Қоғамдық болмыстың әсерінен қалыптасатын адамдағы үшжақты мағына: 1. Жеке адам, пенде (индивид).
2. Индивидуальность (даралық, ерекшілік).
3. Тұлға, кісі (личность).
1. Жеке адам – жалпы адамзаттың өкілі. Көптің бірі ретінде адамға тиісті қасиетке, келбетке ие болуы керек.
2. Индивидуальность (ерекшелігі) – адамзаттық қасиеті дараланып көрінетін әрбір жеке адамның өзіне ғана тән дауысы, жүріс-тұрысы, білімі, бет-пішіні, бұл ерекшеліктері қайталанбайтын феномен.
Адам – таза қағаз емес, онда мәдениет өзінің жазуларын түсірген: ол тіршілік иесі, күш-қуаты, ақыл-ойы, сезіну-күйінуі бар және сонымен бірге нақты ұйымдасқан, сыртқы жағдайларды өзіне сәйкес өзгерте білетін жан.
3. Тұлға, Кісі (личность) - ержеткен, бұғанасы қатқан, ақылы толған, өз ісіне өзі жауап бере алатын, өзінің дүниеге көзқарасы бар адам. Кісі әлеуметтік іс-әрекет иесі ретінде өндірістің, қоғамдық қатынастың, қоғамдық сананың субъектісі болып табылады.
Тұлға – әртүрлі дәрежедегі қоғам топтарының да жауапкершілігін өзіне ала алатын кісі.
Жоспар:
1. Антропосоциогенез және адамның пайда болуы туралы діни, ғылыми және философиялық теориялар.
2. Адам бойындағы табиғи-биологиялық, психологиялық және әлеуметтік негіздердің бірлігі.
16-ші лекция: Философиядағы адамның өмірі мен өлімі туралы мәселе. Адам өмірінің мәні
Жоспар:
1. Адам болмысының категориялары: бақыт, сенім, өмір және өлім.
2. Адам, оның ажалдығы және ажалсыздығы. Өмірдің мәні – оның шектеулілігін ұғыну. Уақыт, мәңгілік және мақсат.
3. Қорқыт дүниетанымындағы мәңгілік өмір мәселесі және Қ.А.Ясауидың мистикалық дүниетанымы.
1. Адам болмысының категориялары «Болмыс» ұғымы – қоршаған әлемдi философиялық тұрғыдан танып бiлуде ең ежелгi, негiзгi және ең маңызды категориялардың бiрi. Болмыс түсiнiгiнiң арғы түбiрiнде «болу», «бар болу» деген мағынаның жатқаның аңғартуға болады.