Философияның пәні мен әдісі, негізгі бөлімдері, қызметі және негізгі бағыттары


Танып-білудің алғашқы негізі ретінде «жан» туралы идея ежелгі заманнан келеді



бет10/67
Дата05.04.2023
өлшемі166,35 Kb.
#79509
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67
Танып-білудің алғашқы негізі ретінде «жан» туралы идея ежелгі заманнан келеді: түс көру, талып қалу, өлім барысын, түрлі таным және эмоциялық ырықтың процестерін табиғи себептермен түсіндіре алмағандықтан, адамдарда әрқашан жалған көзқарас көп болды. Ұйқы кезінде жанның денені тастап, түрлі жерлерде болуы – періштелер мен жын шайтандарды «көріп» қорқу, бірдемелерге сену әсерінен туатын осы құбылыстар шынайы өмір сүреді деп есептелді. Алғашқы грек философтары космостың өзін тірі организм – адамнан тәуелсіз, өзінше өмір сүреді деп санаған. Сана тікелей ғарыштың нәтижесі, бірыңғай, өзінің мәнінде бүтін, бөлінбейтін, Құдайдың ақылына байланысты туады деп есептелді.
Ойлаудың тілмен тығыз бірлікте болатынын ойлау формаларының бірі – пайымдаудың сөйлеммен байланысынан да көруге болады. Тілдің тіл болуы үшін ең қажетті фактор – ойлау, пайымдау екені белгілі. Адамның ми қабатында жинақталған ой тіл арқылы сыртқа шығады, сөйлеу арқылы неше мәрте айтылса да белгілі бір сөйлеу жүйесіне бағынбаса, түсініксіз болады. Ой тілге әсер етеді, тіл сөзге әсер етеді, сөзден сөйлеу пайда болады.
Тіл-тұрақты және ұзақ өмір сүретін процесс, ал сөйлеу – тұрақсыз және жиі өзгеріп отырады. Тіл адамның миымен, санасымен бірге өзі қалыптасатын үдеріс, ал сөйлеу әркімнің өзі дамытып отыратын үдеріс.
Тіл – псикалық құбылыс, ал сөйлеу – психофизикалық құбылыс. Осылайша, тіл мен сөйлеудің ара жігін ажырата келіп, олардың өзара тығыз байланысты екенін де атап өтеді.

7-шы лекция: Болмыс. Онтология және метафизика


Жоспар:
1. Болмыс және тіршілік. Онтология болмыс туралы ілім.
2. Болмыс және бейболмыс (Парменид, Зенон).
3. Болмыстың түрлері. Платон мен Аристотельдің философиясындағы болмыс мәселесі. Әл-Кинди және Ибн Рушд концепциялары.
4. Болмыс және Абсолют. Құдай – әлем қатынасы. Абай дүниетанымындағы Құдай және Адам мәселесі.
8-шы лекция: Философияның негізгі ұғымдары
Жоспар:
1. Диалектика және оның баламалары. Диалектиканың тарихи формалары.
2. Диалектиканың негізгі заңдары:
а) қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы;
ә) сан және сапа өзгерістерінің өзара ауысу заңы;
б) теріске шығаруды теріске шығару заңы.
3. Милет ойшылдарының натурфилософиясы және Скифтік Анахарсистің скептицизмі. Д.Юмның скептицизмі. И.Канттың классикалық агностицизмі. Г.Гегельдің диалектикалық методы және батыс еуропалық гносеологиясын-дағы оның маңызы.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет