Идеализм философиялық бағыт ретінде платондық Грецияда және Ортағасырларда үстем болды, қазіргі АҚШ-та, Германияда, Батыс европаның кей елдерінде кең тараған
Идеализм философиялық бағыт ретінде платондық Грецияда және Ортағасырларда үстем болды, қазіргі АҚШ-та, Германияда, Батыс европаның кей елдерінде кең тараған.
Философиядағы негізгі полярлы бәсекелес бағыттар – материализм, идеализммен қатар, аралық (конформистік) ағымдар (дуализм,деизм) да бар.
Дуализмнің негізін қалаушы Декарт болды. Дуализмнің мәні мынада:
Бір-біріне тәуелді екі – материалды және рухани – субстанция бар.
Материалды субстанция дәйектілікке (протяженность) ие, ал рухани субстанция – ойлау қасиетіне ие.
Дүниедегінің бәрі осы аталған екі субстанцияның туындысы (модусы): материалды заттар-материалды субстанциядан, идеялар – идеалды субстанциядан туындайды.
Адамда осы екі – материалды және рухани – субстанциялар қатар және бірдей.
Материя және сана (рух) – біртұтас болмыстың қарама-қарсы және өзара байланысты екі жағы.
Философияның негізгі сұрағы (“не бірінші – материя ма, әлде сана ма?”) деген жоқ, өйткені материя мен сана бірін-бірі өзара толықтырады және әрдайым бірге өмір сүреді деп санайды.