Философияның пәні мен әдісі, негізгі бөлімдері, қызметі және негізгі бағыттары


Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және «Рухани жаңғыру» жобасы



бет67/67
Дата05.04.2023
өлшемі166,35 Kb.
#79509
түріЛекция
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
2. Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және «Рухани жаңғыру» жобасы
Ел ретінде іргесі бекіп, әлемдік мойындалудың биігіне көтерілген Қазақ Елі өз дамуының жаңа кезеңіне өткені – тарихи ақиқат. Елбасы Н.Ә.Назарбаев соңғы Жолдауында ел тарихының жаңа дәуірі басталғанын айта келіп, Қазақстанның үшінші жаңғыруын жариялаған болатын.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» – Қазақстан жұртшылығына ұсынып отырған Қазақстан Президентінің жаңа дәуір кеңістігіндегі ел тағдырын анықтап, мемлекетіміздің дамуын тануға, бағыт-бағдарын белгілеуге жаңа кеңістік ашар үшінші жаңғыру дәуірінің іргелі тарихи құжаты екеніне көзіміз жете түсті. Айтулы тарихи құжат негізінен жаһандану жағдайында ұлттық мемлекет құрудың сыры мен сипатын жан-жақты талдай отырып, ХХІ ғ. ұлттық сананы сақтау мен өрістетудің нақты жолдарын ұсынады. Әр заманның ұрпаққа қояр өз талабы, өз міндеті бар. Ел мәдениетінің, мемлекеттің жүйелі түрде дамуы ұрпақтың уақыт талабына икемделуінсіз жүзеге асқан емес. Ұлттың тарихи санасының қалыптасу негіздерінің өзінде уақыт талабына бейімделу, мәдени ортаны қалыптастыруға деген ұмтылысы жатыр. Рухани жаңғыру идеясы ата мекенмен ұлттың бір болуын, үнемі ұрпақ пен туған жердің байланысуын, адам мен табиғаттың тұтастығын негіздейді.
Рухани жаңғыру – кемел келешек кілті. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған айрықша міндеттерді халыққа насихаттау бойынша елімізде игі шаралар атқарылуда.
Дін істер басқармасының ұйытқы болуымен өтіп жатқан «Рухани керуен» жобасы бойынша Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясындағы «Рухани Керуен» жобасын насихаттау мақсатында зиялы қауым өкілдерінен топ құрылып, өз жұмысын бастап жүргізуде. Шымкент қаласынан бастау алған «Рухани керуен» жобасы табиғаты тамылжыған өңір Түлкібас ауданында болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша мәдени-тарихи ескерткіштер зерделеніп жатқаны белгілі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет