Философияның анықтамасы мен пәні Философия — жалпы және фундаменталды сауалдар туралы зерттеу болып, ол болмыс, болу, білім, құндылық, ақыл, зерде және тіл секілді өзекті проблемаларға бағытталады. "Философия" термині алғаш Пифагордан (бзд. 570 - 495 жж) басталған болуы мүмкін. Философиялық әдістерге сауал, сыни пікірталас, ақылды аргумент және жүйелі пайымдау қатарлылар жатады.
Алғашында "философия" термині кез-келген білімнің жиынтығына қатысты болды. Бұл тұрғыда философия дін, математика, жаратылыстану, білім және саясат қатарлылармен тығыз байланысты болды. Ньютонның "Табиғат философиясының математикалық қағидалары" (1687) кітабы ХХІғ-да физика кітабы ретінде жіктелсе, кезінде философиялық кітап ретінде танылып, мұндағы "табиғат философиясы" (кейде натурфилософия) термині сол замандағы астрономия, медицина және физика секілді пәндерді қамтыды.
Жалпы мағынада, философия даналықпен, интеллектуалды мәдениетпен және білім ізденумен байланысты. Бұл тұрғыда, барлық мәдениеттер мен сауатты қоғамдар "біз қалай өмір сүрудеміз" және "шындықтың табиғаты қандай" секілді философиялық сұрақтар қояды. Демек, барлық әлемдік өркениеттердегі шындық, адамгершілік және ғұмыр секілді фундаменталды мәселелердің негізіне сұрау салу философияның кең әрі әділ тұжырымдамасы болмақ.
Кейбіреулер қазақта Аристотель, Декарт, Кант секілді философиялық жүйе құрған ойшылдар болмаған соң, философияның болғаны да күмәнді деп есептейді. Дегенмен, бұл түрдегі идеялармен басыбүтін келісе салуға болмайды. Өйткені философия біреудің біреуге ұқсауына негізделген біртұтас бірдей нәрсе емес. Өркениеттік, этностық, дәуірлік ерекшеліктер ғана емес, тұлғалық ерекшеліктер де философияның әр философта әртүрлі болуын белгілеген. Сосын Академиялық философтарды ғана философ санап, ақынжанды философтарды, еркін ойларды, әртүрлі мәтіндердегі философиялық тұжырымдарды философияға жатқызбау үлкен қателік болар еді. Түркі-қазақ тарихында бұл екі түрлі философияның екеуі де болған.
Дүниетанымның тарихи түрлері: мифология, дін, философия.