Осындай ой-толғамдар дүниенiң өмiр сүруiнiң тұрақтылығы мен өткiншiлiгi туралы пiкiрлердiң өзара қарама-қайшы болуына әкелдi: 1) Парменид (б.з.б. 6-5 ғғ., Элей мектебiнiң негiзiн қалаушы, дүниенiң түпнегiзi от және жер деп есептедi, ең бiрiншi болып болмыс пен сана арақатынасын талқылады, екеуiн пара-пар деп түсiндi, «Табиғат туралы») болмыс пен бейболмысты қарсы қойды. Болмыс – бар болу, өмiр сүру, одан басқа ештене жоқ.
2) Парменидтiн замандасы Гераклид (Эфес қаласының тұрғыны, стихиялық материалист, диалектиканың негiзiн қалаушы, «бәрiнiн бастамасы от» дедi, оның бәрі қажеттiлiктен туады «дүниежүзiлiк логос» деп атады, «күрестi» барлық қарама-қарсылықтардың атасы, «Табиғат туралы» – фрагменттер) – керiсiнше, «болмыстың басты белгiсi оның қозғалыста және үздiксiз дамуда болуы» – дедi.
3) Платонда (б.з.б. 427-347 жж.) болмыс дегенiмiз – мәңгiлiк өмiр сүретiн, өзгермейтiн сана тектес рухани идеялар дүниесi. Идеялар – заттар мен құбылыстардың түп негiзi, оларды өмiрге келтiрушi, олар мәңгi, объективтi, материалды емес, кеңiстiк пен уақытқа тәуелсiз.
4) Жаңа заман философиясында болмыс категориясын «субстанция» категориясымен теңестiрген, болмыстың бiртектiлiгiн бiлдiретiн, жойылмайтың, өзгермейтiн субстрат, болмыстың негiзi. Бiр философияда ол – материалды, екiншiлерiнде – идеалды, ал, үшiншiлерiнде – материалды да, идеалды да.
5) Қазіргі заман философиясында болмыс категориясы әртүрлi талқыланады. Феноменология (Гуссерль) болмыс – сана арқылы танылатың заттар болмысы, мәннiң идеалды болмысы. Герменевтика да болмыс – бұл интерпритация, әртүрлi талдау, өйткенi, болмыс адамға тек болмысты түсiнуде ғана танылады.
Болмыс сөзiнiң әртүрлi мағынасын аңғартуға болады: а) болмыс – адамның санасынан тәуелсiз, тысқары өмiр сүретiн объективтi, материалдық дүниенi бiлдiредi;
ә) болмыс – бардың бәрiн, өмiр сүретiннiң барлығын – материалдық дүниемен қоса рухани дүниенi де қамтиды;
б) болмыс – бар болуды, өмiр сүрудi айқындап белгiлейтiн, реалды дүниенiң барлық түрлерiн қамтитын кең ауқымды философиялық ұғым.