Сана туралы философиялық ілім.
Сана — дегеніміз адам сезінген және аңғарған ішкі-сыртқы болмыс күйі. Ол таным, қиял, түйсік, ой, тілдік ұғым және жадыны қамттиды. Ол адам миында болатын ерекше құбылыс. Сананы адамның ең басты артықшылығы деуге болады, өйткені адамзаттың бүкіл прогрессінің басында оның санасының прогрессі тұр.
Санаға қатысты екі негізгі мәселе бар: бірі, сана мен дененің байланысы, әсіресе сана мен нерв жүйесінің байланысы мәселесі әлі де зерттелу үстіндегі тақырып. Дуалистер мен идеалистер сананы физикалық емес нәрсе деп түсіндірді. Ал, қазіргі заманғы функционализм – яғни сананы нейрондардың қозғалысы деп түсінеді. Екінші мәселе, хайуандарда да сана бар ма деген тақырып. Егер сананы адамға ғана тән құбылыс десек, онда хайуандарда болатын кейбір саналыға ұқсап қалатын әрекеттерді жаңаша түсіндіруге тура келеді.
Сана ұғымы философияда негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнінде, сана арқылы қоғамдағы байланыста жеке адам белсенді болады
Сана мəселесі-философиядағы басты жəне
күрделі, түсіндіруге қиын мəселелердің бірі,
себебі сананы көру, өлшеу, сезім мүшелері ар
қылы қабылдау мүмкін емес, бірақ сана
адамның жануарлар дүниесінен ерекшелігін
көрсететін факторлардың бірі, сана арқылы
адам мен оны қоршағ ан ортаның арасындағ
ы байланыс жүзеге асырылатыны күмəнсіз.
Сондық танда философия тарихында сана,
жан, бейсаналы құғ ымдарының төңірегінде ү
немі пікір таластар жүріп отырды жəне олар
қазірде жалғасуда.
Сананы түсінудегі əр түрлі көз қарастарды
біріктіріп, екі үлкен топқа бөлуге болады:
Материалистік – сананы материяның
дамуында пайда болатын табиғи қасиеті
деп түсіну; Идеалистік - сананы материяға
жат,одан алғашқы, жаратылыстан тыс
пайда болатын рухани субстанция деп
ұғыну. Жаратылыстану ғылымдарының
дамуының нақты жетістіктері сананың
мəні, генезисі туралы сауалдарға жауап
берді деп айтуға болады.
Сананың табиғаты қоғамдық, яғни ол тарихи эволюция нəтижесінде
қоғамда қалыптасты жəне сананың дамуы қоғамдық ортада ғана
мүмкін болмақ. Сананың қалыптасуының алғышарты ретінде еңбекті
атауға болады. Еңбектің арқасында адам өзінің күнделікті өмір
сүруіне жəне табиғаттың дүлей күштерінен қорғануға қажетті
нəрселерді жасады, табиғат заттарының жаңа қасиеттерін ашты, ойөрісін кеңейтті, еңбек құралдарын бірте-бірте жетілдіре түсті.
Еңбектің дамуы қоғамда өмір сүріп отырған адамдарды жақындатты,
олардың бір-біріне бірдеңе айту қажеттілігі туды, араласу құралы
ретінде тіл пайда болды. Еңбек пен тіл адамның миын, сезім
органдарын дамытты, есту, көру. сезу, қабілетін күшейтті, санасын
қалыптастырды. Абстракциялауға, тұжырым жасауға құштарлық
еңбек пен тілге қайта əсер етті, оларды дамытуға жаңа күш берді.
Сана, сонымен қатар, бейнелеудің жоғарғы формасы. Бейнелеу барлық
материяға тəн қасиет. Объективті өмір сүретін заттар, құбылыстар,
процесстер бір-біріне үнемі əсер етіп отырады жəне белгілі бір
дəрежеде өзгерістерге ұшырайды. əрбір зат, құбылыс өзі əсер еткен
нəрседе өзінің «ізін», бейнесін қалдырады.
5.
Бейнелеудің сатылары:
1) қарапайым бейнелеу – бейнелеудің бұл түрінде
субъект объектінің белсенділігін туғызбайды (мысалы,
заттың судың немесе айнаның бетінде бейнеленуі).
2) информациялық бейнелеу – бейнеленуші
бейнелеушінің бойында белсенді əрекет, өзгерістер
жасайды. Мұндай бейнелеу тірі табиғатта да, қоғамда да
кездеседі. Мысалы, лекция оқушы ұстаздың студенттің
санасында жаңа ойлар оятуы, қарапайым бір клеткалы
жануарлар мен өсімдіктердің тітіркенуі.
3) əлеуметтік бейнелеу – қоғамдық болмыстың жеке
жəне қоғамдық санада, ой-пікір, көзқарас, идея,
теорияларда бейнеленуі.
Бейнелеудің ең жоғарғы формасы деңгейіне көтерілгенге
дейін сана материяның төменгі формаларының
эволюциясының сатыларынан өтті.
6.
1) тітіркену – өсімдіктердің ыстық-суыққа, тəулік
уақытына, басқа сыртқы əсерлерге реакциясы.
2) сезімталдық – жануарлар дүниесіне тəн. Организм өзіне
биологиялық жағынан алғанда қажетті емес, сонымен бірге
биологиялық тұрғыдан бейтарап, бірақ онымен қосыла
«отырып, информациялық маңызы бар нəрсеге реакция
бере алады, яғни түйсік туғызады. Мұндай бейнелеу тірі
организмнің ішкі жұмысын, информацияны қорыту
жұмысын күрделендіріп, нерв жүйесінің негізін қалайды.
Мысалы, андар өз жауларын көргенде организмінің барлық
мүмкіндіктерін жинақтап, шабуылға немесе
қорғануға дайындалады. Бірақ жануарлар ой қорытуға
қабілетсіз.
3) психикалық бейнелеу – нерв жүйесімен тығыз
байланысты. Субъект пен объектінің бір-біріне əсері
негізінде психикалық образ (бейне) қалыптасады. ол нерв
клеткаларында сақталып, керек уақытында қажетке асады.
4) адам санасы – бейнелеудің ең жоғарғы түрі.
7.
Қоғамдық сана. Қоғамдық сана – қоғамның өзін-өзі, өзінің
қоғамдық болмысын жəне қоршаған ортаны түйсінуінің
(осознание) нəтижесінде пайда болатын қоғамдағы əр түрлі
пікірлердің, теориялардың, идеялардың, діни сенімдердің
жиынтығы. Ол қоғамдық болмысты бейнелейді, бірақ
салыстырмалы түрде белсенді, яғни, қоғамдық болмысты
пассивті бейнелеп қана Қоймай, өзі де қоғамдық болмыстың
дамуына белсенді əсер етіп отырады.
Қоғамдық сана жəне жеке сана. Жеке сана мен қоғамдық
сананың арақатынасын жеке мен тұтастың арақатынасы ретінде
қарастыруға болады. Жеке сана қоғамдық сананың бөлігі, оның
құрамында қоғамдық сананың элементтері ылғи да болады.
Адам өмірге келгенде қоғамда өзіне дейін қалыптасқан
өндірістік қатынастарға, қоғамның экономикалық негізіне ғана
емес, рухани мəдениет пен мəдени құндылықтар дүниесіне
қадам жасайды. Сондықтан да жеке адам қоғамдық сананың
принциптерімен жəне шектеулерімен санасуға мəжбүр.
8.
Қоғамдық сананың құрылымы. Зерттеушілер қоғамдық сананың
құрылымында қарапайым жəне теориялық, қоғамдық психология жəне
қоғамдық идеология деңгейлерін, сонымен қатар, мынадай түрлерін:
саяси сана, құқықтық сана, мораль, дін, өнер, ғылым жəне
философияны атап көрсетеді.
Қарапайым немесе əдеттегі сана – адамның қоршаған ортаны
бейнелеуінің тарихи жағынан алғанда алғашқы тəсілі, қоғамның
рухани өмірінің ажырамас бөлігі. Кейбір ойшылдар қарапайым сананы
тоғышарлық сана, жаңаға қабілетсіз деп, төмен бағалайды. Мысалы,
осындай менсінбеушілік Гегельде кездеседі, бірақ ол қарапайым сана
жалпы адамзаттық мəдениеттің байлығын игеруге талпынса, ғылыми
деңгейге дейін көтеріле алады деп сенеді. Ал Кант қарапайым санаға
құрметпен қарады. Шынында да, қарапайым сана нақты өмір сүріп
отырған адамдардың, қоғамның құрамдас элементтерінің санасы, бір
тұлғаның екінші тұлғадан айырмашылығын көрсететін жəне оларды
бір қоғамдық тұтастыққа біріктіретін рухани микрокосм, адамдардың
күнделікті өмірлерінің қарапайым уайым-қуаныштарының,
үміттерімен түңілулерінің жиынтығы. Қарапайым сананы зерттеу
арқылы қоғамның жалпы көңіл-күйі, тыныс-тіршілігі туралы мол
мəлімет алуға болады. Осы жерде «қоғамдық психология » ұғымын
қарастырған дұрыс.
9.
Қоғамдық психология дегеніміз – белгілі бір қызмет жəне басқа да
жағдайлар арқылы біріктірілген адамдардың əлеуметтік көңіл-күйлері мен
сезімдері, қоғамдық пікірлері, салт-дəстүрлері мен мінез-құлықтары жəне
əлеуметтік əдеттері.
«Қоғамдық психология» терминін ғылыми айналысқа итальяндық марксист
Антони Лабриола 1896 жылы енгізіп, оны қоғамдық сананың бүкіл
мазмұнына кіргізді. Бұл терминнің философиялық əдебиетте кеңінен
тарауына орыс ойшылы Г.Плеханов үлкен үлес қосты. Ол «қоғамдық сана»
терминін «қоғамдық психика» жəне «таптық идеология» деп бөліп,
коғамның психологиясын зерттеудің маңыздылығын атап көрсетті жəне
онсыз құқық пен саяси мекемелердің тарихын, мəдениетін, əдебиетін,
философияны сондай-ақ рухани құбылыстардың да тарихын түсіну мүмкін
еместігін ескертті. Қазіргі кезеңде қоғамдық психологияны зерттеумен
əлеуметтік психология ғылымы айналысады. Жалпы алғанда, қоғамдық
психология мен қарапайым сана қоғамдық сананың бір деңгейінде
орналасқан.
Теориялық сана. Адамның бойында тек қарапайым сана, немесе, тек
теориялық сана болуы мүмкін емес, олар бірін-бірі толықтырып отырады.
Теориялық сана – маңызды байланыстар мен заңдылықтардың ғылымда
жəне қоғамдық сананың басқа формаларында бейнеленуі, ол тарихи жəне
теориялық алғышарттарға, рухани қызметке сүйенеді. Осы анықтама арқылы қоғамдық идеологияның мəнін түсінуге болады. Философиялық əдебиетте идеология теория, негізделген, жүйелі, ретті білім деп қарастырылады
Достарыңызбен бөлісу: |