Философияның анықтамасы мен пәні Философия


Философиядағы сана мәселесі



бет7/13
Дата17.02.2023
өлшемі61,39 Kb.
#68700
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Философия

8. Философиядағы сана мәселесі.
Философиядағы сана мәселесі–философиядағы негізгі мәселелердің бірі. Философияда сана мәселесіне әр түрлі көзқарастар бар, олар физикализм; солипсизм; объективтік идеализм; материализм деп бөлінеді.
Физикализм –сана жеке субстанция ретінде, сана материяның туындысы және тек физика тұрғыдан түсінуге болатынын қарастыратын, сананың мидағы физиологиялық процестермен байланысты екенін пайымдайтын бағыт. Сана– ми қызметінің жемісі. Бұл көзқарас ғылыми жаратылыстану ғылымдардың нәтижелеріне, соның ішінде мына фактілерге негізделген: адамның миы–табиғаттың күрделі "механизмі", материяның жоғары ұйымдасқан деңгейі; ми болмаса әр адамның санасы өмір сүре алмайды, ми-биологиялық орган; адамзат жасанды интеллект жасауға мүмкіндігін алды, ол материалдық объект - машина (компьютер); дәрілердің адамның организміне әсері санада бейнеленуіне әкеледі (мысалы, психотроптық заттарды қолдану). Физикалистердің негізгі мәселесі— ол идеалдық сана: адам ойындағы образдардың материалдық сипаттамасы жоқ, мысалы - массасы, иісі, өлшемдері, формалары жоқ; сана образарды өзгерте алады — үлкейту, кішірейту, өшіру сияқты, ешбір адам басқа адамның санасын "көрмеген" (миге операция жасаған хирург, микроскоптан тек затты — нейрондерды көреді, бірақ ол операция жасаған адамның образдардарын, не ойларын көре алмайды). 
Материализм теориясы (мысалы, Фохтың пайымдауынша ой мидан бөлініп шыққандықтан ойдың өзі ерекше түрдегі зат). Ой мен материя сапалық жағынан өзара тең ұғымдар. Психикалық құбылыстарды физиологиялық құбылыспен, ойды затпен теңестіру арқылы материализмді идеализммен байланыстырды. 
Солипсизм —индивидтың санасы— жалғыз нақты реалдылық, а материалдық дүние — оның туындысы деп есептейтін бағыт (субъективтік идеализм — Беркли, Юм, Фихт).
Философиядағы сана мәселесінде сананың қалыптасуы туралы әр түрлі көзқарастар бар. Солардың бірі сананың космостан (не құдайдың ақылынан) пайда болды деген көзқарас. Сана барлық тірі организмдерге тән немесе сана тек адамның қасиеті. Сана космостан (құдайдың ақылынан) пайда болғаны туралы көзқарас: монадалар теориясы (монадология) - Лейбниц негізін салды, Даниил Андреев оны ары қарай дамытты. Дүниеде бөлінбейтін және мәңгілік монадалар бар — алғашқы рухани бастамалар,олар сананың негізі; Шарден теориясы, бұл теория бойынша сана— адамнан тыс мән, материяның "ішкі түрі", "миы"; Толбет теориясы, бұл теория бойынша Әлем— гиганттық ақыл, сана—материяны жасайтын өзара өрістердің нәтижесі; Гилозоизм теориясы, бұл теория бойынша барлық материяның (тірі, өлі табиғат) жаны бар, табиғаттың жаны бар болуы — материяның қасиеті.
Сана - биологиялық бейнелеудің жоғарғы түрі. Жануарлардың санасынан адамның санасының айырмашылығы тереңдігімен, еңбекке қабілеттілегімен, абстракциялау мүмкіндігімен, сананы жеткізу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Адамның санасының негізгі қасиеттері: идеалдық; интенционалдық; идеаторлық болып жіктеледі.
Идеалдық —сананың ерекше, материалдық емес мәні. Өзінің табиғаты бойынша идеалдық сана: материалдық дүниеге қарама қарсы ; материядан тәуелсіз; материалдық құралдармен танылмайды;
Интенционалдық - обьектіге деген бағыт. Сана затсыз, обьектісіз болуы мүмкін емес. Интенционалдық сана: сана обьектісі; түрлері. Сананың негізгі түрлері: қабылдау; түсіну; бағалау; еске алу; фантазия; өмірлік тәжірибе. Сананың обьектісі: қоршаған дүние, оның заттары,құбылыстары; ерекше, тәуелсіз рухани әлем.
Идеаторлық сана — идеяларды жасау және жаңғырту қабілеті — қарапайым бейнелеудің шеңберінен шығатын ішкі өзіндік жұмыс. Абстракциялдық идеяларды дамыту қабілеті — адамның санасының жануарлардың санасынан негізгі айырмашылығы.
9. Онтология болмыс туралы ілім ретінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет