Философияда ғылым, техника жән білімнің атқаратын қызметін көрсет.
Философия-адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі,қоғамдық сананың формасы,болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім.
Алғашында «философия» термині кез-келген білімнің жиынтығына қатысты болды.Бұл тұрғыда философия дін,математика, жаратылыстану,білім және саясат қатарлылармен тығыз байланысты болды.
ІІІ ғ-да өмір сүрген биограф,тұңғыш философия тарихшысы Диоген Лаэртс «Ұлы философтардың өмірі,ілімдері және нақылдары» кітабының 13-ші бөлімінде Философиялық ізденістерді дәстүрлі түрде үш бөлікке бөлді:
-Табиғат философиясы(яғни физика,грек.Ta physika,«табиғатқа қатысты»)-физикалық әлемдегі трансформацияның құрылымы мен процессін зерттейтін ғылым;
-Морал философиясы(яғни этика,грек.Êthika «мінезге,бейім,әдепке қатысты»)- жақсылықты,дұрыс пен бұрысты,әділеттілік пен ізгілікті зерттейді;
-Метафизикалық философия(яғни логика, грек.Logikós,«ақылға,сөйлеуге қатысты»)- болмыс,себептілік,Тәңір,логика,формалар және басқа абстракт объектілерді,зерттейді. (мета та физика,'физикадан' кейін)зерттейді. (грек.Meta ta physika-«Физиканың кейінінде»)
Ғылым(лат.Scientia-білім)-уақыт пен кеңістікте бар,зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін,эксперимент пен бақылауға негізделіп,математикалық есептеуді қолданып,жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы.
Заманауи ғылым үш негізгі тармаққа бөлінеді: Жаратылыстану ғылымы(Биология,Химия, Физика…)ұлы табиғатты зерттейді;Қоғамдық ғылымдар(экономика,психология, әлеуметтану…)жеке адам мен қоғамды зерттейді;формалды ғылым(философия, логика,математика,теориялық компьютер ғылымы…)негізінен абстаркт ақылдық ұғымдарды зерттейді.
Ибн-Синаның емшілік философиясының мәнін түсіндіріңіз.
Әбу Әли Хусейн ибн Абдуллах ибн аль-Хасан ибн Әли ибн Сина батыс елдерінде Авиценна атымен белгілі-ғалым,пәлсапашы,астроном. Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті:ертедегі деректерге қарасақ,ол 456-ға жуық еңбек жазды,бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті,ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология және астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған.Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер,ғалым және фармацепт ретінде ие болды.Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де(980-1037),оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді.
-Әйгілі орыстың медицина зерттеушісі Б.Д.Петров ол жайлы былай деп жазады: «Орта ғасырларда онымен білімі, таланттылығы,еңбекке талпынысы және шығармашылық қорытындылары бойынша ешкімді салыстыруға болмайды»
Ибн Сина дүниетанымының қалыптасуына философ әрі жаратылыстану ғылымдарының озық үлгілі бірлігі ретінде араб мұсылман әлемінде танымал болуына әл-Кинди мен әл-Фараби философиясының тікелей ықпал тигізгені белгілі.
Ибн Синаның философиялық шығармасы он сегіз бөлімнен тұратын «Сауығу кітабы» логиканы,физиканы,математиканы және философияны камтыған.Арабтар әлемінде Ибн Синаның аты кереметпен аталатын еді. Оны біресе «философтар патшасы» деп атаса, біресе «дәрігерлер атасы» деп дәріптеген.
Философияда Фараби бағытын жалғастырғанымен араб перипате-тизмнің негізін қалаушы болды.Оның болмыс туралы ілімі материяны мәңгі жаратылыстан тыс құбылыс ретінде қарастырады.Алайда бұл қағиданы діни көзқарастармен байланыстыруға мәжбүр болған.Мысалы,ол құдайдың бар екендігіне шүбә келтірмейді. Дүние-шындықтың мүмкіндігі ғана.Ол уақыттан тысқары құдайдың жағдай туғызуына байланысты шындыққа айналады. Адамның рухын Ибн Сина дененің бейзаттық формасы ретінде қарастырады.Денелердің қайта тірілуі мүмкін емес дейді.Ибн Сина жалпы ұғымдар(универсалиялар)мәселесін өте қызық түрде шешкен.Оның ілімі бойынша жалпы ұғымдар үш ұдай өмір сүреді:
-Заттарға дейін, құдыреттің ақыл-ойында;
-Заттың өзінде, себебі ол сол заттың мәні;
-Заттан кейін адамдардың санасында.
Денсаулықты сақтау және денсаулықтан айырылғанда оны орнына келтіру үшін пайдалану керек,бұл медицинаның негізгі мақсаты дейді Авиценна.Галеннің іліміне керісінше,ол сырқаттың себебін білу керек, оны білу үшін нақты тәжірибе,бақылау жүргізу,зерттеу керек екендігін дәлелдейді. Авиценнаның ілімі бойынша аурудың пайда болуының бірнеше себептері бар:
• Ауа райының,тұрған мекенінің,жыл мерзімінің зиянды әсері;
• Тұрмыстық жағдайдың,тамақтану тәртібінің, тазалығының әсері;
• Еңбек жағдайының әсері;
• Әр адамның ауруға бейімділігі;
• Күйзеліс,ренжу,уайымдау т.б. әсері;
Ибн Сина медицинасының маңызы – ауруды емдеу үшін нақты тәжірибелік білімнің керек екендігі.Бұл ұғым медицинаның даму тарихында ең ірі болып есептелінеді.