2. Буддизм, христиан діні және ислам Будда дінінің пайда болуы. Тұңғыш әлемдік дін – будда діні б.д.д. VI ғ. көне Үндістанда пайда болды. Будда дінінің негізін салушы Сиддхартха Гаутама 567 ж. Оңтүстік Непалдағы ру басының отбасында дүниеге келді. Бала туғаннан соң жеті күннен кейін анасы дүние салады. Гаутаманың одан кейінгі өміpi, әcipece оның сырт дүниеден хабарсыз eтyi және әке сарайынан кетіп қалу ceбeптepi түрліше түсіндіріледі. Ол өзi ашқан төрт ақиқатты көпке жеткізуге асықты. Соңынан будда діни ілімінің негізіне айналған бұл «төрт ақиқат» мыналар: 1. Өмip деген – қасірет. Адамның өмірінің барлық кезеңдері – оның тууы, eceюi, қартаюы, өлуі – бәрі қасірет.
2. Адамдар бұл дүниеде рахат көрсем, бай болсам дейді. Қасірет себептері осында жатыр. Демек, адамның қасірет көpyi оның қанағатсыз тілектерінен.
3. Барлық дүниелік тілектерден толықбас тартып, нирванаға жеткенде ғана қасіреттен арылуға болады.
4. Нирванаға және құдіретті ақиқатқа «ортаңғы» немесе «сегіз түрлі» жолмен жетуге болады. Олар:
1) қасіреттің себептерін дұрыс түсіне білу;
2) дұрыс ойлай білу;
3) сөзді дұрыс құру;
4) дұрыс әрекеттер жасау;
5) салауатты өмip сүру (кici өлтірмеу, ұрлық жасамау, ешкімге зиян келтірмеу, өтірік айтпау және т.б. адамшылық қасиеттерді сақтау;
6) адал еңбек ету,
7) iзгi нәрселерді ойға сақтау,
8) дене күші мен психиканы дұрыс арнаға сала білу.
Гаутама осы ақиқаттарымен көптің ортасына келді. Ол өз ілімін тыңдаушыларының сөзсіз толық қабылдауын ешқашан міндет еткен жоқ. Ұстаздың тәліміне әрқашан шәкірттің қабылдау қабілеті сай келіп отырды. Осыдан оның ілімін таратудың «үш дәрежесі» туралы түсінік орнықты.
Шамамен қырық жылдай созылған уағыз жолының соңына таяғанын сезгенде Будда пікірлестері мен шәкірттерін жинап алып, оларға мынандай өсиеттер қалдырды: - ақымақ пен топастардың ең үлкен дұшпаны солардың өздері, өйткені зұлымдық істер қылып, соның ащы дәмін өздері татады;
- қасық ешқашан астың дәмін білмейді, дәл осы тәрізді ақылсыз адам да ғұмыр бойында данышпанның қасына ере жүріп, Ақиқаттан мақұрым өтуі мүмкін;
- әрекеттің үш түрінің ішіндегі ең залалдасы сөз де емес, дене қимылымен болатын әрекет те емес, ой әрекеті;
- бірдей қателік жасаған екі адамның нашары – өз қателегін түсінбегені. Кінәсіз екі адамның жақсысы – өзінің бейкүнә екенін сезіне білгені;
- егер қолың жаралы болмаса, онымен у ұстауға болады. Удың жарадан аман денеге зақымы жоқ. Кімде-кім өзі залымдық жасамаса, залымдықтан оған келер залал жоқ;
- кімде-кім жасаған қиянатын жақсылық жасап ақтаса, сол адам бұлт астынан шыққан ай тәрізді дүниеге сәуле түсіреді.
Будда дінінің адам нирвана дәрежесіне дейін көтерілетін жетілу жолын кейде «ізгілік жолы» деп те атайды.