Философия


Пәнді зерделеу мақсаты мен міндеттері



бет2/24
Дата02.05.2023
өлшемі237 Kb.
#88810
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ.МЕТ.УКАЗАНИЯ

1.1 Пәнді зерделеу мақсаты мен міндеттері

Философия пәні мақсаты – студенттердің философияны дүниені танып білудің ерекше формасы ретінде түсінуін қалыптастырып, олардың келешек кәсіби қызметтері аясында оның негізгі тараулары, мәселелері мен әдістері туралы тұтас білім беру.


Сонымен қатар, философия пәнін «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы негізінде тереңдете оқыту, студенттердің философиялық білімін тереңдете отырып тәжірибелік өрісте кәсіби-тұлғалық мүмкіндіктерін кеңейту курстың мақсатын толықтыра түседі.
Философияны меңгерудегі міндеттер, студент өмірге, қоғамға және айналасына көзқарасын кәсіби, гуманды бағытта тұрақтандыру әдістерін танып, қабылдауға және оны ары қарай дамытуға үйренуді қамтамасыз етуге тиісті. Сонымен қатар, студент міндетті:
1) қоғамдық сананы жаңартудағы және қазіргі заманның жаһандық міндеттерін шешудегі философияның рөлін түсіну аясында философиялық-көзқарастық және әдістемелік мәдениет негіздерін игеруге;
2) студенттердің бойында философиялық рефлексияны, өзін-өзі сараптау және адамгершіліктік өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға;
3) ғылыми зерттеу қабілеттерін дамытуға, интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетті қалыптастыруға.



  1. Пәнді зерделеу нәтижелері

Оқу нәтижелері тиісті білім беру деңгейінің Дублин дескрипторлары негізінде анықталады және құзыреттіліктер арқылы белгіленеді. Сонда бес басты оқу нәтижесі айқындалады:


Студент дағды қалыптастыруы керек:
Студент біледі және түсінеді: философияның тарихи дамуы негізінде онтология мен метафизиканың негізгі мазмұнын сипаттау; нақты дүниені философиялық зерделеудің ерекшелігін түсіндіру; дүниеге көзқарасты табиғи және әлеуметтік әлемді философиялық зерделеу мен зерттеудің нәтижесі ретінде негіздеу.
Студент білімін қолдана алады: негізгі дүниетанымдық ұғымдардың мағынасы мен рөлін адамның қазіргі әлемдегі жеке және әлеуметтік болмысының құндылықтары ретінде негіздеу.
Студент пікірін қалыптастырады: негізгі дүниетанымдық ұғымдардың мағынасы мен рөлін адамның қазіргі әлемдегі жеке және әлеуметтік болмысының құндылықтары ретінде негіздеу.
Студент коммуникативті қабілеттерін қалыптастырады: қазіргі жаһандық қоғамның өзекті мәселелеріне қатысты өзінің адами ұстанымын қалыптастыру және сауатты дәйектеу.
Студенттің оқу дағдылары және оқуға деген ынтасы: кәсіби саладағы мәселелердің философиялық мазмұнын анықтау үшін өзекті болып саналатын зерттеу жүргізіп, оның нәтижелерін талқылауға ұсыну.


1.3 Талаптар


Барлық аудиториялық сабақтарға (лекция және семинар сабақтары) әрбір студент кешікпей келіп, қатысып отыруға міндетті. Сабаққа екі рет кешігу сабақты бір рет босатқанға тең болып есептелінеді. Сабақты себепсіз босатқан жағдайда студент сол тақырыпты өтеуге тиісті. Ал себепті босатқан жағдайда анықтама қағазын көрсеткені дұрыс. Әрбір семинар сабағына студент дайындалып келуі қажет. Оқытушы студенттің жазба дәптерін тексеруге құқылы. Лекциялық материалды тест алу арқылы ешбір ескертусіз тексере алады. Тест нәтижесінде алынған бағалар қорытынды бағаға әсер етеді. Студент жұмысын өз уақытында өткізіп отыруы тиіс. Жазба түріндегі кесте жұмыстары уақытынан кешіктірілсе, қабылданбайды. Бақылау және тест жұмыстарын басқа біреуден көшіру тыйым салынады. Студент сабаққа дұрыс киіммен келуі тиіс, студентке тән ішкі және сыртқы мәдениетті сақтауға міндетті. Семестр барысында сабаққа қатысты туындаған сұрақтар болса Г-2-324 «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасына келіп, сұрауларыңызға болады.

2 ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет