Философияның пәні мен әдісі, негізгі бөлімдері, қызметі және негізгі бағыттары



бет26/67
Дата05.04.2023
өлшемі166,35 Kb.
#79509
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   67
Оның негiзгi белгiлерi:
1) мәңгi – әлем болды, бар және бола бередi; ол өзi өзiн қайта тудырып отырады;
2) шексiз – әлемнiң шетi де, шегi де жоқ;
3) бiртұтас – әлемнiң бiртұтастығы оның формаларының көп түрлiгiнде, бiрақ, олар жеке-жеке емес, өзара байланыста, белгiлi бiр бiрлiкте, тұтас дүние құрамында екендiгiнде;
4) дүниеде бәрi тең өмiр сүредi – табиғат, қоғам, адам, ойлар, идеялар, олардың бәрiне ортақ нәрсе – олардың «бар» екендiгi, өмiр сүрiп отырғандығы, өмiр сүру түрлерi әр қилы болғанымен олар бар болуы арқылы шексiз де тұрақты дүниенiң тұтас бiрлiгiн құрайды;
5) өзгермелiгi – дүниеде бар болатынның бәрi үнемi үздiксiз қозғалыста, өзгерiсте болуы;
6) объективтiлiгi – айнала қоршаған әлем адам санасына тәуелсiз бола тұрып, бұл дүниенiң өмiр сүруiнiң iштей логикасы бар, ол адам санасында нақты бейнесiн таба алады.
Болмыс – объективтi (материалды социо – табиғи дүние) және субъективтi (адамның психикалық күйлерi, оның санасы, оның рухани дүниесi) нақтылықтың бiртұтастығы.
Рухани болмыс (саналы, санасыз феномендер, олардың нәтижелерi идеялар, принциптер, нормалар мен ережелер, бiлiмдер және т.б.):
Индивидуалды рухани болмыс – жеке адамның рухани әлемi: психикасы, жүрiс-тұрысы, өмiр деңгейi, мамандық әрекеттерi, бiлiм деңгейi және т.б. Объективтендiрiлген немесе интерсубъективтi рухани болмыс – қоғамның рухани тәжiрибенi қамтитын қоғамдық сана, құлықтылық және эстетикалық құндылықтар.
Жалпы айтқанда, болмыстың түрлерi материалды да, рухани да бола алады. Материя терминінің қалыптасуы бiрнеше этаптан өттi.
Бiрiншiсiнде, ол табиғат құбылыстарымен теңестiрiлдi (Гераклит – от, Фалес – су, Анаксимен – ауа). Бұл кезеңдi философияда қиялы материализм деп атайды.
Екiншi кезеңде, материя атомдармен пара-пар қарастырылып, заттар мен олардың қасиеттер жиынтығымен теңестiрiлдi. Материалды және түйсiктер арқылы танылады (Демокрит). Материяның атомистiк моделi натурфилософия мен жаратылыстану ғылымдарында кеңiнен қолданылып ХХ ғ. дейiн беделдi болды.
Үшiншiсiнде, механистiк және метафизикалық түсiнiк қалыптасты (Жаңа заманда – механиканы ең мүлтiксiз ғылымдардың бiрi деп есептедi). Декарт «материяны – дене субстанциясы» – деп түсiндi, оның жалғыз ғана қасиетi қашықтықта созылуы. Материя бөлiнбейдi, табиғатқа пара-пар, «универсум» – алыпты механизм, әртүрлi көлемдегi бөлшектер құдiреттi түрткi арқылы, механика заңдары бойынша айналмалы қозғалыста болады.
Төртiншi кезеңде, ХІХ-ХХ ғғ. физика дағдарысқа ұшырады. Бұл салада ашылған жаңалықтар (радиактивтiлiк құбылысы, рентген сәулесi, электронның бар екенiнiң дәлелденуi, электромагнит өрiсi, салыстырмалық теорияның ашылуы) материя түсiнiгiн өзгерттi.
Бесiншi кезеңде, б.з. ортасында жоғарыда айтылған барлық түсiнiктердi қамтитын материя туралы жаңа субстанционалды-аксиологиялық түсiнiк қалыптасты.
Материя – кеңiстiк пен уақытта өмiр сүрiп, қозғалыста болатын, сарқылмас көп қасиеттерi бар алуан түрлi объектiлер мен системалардың сансыз көп жиынтығы.
Материя – дүниенi адамның санасынан тыс, әрi тәуелсiз объективтi шындық деп қарайтын дүниетанымның түп қазығы, мән мағынасы болып табылатын, және сана арқылы бейнеленетiн әмбебап категория. Бұл анықтамада материяның негiзгi белгiлерi айқын көрсетiледi:
1) материя адам санасына тәуелсiз өмiр сүредi;
2) ол адам санасында бейнеленедi;
3) материя санаға қарағанда бiрiншi, бастапқы екендiгiн бiлдiредi;
4) материалдық дүниенi танып бiлуге болатындығын көрсетедi.
Материяның бұл түсiнiгi адамзат ақыл-ойының, ғылымның бүгiнге дейiн танып-бiлген объектiлердi ғана емес, сондай-ақ, болашақта ашылатын, танып-бiлiнетiн объектiлердi де қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет