғамдық сана
16. Қазақ халқының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәдениеті
17. Өркениетті дамудағы жаңғырту мәселелері (Қазақстан мысалында)
3.12.1 СОӨЖ тапсырмалары
1. «Ойшылдардың қоғамға, мемлекетке әлеуметтік-философиялық көзқарастары (антикалықтан қазіргі заманға дейін)» тақырыбына кесте жасау және толтыру)»
2. «Қоғам типтері және олардың қысқаша сипаттамасы» тақырыбына кесте жасау және толтыру»
3. «Философиядағы мәдениеттің концепциялары мен анықтамаларының алуан түрлілігі» кестесін құру және толтыру»
Достарыңызбен бөлісу: |