Сабақ: қазақ әдебиеті Мектеп: №6 жалпы отра білім беретін мектебі кмм күні



Дата06.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#12137
түріСабақ
Байланысты:
8-сынып ашық сабақ Сарыарқа

«Тексерілді»
Директордың оқу-тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары: Байсеитов Ж.
Қысқа мерзімді жоспар





САБАҚ: қазақ әдебиеті

Мектеп: №6 жалпы отра білім беретін мектебі КММ

Күні: 29.11.2018 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Байтемирова Жанат

СЫНЫП: 8«А»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Көркем әдебиет және эпикалық сарын


Сабақтың тақырыбы

Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі




Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар (Оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтау

Сабақ мақсаты

әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтайды

Бағалау критерийі

«Сарыарқа» өлеңінің сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтайды

Тілдік мақсаттар


Сөздер мен сөз тіркестер: Зар заман, толғау, жан күйзелісі

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

менің ойымша....,

мен оны былай түсіндіремін.....,

себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын....,

мәселенің шешеу жолдарын ұсынар болсам,....,

қорыта келе,.......



Құндылықтар

Туған жер, отаншылдық, ақиқат

Пәнаралық байланыс

Тарих, география, этнография

Алдыңғы білім

Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі

Сабақ барысы

Жоспарлан ған сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

1-2


3-8

Ұйымдастыру

Психологиялық тренинг

«Тазару» жаттығуы

Терең дем алып , демді барынша қайта шығарыңыз . Денеңізді босатыңыз . Өзіңізге былай деңіз : Мен  өмір сүруіме кедергі келтіретін барлық өкпе , реніштен тазарғым келеді . Мен барлық қысымнан осылайша босаймын . Барлық ескі реніш , өкпелерден құтылғым келеді . Мен жанға рахат жайбырақаттылықты сезінемін . Мен өз қалпымдамын . Өз өмірімнің ағынымен барамын. Бірақ өкпені ұмыттым , кештім

Топқа бөлу

Сынып 1-2-ге саналып, 2 топқа бөлінеді

1-топ:

2-топ:


Қызығушылықты ояту

«Ақпарат жинау» әдісі

Оқушылар бәрі орнынан тұрып сынып кезіп бір-бірінен ақпарат жинайды.

Толғаудың не жайында, авторының қандай ақын екені жайлы пікір бөліседі

Оқушылар бір-біріне керек ақпаратты айтып береді.



Ақпараттар:

Ақынның өзі, батырлар, жыраулар, қалалар, өзендер, тұрмыс-тіршілік, төрт-түлік мал түрлері, заман, жер-су атаулары, т.б. туралы.

Оқушы ойларын қорытындылау

Сарыарқа Қазақстанның қай бөлігінде?

Неге Сарыарқа аталған?

Картадан Сарыарқа аймағын көрсетеді.

Қалыптастырушы бағалау

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты талқыланады, таныстырылады.





Сабақтың ортасы

9-19

20-31


32-35


1-тапсырма: «Сарыарқа» өлеңінің шығу тарихына тоқталу

Оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы талқылап шығады.



2-тапсырма. Оқырман пікірі

Топтарда оқушылар толғауда қайғылы болып табылатын ерекше эпизодтарын талқылайды.

Оқушылар ұлт трагедиясының сипаты бар сөздерді анықтайды.

1-топ:

Ақын ойы

Менің ойым

Әуелі жеңіп орыс Еділді алды,

Сарытау, Аштарханның жерін де алды.

Артынан Еділден соң Нарынды алды,

Тоғайдың ағаш, қамыс, талын да алды.

Ар жақтан Қайыпалды, Науша қашып,

Тарлықтың содан бері қаптағаны.

Тәмамы, су мен нуды орыс ұстап,

Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны.

Қуалап Исатайды өлтірген соң,

Заманның содан бері тарылғаны.

Ойды алды үш Оймауыт, тоғыз Тортай,

Кең қоныс мұсылманға қалынбады.

Үш қиян – жеті жұртты тоздырған жер,

Жер үшін қайыры жоқ тарылмалы.

Шекшекей, Құтым қашып, Әбенді ұстап,

Ерлерге ерегіскен не қылмады?!

Бір қазақ еркек болса Махамбеттей,

Мұны да аңсыз күні жазымдады.

Замана, қауіп етем, қырланғаннан,

Қазақты айналдырды Сырды алғаннан.

Ақыртып асау таудай Орал суы,

Кешегі Бекқожа мен Тұрланды алған

Әуелі жеңіп орыс Еділді алды,

Сарытау, Аштарханның жерін де алды.

Артынан Еділден соң Нарынды алды,

Тоғайдың ағаш, қамыс, талын да алды.

Ар жақтан Қайыпалды, Науша қашып,

Тарлықтың содан бері қаптағаны.

Тәмамы, су мен нуды орыс ұстап,

Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны.

Қуалап Исатайды өлтірген соң,

Заманның содан бері тарылғаны.

Ойды алды үш Оймауыт, тоғыз Тортай,

Кең қоныс мұсылманға қалынбады.

Үш қиян – жеті жұртты тоздырған жер,

Жер үшін қайыры жоқ тарылмалы.

Шекшекей, Құтым қашып, Әбенді ұстап,

Ерлерге ерегіскен не қылмады?!

Бір қазақ еркек болса Махамбеттей,

Мұны да аңсыз күні жазымдады.

Замана, қауіп етем, қырланғаннан,

Қазақты айналдырды Сырды алғаннан.

Ақыртып асау таудай Орал суы,

Кешегі Бекқожа мен Тұрланды алған





2-топ:

Ақын ойы

Менің ойым

Базарбай, Қабыршақты, Кенен, Құрмас,

Адыра, құдық еді суы сырлас.

Ат мініп, алма мойын, ақ үй тігіп,

Демеңіз әлі де біз де кеңес құрмас.

Байұлы он екі ата жұтаса да,

Сарсылтып бұ секілді біздей қылмас.

Сөзіме жаман кісі түсінбейді,

Анайы ер түсінер сөзге мұңдас

Тайсойған, Орал бойы өскен жерім,

Кіндігім, кірім жуып, кескен жерім.

Құрбымен жағаласып бірге жатып,

Жарты құрт тату күнде жескен жерім.

Тайсойған, Орал бойы өскен жерім,

Қызығын дәулетінің білген жерім.

Ат мініп, мырзалардан нар жетелеп,

Қызылын әуестікке киген жерім.

Қиғаш қас, оймақ ауыз, бал тамақты,

Күнінде асаулықтың сүйген жерім.

Қой сойып, үй басына, ойын қылып,

Жиылып жүруші еді қыз бен келін.

Шалқыған тасқын судай көңілін басып,

Біреуге пенде болды кербездерім!

Төртқұдық, Тұзжағасы, Алдаберген –

Қайран жұрт қонушы еді көлденеңнен.

Халқымның әр аулына түскен қонақ,

Жылқыдай болушы еді көлге келген.

Әр уақыт елімді айтып зарығамын,

Сағынып қайран жұртты шөлдегеннен





3-тапсырма. Қолдану

«Жырдағы қазына»

1-топ: жырдағы тұлғаларды теріп жазу

2-топ: жырдағы жер-су аттарын теріп жазу
4-тапсырма: Талдау

Үш қиян

Ұқсастығы

Сарыарқа










Өздік бағалау.

Оқушылар сабаққа дейін және сабақтан кейінгі көңіл-күйлері мен білімдері туралы ойланып, кестені толтырады.





презента


ция

Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия «Бес бармақ» әдісі






Үй тапсырмасы

Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі бойынша жазылған зерттеу жұмыстарын оқу;



Әдеби сын жазуға дайындалу.




Дифференциацияны, берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай міндеттемелер қоясыз?


Сіз оқушылардың сабақ барысындағы білім деңгейін Бағалау үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз?

Техника қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау



Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.


Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдалан ыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары.

Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтау

өлең мәтінін қайта қарайды

керек ақпаратты айтып береді

«Үш қиян» және «Сарарқа» өлеңдеріндегі қарама-қайшылықты анықтайды

алдыңғы алған ақпаратты пайдаланады

автор көзқарасын талдайды

ерекше эпизодтарын талқылайды.

«Үшқиян», «Сарыарқа» толғауларын салыстырып жазады

Өз ойларын жеткізеді





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет