«Философияның» дүниетаным және оның тарихи түрлеріне сипаттама беру


Өмірдің мәнін анықтайтын әдістерді атаңыз



бет11/60
Дата19.10.2022
өлшемі227,25 Kb.
#44021
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   60
Байланысты:
Философия(сессия)

Өмірдің мәнін анықтайтын әдістерді атаңыз.

Өмір философиясы барлық тіршілік иелеріне рухқа, не материяға ұқсамайтын, бірақ түйсік сезімі арқылы тануға болатын өмір көрінісінің формасы және әлдеқандай бір алғашқы реальдық ретінде қарастырады. Бұл философияның пайда болуына биология немесе психология сияқты ғылымдарының жедел дамуы әсер етті. Өмір философиясындағы басты ұғым - өмірдің мәні мен мағынасын алуан түрлі, оны қай позициядан, қалай түсіндіруге байланысты. Мұндағы «өмір» ұғымы бәрінен бұрын тірі организм өмір сүріунің шарты ретіне биология-натуралисттік мағынасында қолданады. Сонымен қатар, «өмір» - дүниенің абсолюттік шектік негізі болып табылады. Ол материя мен санаға қарағанда белсенді, көп мағыналы әрі мәнгі қозғалыста болады. Оны сезімдік немесе ақыл ой сатылары арқылы емес, тек түйсікпен ғана тануға болады, әрі діни толғаныстармен топшаланады. Өмір философиясы ішкі логикасы жағынан екі салаға бөлінеді: 1) Өмірді тек биология жағынан қарастырып, түсіндіріп биологиядық қасиеттерді шындық өмірдің барлық түрлеріне телиді.Бұл конспекция өмір философиясының психологиялық варианты деп аталады. 2) Өмірді рухани күштердің иррационалдық құбылуы ерік және ішкі толғыныс формасында қарастырады.Сонымен бірге өмір философиясының мәдениет философиясы немесе « тарихи » нұсқа деп аталатын түрі де бар. Бұл қағиданы жақтаушылар өмірді « ішкі » жағынан талдап түсіндіре отырып, тікелей ішкі толғаныстарға жүгінеді. Өмірдің мәнін адам жан дүниесі мен психологиялық тәжірбиелері арқылы емес, мәдени тарихи тәжірібиелер арқылы түсіндіріледі. Өмір философиясының жекеленген нұсқалардың принциптік айырмашылықтарға қарамастан, оның әр түрлі концепцияларының ортақ негізі бар. Ол - қаншылдық пен позитивизм ықпалына байланысты 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында кең тарап, үстем болған мотодологизмге қарсы күрес жүргізу. Қазіргі таңда, Өмір философиясы экзистенцириализм мен персонализмге ұстанып отыр.




  1. Ақиқат туралы философиялық ілімді түсіндір.

Ақиқат– таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі.

Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Объективті ақиқат — білімінің адамға да, адамзатқа да тәуелсіз мазмұны. Ақиқат — салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс. Абсолюттік ақиқат — затты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім. Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат диалектик. байланыста. Салыстырмалы ақиқатта абсолюттік ақиқаттың ұшқыны бар, ал абсолюттік ақиқат салыстырмалы ақиқаттың жиынтығы (қ. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат) негізінде құралады.

Таным процесінде ақиқатқа жету өте қиын іс. Ежелгі грек өкілі Гераклит “табиғат өз сырын жасыруды жақсы көреді” деген еді. Демокрит ақиқатты тану жолындағы “сезімдік тану ақпарат беру қызметін ғана атқарады, тек ақыл-ой араласқанда ғана ол өз дәрежесіне көтеріледі” деп білді. Пайымдаудың ақиқаттығы не жалғандығы туралы мәселе өмір тәжірибесінде шешіледі. Практика — ақиқаттың өлшеуіші, яғни ол дүние туралы біздің таным-білімдеріміздің ақиқаттығын дәлелдейді. Ақиқатты таным-білім мен өмір шындығының сәйкестілігі ретінде түсіну (корреспонденциялық принцип) ерте заман өкілдерінен, мысалы, Аристотельден басталады да, Жаңа дәуір философиясында, Бэкон, Спиноза, Дидро, Гольбахтардың ілімдерінде одан әрі өз жалғасын табады. Платонның ұғынуында ақиқат — идеялардың өзгермейтін абсолюттік қасиеті болып табылады.

Ақиқат дінде құдаймен (хақ тағаламен) байланыстырылады. Бұл сөздің өзі де (арабша “һәққ” — шындық; әділдік; парыз; міндет); құдай мәнін білдіретін түбір сөзден туындаған (“һәқиқат”). Йасауи мазһабы (жолы) өзі “қал” және “хал” деп атаған екі ілімнің тұтастығын белгіледі. “Қал” ілімі тек сана-сезіммен танылатын Ясаауи мазһабының теориялық білім жүйесін қамтыды. Бұл ілім бойынша адам жаратушы хақ тағаланың тұтастық ұғымындағы бір бөлшегі ретінде қарастырылады. Осы тұтастыққа жету, сіңу (фәнә), бірігу (таухид) мақсатында адамның өмір мәні белгіленді. Адам хақтың бір бөлшегі ретінде рухани және өтпелі кезеңге тән нәпсілік қасиеттердің басын біріктіргендіктен, азапты сынақтан өтіп, абсолютті кемелдікке жетуі қажет. Сонда адам жан, тән азабын кешу арқылы нәпсілік қасиетін жеңіп, рухани пәктігін сақтап қалса ғана хақпен бірігіп (таухид), хақ дидарын көріп, ақиқат мәнін түсіне алады. Йасауи мазһабының “хал” ілімі хақ жолындағы белгі, нышандарды танытатын амал-әрекеттер жиынтығын қамтиды. Бұл ілімде хақ жолындағы 40 мақамның 10-ы — шариғатта, 10-ы — тарихатта, 10-ы — мағрифатта, 10-ы — ақиқатта деп белгіленіп, әр кезеңнің мағынасын құдайға деген махаббат арқылы сезінуге көңіл бөлінді. Хақ жолындағы адам белгіленген тәртіппен шариғат — жабарут, тарихат — малакут, мағрифат — лахут, хақиқат — насут шеңберін айналып өткенде хақпен рухани қатынас туады. Хақпен бірігуде адам өзінің адамдық қасиетін белгілейді, бұл лахут-насут арақатынасын теңестіруден көрінеді. Йасауи мектебі дәстүрінен тамыр алған нақшбандийа, иканийа, бекташийа секілді сопылық ағымдар да ақиқатты танып білуде хақпен бірігу (таухид) жолын ұстанды.

Неміс классик. философтары (Фихте, Гегель) Ақиқатты білімнің дамуы тұрғысынан қарастырды. Ал қазіргі батыс философтарының бір ағымы — экзистенциализм өкілдері ақиқатты даралықтың психологиялық ахуалы деп талқылайды.

Ақиқатты танып-білу процесі — тарихи, қарама-қайшылықты, шексіз процесс. Ақиқат тереңде жатады. Оны ұғынудың қиындығы да сонда. Қазақтың ғылым туралы “инемен құдық қазғандай” деген мақалы ақиқатқа жетудің мәнін де жақсы ашып береді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет