22. Зар заман өкілдері мен философиясының өзекті мәселелерін атаңыз.
Қазақ әдебиетіндегі байырлық рух ХVІІІ ғасырда жоңғарлар мен қарсы күресте ХІХ ұлт азаттық күресте, (Махамбет, Нысанбай ) қайта көтерілгенмен , Қазақстанның Ресей құрамына өтуі нәтижесінде зар заман кезеңі басталды. Осы кезде өмір сүрген қазақ ақын - жырауларының бір тобы қоғамда болып жатқан келеңсіз құбылыстарды аяусыз сынға алды.Олар Қазақстанның Ресейге қосылуымен капиталистік көзқарастардың енуін кері кеткендік деп есептеді. Өткен өмірді ансады, болашақ туралы өз болжамдары мен пікірлерін білдірді. Қоғамда болып жатқан өзгерістерге өзіндік көзқараста болған және сол бағытта жырлаған ақындарды М.Әуезов « Зар - заман » жыршылары деп атаған болатын және әдебиеттану тарихында да олар осылай айтылды. Тарих ғылымының докторы М.Қойгелдиев «отаршылдық бұғауына мықтылап байлаған халықтың мың -мұхтажы мен қайғы-қасіретін жырлаушыларды «Зар -заман » мектебінің ойшылдары»,- деп атады. Зар - заман кезеңінде ғұмыр кешкен орталық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Оның белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қоңайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбу бәкір Кердері, Аубан Асан , т.б. Мұхтар Әуезов Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып Нарманбетпен аяқталды. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа санатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі «Зар-заман» ақындарын тарих сахнасына шығарған. Олар халықтың жай күйін ойлаған ұлт- қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шоғырлары халықтың салт- дәстүрлерді қабығы бұзылмаған қалпында сақтауға , ұлттың – бітімімен ажырамауға үндейді.
Зар заман дәуірінің ақындары (Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, т.б.) халықтың басына түскен отаршылдық нәубетін сары уайымға салыну, торығу сарынымен жырлады. Дулат Бабатайұлы өз шығармаларында қайырымдылық пен зұлымдық, мырзалық пен сараңдық, білім мен надандық мәселелерін талдап, шығармаларына негізгі арқау етті. Дулаттың әлеуметтік философиясы – жер, суды, елдің бірлігін сақтап қалу идеясы, басқа жұртқа күш көрсетпеу философиясы. Зар заман ақындарының ірі өкілі Мұрат Мөңкеұлы шығармаларындағы басты сарын – жер мәселесі, ата қоныс, бас бостандығынан айырылған тұтас елдің мұң-зары. Шортанбай заманақыр таяғанда табиғат та азады десе, Мұрат керісінше, заманның азуын адамнан көреді. Шортанбай ақын үлкен адамгершілік мәселесін жоғары бағалап, оның осындай қиын жағдайларға түскеніне қорғаныстан өзіміздің
тұрмыс салтымыздағы төл ерекшеліктерімізді сақтап қалуға, оны бұзбауға әрекет жасайды. Шортанбай ақын қоғамдық санада болып жатқан
өзгерістерді, қазақ даласына енген жаңалықтардықазақ қауымының жаңа тұрмыс – салтына ұмтылуын өз көзімен көрді, олардың куәсі болды. Ол өмірдің осы жағын жырлай отырып, қазақ халқының болашақ мақсат мүддесін қорғады. Зар заман ақындарының ең беделді өкілдерінің бірі
Мұрат Мөңкеұлы болып табылады. «Қоныстың бәрін жоғалтқан ноғайлы, қазақ надан жұрт, бірлігінің келгісі», - деп ол тығырықтан шығар
жолды білімнен іздейді. Мұрат өз заманын адамгершілік жағынан озған, отбасы қатынастарының бұзылған заманы дейді. Ол заманның бұзылуының, қайғы қасіреттің үйірілуінің себептерін іздеп, өз заманының күйіне пайымдаулар жасайды.
Пайдаланылған дереккөз: « Қазақстан » ұлттық энциклопедиясы, 4 том ,
Алматы 2005ж.
Достарыңызбен бөлісу: |