«Философияның» дүниетаным және оның тарихи түрлеріне сипаттама беру


Ақын-жыраулардың өсиеттерінің мағынасын түсіндіріңіз(Мысалы Бұхар жыраудан қалған өсиет –халық бірлігі)



бет50/60
Дата19.10.2022
өлшемі227,25 Kb.
#44021
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60
Байланысты:
Философия(сессия)

23. Ақын-жыраулардың өсиеттерінің мағынасын түсіндіріңіз(Мысалы Бұхар жыраудан қалған өсиет –халық бірлігі).
БҰҚАРДЫҢ СОҢҒЫ ӨСИЕТІ
Тайкелтір ауылы Далбадағы Тотияны, Бұқар ауылы Қожа қорығын мекендеп, ауыл арасында ауыл жоқ бір-бірімен қатысып жүреді екен. Бұқар жырау қанша сапарда болып, жер шолып ел аралап қайтса да аңсап келіп тыныстайтын жері өз қонысы – осы қорық болыпты.
Бұқарды бүкіл ел асқан құрметпен сыйлаған. Ал ауыл арасында ауыл жоқ, іргелес қонысты Тайкелтірдің Бұқарға деген құрметі ерекше болған.
Қартайған жыраудың көңілін сұрауға халық тынымсыз ағылып жатады. Науқастың жанында болған Тайкелтір біраз жатқан соң кетуге емеурін білдіреді. Бұқар болса келте қайырады:

– "Ұлықсат жоқ, қайтпайсың. Мына менің халімді білуге келіп жүрген жұртты қорық басына жина. Мені сүйемелдеп алып бар, олармен әлім барда қоштасайын да, жолдарын байламай таратып жіберейін. Шаруаларына барсын",- дейді қарт.


Әлден уақытта ауыл жақтан Тайкелтір бастаған бір топ адам Бұқар жырауды қау-қаулай ортадағы жаюлы кілем үстіне әкеліп отырғызады. Оның бұрынғы сұңғақ бойы еңкейген, тартқан төстіктей кеуде жоқ, денеден ет қашып, суалып тартылған, алты жасар атандай адуындап аттамайды, шөккен.
Бұқар торғын орамалмен бетін сүртіп, қалың қабағын көтеріп, жиылған жұртты бір шолып шығады да сөз байтайды:

– "Есен саусыңдар ма, халқым! Әмсе есендікте болыңдар! Менің көңілімді сұрап келгендеріңе рахмет! Тілегі бір, көңілі түзу, бірақ аяғы жетпеген кәрі, жасқа менен сәлем айтыңдар! Мына қу тірлікте бұқарама айтқан артық-кем сөзім болса кешсін. Биыл тоқсанның төртеуіне келген екем. Өзекті жанға — бір өлім. Өлімнен қорқып отырған мен жоқ.

Қасенді халқы Асан Қайғы деп атаған екен. Асан қайғырған да, қамыққан да жоқ, ол тек халқының болашағын ойлады. Қазақ халқын іргелі ел қылмақ болды. Сондықтан да ол желмаясына мініп алып, кең байтақ жерін шарлап шолып шықты, батысы мен солтүстігіндегі, шығысы мен оңтүстігіндегі шекарасын өз көзімен көрді. Жиделі бойына келгенде: "Ай, Жиделібайсын, артыма бөктеріп кетер едім, әттең ат көтере алмайды-ау", Сырға барғанда: "Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен. Қаратауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда ғана дұрыс екен". Ертіс бойын көргенде: "Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер" деген екен. Терісаққанды көргенде: "Сарыарқаның тұздығы", Жетіқоңырды: "Сарыарқаның маусымы", Нұраны: "Алты күнде ат семіртіп мінетін жер", "Есілдің жары мен суы бірдей, жарлысы мен байы бірдей", "Аттың төбеліндей Жалаңаш, сені алдыма өңгерейін бе, артыма бөктерейін бе, қай жарама тартайын" депті ғой Асан. Мына мекендердің: Баянауылға, Өлеңті, Шідертіге тағы басқа жерлерге берген бағалары қандай даналықпен айтылған. Мұның бәрінің дұрыстығын тарих таразысы дәлелдеп отырған жоқ па, халайық? Енді сол құт жерлеріңде аман-есен жарқын өмір сүріңдер! Береке — бірлікте. Бірлік отын сөндірмеңіздер".

Жырау асықпай-саспай, әлсін-әлсін нұры тайған көзінен аққан жасын сүртіп, қатпарланған бетін орамалымен орай сипайды да сая күрсініп аз тыныстағандай болады. Жиылған көпшілік оның әр сөзін меруерттей теріп алып, ынталана тыңдап, ұрпақтан-ұрпаққа айта жүргендей жырау тағы не айтар екен деп үмітпен ұйып тыңдайды. Әлден уақытта ол сөзін одан әрі жалғастыра түсіпті:

– "Асан болған жердің кейбіреулерінде мен де болдым. Түркістан, Сығанақ, Сайран, Жанкент, Ташкент қалаларын көзіммен көріп, Балқаш, Жетісу өлкесін, Сарыарқаны араладым. Сонда мен не көріп, не білдім? Иә, көргенім де көп, түйгенім де аз емес. Оның ішінде менің ең алдымен көргенім талай қиыншылықты басынан өткізіп, барлық ауыртпалықты мойнымен көтеріп ұлан-байтақ жерге ие болып қалған берекелі елім болды. "Жер мен ел егіз",– деп ентігіп қалған қарт біраз дем алады.

Қарт жырау халқына тағы да бір-екі ауыз нақыл айтпақ болып, бірақ жөтеліп деміге береді, сонда да:



Ата-ананың қадірін балалы болсаң білерсің,
Ақ тәніңнің қадірін жаралы болсаң білерсің.
Бостандықтың қадірін жазалы болсаң білерсің,
Дәулетіңнің қадірін мал кеткенде білерсің.
Ажарыңның қадірін сән кеткенде білерсің,
Тіршіліктің қадірін жан кеткенде білерсің,
Аңдып жүрген дұшпанды дәл жеткенде білерсің,—
деп Бұқар жырау халқымен ақтық рет қоштасыпты.
1.Өзін сыйламаған басқаны сыйлауға қабілетсіз.
-Бауыржан Момышұлы
Бауыржан Момышұлының« Өзін сыйламаған басқаны сыйлауға қабілетсіз».осындай бір ұлағатты сөзін алғым келеді.Бауыржан Момышұлы бұл ұлағатты сөзімен әр адам жеке тұлға ретінде өз-өзін жақсы көріп,өзін сыйлау керек екен деп айтты деп түсінемін.Яғни,әр адам өзін жақсы көрсе басқаны да жақсы көреді деп ойлаймын.Бауыржан Момышұлының осы бір сөзі негіз болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет