Философияның пәні мен әдісі, негізгі бөлімдері, қызметі және негізгі бағыттары



бет60/67
Дата05.04.2023
өлшемі166,35 Kb.
#79509
түріЛекция
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   67
Байланысты:
Ôèëîñîôèÿíû? ï?í³ ìåí ?ä³ñ³, íåã³çã³ á?ë³ìäåð³, ?ûçìåò³ æ?íå íåã

Будда дінінің негізгі бағыттары. Тарихи деректерге қарағанда, Будда өлген соң бір ғасырдан соң монахтар жиынында буддизмнің тапжылмас негіздері, принциптері мен дін ережелері жасалды. Будда ізбасарлары арасында осы мәселелерде пікір қайшылығы туып, будда дінінің екі бағыты пайда болды.
Хинаяна діни ілім мен ғұрыптардың мызғымастығын жақтады. Махаяна оған қосымшалар енгізуді, буддизмге кеңірек және еркінірек түсіндірме беруді қолдады. Бұл мәселелер дінбасыларының сангити аталатын басқосуларында бұдан кейін де талқыланып отырды. Солардың ішінде алғашқы жиыннан соң жүз он сегіз жылдан кейін Маурья әулеті тұңғыш жалпыүнділік мемлекеттік құрған кезде өткен жиынның буддизм тарихында елеулі орны болды.
Махаяна немесе «солтүстік будда діні» негізінен Қытай, Жапония, Корея, Непал, Бутан территорияларында, бертінеректе ламаизм түрінде Монғолияда, Тибетте, Бурятия мен Жонғарияда орнықты. Махаянаның хинаянадан негізгі айырмасы мынадай: махаяна Будданы ұстаздан гөрі Құдай бейнесінде мойындайды; махаяна жұмақ және тамұқ туралы ілімді одан әрі дамытады.
Россиядағы будда діні. XVII-XVІІІ ғғ. монғол және тибет ламалары солтүстік будда дінін буряттар мен тувалықтар арасында белсенді тарата бастады. Сібірде бірқатар дацандар (монастырь) салынды. Бурятияның шығыс бөлігі тұтасымен будда дінін қабылдады.
Христиандықтың пайда болуы. Христиандық – I ғ. пайда болған әлемдік дін, оның аты да, басталуы да Палестинаның солтүстігіндегі Галилеядағы Назарет деген шағын қаладан шыққан діни ұстаз және уағызшы Иисустың (еврейше – Иешуа, арабша – Ғайса) есімімен байланысты. Ол өзінің Христос есімін Құдайдың жер бетіне жіберген елшісі, мессия ретінде алған («Христос» – көне еврей тіліндегі «Машиахтың» – грек тіліндегі «Мессияның баламасы»).
Бекітілген догматтар мынадай:
1. Құдайдың бірлігі (монотеизм).
2. Құдайды дүниені жаратушы деп тану (бұл ілім «креационизм» деп аталады, латын тілінде «жарату» деген мағына береді).
3. Ғайсаның Құдай дағуасын мойындау, оның тұтастығын, яғни, Құдай-Әкемен толық теңдігін және жаратылмағандығын, яғни, мәңгілігін мойындау.
4. Құдай ұлының дүниені жаратуға қатысуын мойындау.
5. Ғайсаның адам бейнесінде болуы, оның Қасиетті Рухтан жаралып, Бейкүнә Мариамнан тууы.
6. Ғайсаның құтқару үшін келгендігі, атап айтқанда, оның адамдарды құтқару үшін азап тартып, өлуі.
7. Ғайсаның азап тартуы мен өлуінің шындығы.
8. Ғайсаның жер үстіндегі ғұмырын нақты тарихи дәуірмен байланыстыру («Понти Пилат кезінде»).
9. Ғайсаның тіріліп, көкке шығуы.
10. Ғайсаның екінші оралуы, оның тірілер мен өлілерді таразылауы, шексіз патшалық құруы.
11. Қасиетті Рухтың Құдайдан екендігі, оның Әкеден таралуы (католиктерде – сонымен бірге Ұлдың өзінен де).
12. Інжіл пайғамбарларының Қасиетті Рухпен шабыттануы.
13. Шіркеудің тұтастығы, қасиеттілігі, даралығы және елшілерден (апостол) басталуы.
14. Тазарудың (шоқынудың) қажеттілігі.
15. Өлгендердің тірілуі және мәңгілік жасау.
Осымен бірге Бірінші соборда дін уағызшысы Арийдің Ғайса өзінің құдіреттілігі тұрғысынан Әке-Құдайдан кейін тұр деген ілімі ересь (грек тілінде – жалпы шіркеулік көзқарасқа жат діни ілім) деп жарияланды. Бірегей христиан діни ілімнің жүйесін жасауға кедергі ересьтер одан кейінгі соборларда да әшкереленді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет