20. Сана-шындықты бейнелеудің ең жоғары формасы. Сана және тіл. Сана- материяның еңжоғары түрде дамыған жемісі және әрекеті. Адам сезінген және аңғарған ішкі-сыртқы болмыс күйі. Ол таным, қиял, түйсік, ой, тілдік ұғым және жадыны қамтиды. Адам миында болатын ерекше құбылыс.
Сана-ми қызметінің нәтижесі, ол мида сезім мүшелері арқылы сырттан келетін әсерлердің арқасында ғана туады. А.Н. Леонтьев сананы «қоғамдық тұрғыдан қалыптасқан тілдік мағына, ұғымдар арқылы санада түсінілетін ақиқаттың көрінісі» деп анықтайды.
Сананы адамның ең басты артықшылығы деуге болады, өйткені адамзаттың бүкіл прогрессінің басында оның санасының прогрессі тұр. Сана ұғымы философияда негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнінде, сана арқылы қоғамдағы байланыста жеке адам белсенді болады. Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Әртүрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген. Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып көрінуін, «ашылуын», ол өзі анықтайды. Бұл -оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі адамның адаммен байланысы ретінде, әрекеттерде оларға тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым-қатынас үдерісіндегі байланысы және оның арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі.
Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан. Ол адам өмірінің «мүшесі» ретінде қызмет атқарғанымен, бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше одан шығатын күштер оның сыртында- адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлі табиғи күштерде көрініс табады.
Шындықтың жаңа формасы, яғни өмірдің адамдық формасының қалыптасуының нәтижесінде сана қалыптасты. Бұндағы субьект(адам) өзінің тіршілік аймағынан шыға алатындығы, өз ісіне жауап беруге, өзінің өмір сүру ортасының шарттарына бейімделіп қана қоймай, оны өзгертуге қабілетті екендігі байқалады. Барлық тіршілік иелерінің ішіндегі адамның өмір сүру формасы ерекше. Санадан өткізу- обьективті шындықты көпшілік қабылдаған зат немесе құбылыстың мағынасын сөз арқылы бейнелеу.
Сана-психиканы біріктіруші және шындықтыбейнелеудің ең жоғары өмір формасы.Сана- бұл қоғамдық болмыс. Сана құрылымында 4 негізгі сипат байқалады:
1.Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі,оның құрамына барша танымдық процестер енеді: түйсік, қабылдау,ес,ойлау,қиял.
2. Санада субьект пен обьектінің айырмашылықтары бекиді.
3.Мақсат, болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Сана қызметі-мақсат қалыптастыру, себеп салдарын анықтау, іс-әрекеттің орындалу жолдарын айқындау т.б.
4. Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады.
Адамның шындықты бейнелеуінің ерекше тәсілі ретінде пайда болуы, тілдің пайда болуымен тікелей байланысты. Сана ең жоғарғы ұйымдасқан материя - мидың функциясы ретінде бірден пайда болған жоқ. Ол талай дәуірден өтті. Оның пайда болуына екі факторға байланысты: бірі- еңбек, екіншісі- тіл. “Алдымен еңбек, одан соң бөліп-бөліп айтылатын тіл, -дейді Ф. Энгельс,- маймылдың миын адам миына айналдырды”.Яғни, тіл-сананың пайда болуының негізгі шарты. Сана мен тілдің байланысы тығыз және шартты. Тіл жəне санамен қатар сана мен ойлау, тіл мен мəдениеттің өзара байланыс мəселелері Э. Сепир, А.А. Потебня, Л.В. Щерба, Л.В. Выготский, А.Н. Леонтьев, А.А. Леонтьев, А.А. Залевская, Е.Ф. Тарасов, Н.В. Уфимцева жəне т.б. секілді əртүрлі ғалымдардың еңбектерінде əрқилы ғылыми жəне əдіснамалық тұрғыдан түсіндіріліп жүр. Тіл мен сана «адамның рефлекстік болмысының сəйкесетін екі түрі» ретінде қарастырылады. Қорыта айтқанда, сана мен тіл тұтастықты құрайды, олар бірге өмір сүре отырып, бір-бірін толықтырады, тіл -ой мен сананың тікелей болмысы, ақиқаты. Сана тек айқындалып қана қоймай, тілдің көмегімен құрылады. Демек, оларды бір-бірінен бөлуге болмайды.