Ғылыми танымның логикасы мен парадигмалары. Зерттеу құралдарына түрлі процедуралар, әдістер, тәсілдер, методикалар, жүйелер мен методологиялар кіреді. Бұл түсініктер төмендегі логикалық қатарды құрайды.
Әдіс – зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі. Процедура – белгілі бір операциялар жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы.
Тәсіл – күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше нысаналы әдістердің жиынтығы. Методика – бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер.
Методология – зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары жөніндегі білімнің жиынтығы. Жүйе – күрделі құбылыстар мен процестерді зерттеу үшін қажетті техникалық құралдар мен методикалардың жиынтығы.
Ғылым кумулятивті үрдіс деп аталатын тек қана фактілердің жай жиынтығы емес.Фактілерді әдетте гипотеза мен теориялар арқылы түсіндіруге тырысады. Олардың ішінде белгілі бір кезеңде парадигмаға айналатын жалпыға ортақ немесе фундаменталды теория болады.
2. Ғылымды білім, қызмет және әлеуметтік институт ретінде талдау Қазіргі уақытта әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар қоғамда болып жататын өзгерістердің бәрін түсіндіруге негіз болатын бірыңғай идеалды теорияның болмайтынына көз жеткізді. Теория мен практиканың ара қатынасы өзгерген сайын жаңа ұғымдар мен ұстанымдар пайда болып отырады. Әлеуметтік ғылымдар да, техникалық және жаратылыстану ғылымдары сияқты бірін-бірі толықтыратын методологияның көптігі жағдайында ықтималды білімге сүйенуге мәжбүр. Мұндайда әлеуметтік болжау, оқиғалар дамуының әр түрлі жолдарын алдын-ала білу өте қиынға соғады. Қазақстанның тарихи өліарада тұруы, әлеуметтік дамудағы қалып пен аномалияның, яғни ауытқудың өзара қарым-қатынасының күрделілігі назарға алынады.
Қоғамның XXI ғ. даму қарқынында белгісіздік пен күтілмеген іс-әрекеттер қатары көбейе түскен сайын әлеуметтік гармонияға апаратын жолды көрсету қиындай түскені рас. Соңғы кезде жиі айтылып жүрген синергетикалық принциптер тұрғысынан қоғамдық өмірді зерттеу өзекті мәселеге айналуда.
Көптеген ғалымдардың қазіргі уақытта ең маңызды мәселе – әлеуметтік технологиялар деуі бекер емес. Өйткені техникалық және жаратылыстану проблемаларына қарағанда әлеуметтік мәселелер әлдеқайда күрделі.