Философияның пәні мен әдісі, негізгі бөлімдері, қызметі және негізгі бағыттары



бет34/67
Дата05.04.2023
өлшемі166,35 Kb.
#79509
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   67
Мейірімділік, жақсылық (добро) – этиканың орталық категориясы. Бұл категорияның қосарлы екендігін айтар болсақ, онда қатыгездік, жамандық, зұлымдықты (зло) еске аламыз. Ең абстрактылы деңгейде мейірімділік пен зұлымдықты адамгершілік пен адамгершіліксіз айуан-дықтың баламасы деуге болады.
Ар-намыс, ұят-абырой. Бұл ұғымдардың бір-бірімен тығыз байланыстылығы соншалық, оларды бөліп-жарып қарастырудың өзі қиын. Ұлы неміс философы Канттың жүрек тебірентерлік мынадай ой жолдары бар: «Бұл әлемде өзінің шексіздігі мен ғаламаттылығы тұрғысынан адамдарды таңдандырар тек екі нәрсе бар: төбемдегі мәңгілік шексіз жұлдызды аспан және менің ішкі жан дүниемдегі адамгершілік заңы».
Абырой – адамның өз іс-әрекеттерінің тиесілі деңгейінде, яғни, адамгершілік мұраттарына сәйкес келуінен пайда болатын өзіндік жеткіліктілік. Ар-намыс арқылы адамның өз қылықтарын парыз, міндет, тиесілілік тұрғысынан бағалай білетіндігі көрінеді. Адамның парызы сияқты ар-намысы да өзіндік, ешкімге тәуелсіз дүние.
Ұят деп адамның өзінің қоршаған ортасында қалыптасқан ортақ нормаларға немесе қауымның өзінен үміттенген биіктеріне сай келмегендігін сезінуден туындайтын қолайсыздық дүние. Мысалы, ұжым алдында сол ұжым (қоғам) басшысы қолында бар билiктi пайдаланып, асыра сiлтеп қарамағындағылардың бiреуiн масқаралап, жамандап жатса кез-келген адамды қолайсыздық күйге түсiрiп, арты қайғы-мұңға апаруы мүмкiн.
Күнә мен қателiк. Жалпылық тұрғысынан алғанда адамға күнәлi болған жарасымды. Күнәсiз жер бетiнде адам жоқ та шығар. Күнәдан тыс жүру адам баласына бұйырмаған сияқты. Күнә тек есi дұрыс, саналы ересек адамға қатысты айтылады. Сәби мен ақыл-есiнен ауысқандарда күнә болмайды. Сондықтан, олар заң жүзiнде жауапқа тартылмайды.
Күнә санаға байланысты, сана мен күнә – бiрiнсiз-бiрi болмайтын ұғымдар. Сана деген – дерексiз ұғым, ал, күнә саналыққа, яғни, танымға қатысты.
Күнә таным болған жерде жүредi. Мысалы, Адам-Ата мен Хауа-Ана туралы аңызды алсақ, олардың жұмақтан қуылуының басты себебi: жеуге болмайтын жемiстi жегеннен кейiн дүниеге көздерi ашылып, бiр-бiрiнiң жалаңаш екенiн байқап қалғандығы едi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет